"Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 863 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 18.09.2019 № 163 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау кызметі туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Сырбар" қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, нақты және шартты атаулары, мемлекеттік тілде жазылған өзінің атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Сырбар" қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартты атауларымен өкілдік етеді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. "Сырбар" қызметінің іс-қимылын қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. "Сырбар" қызметінің миссиясы:

      барлау ақпаратына қол жеткізу, өңдеу және пайдалану жөнінде барлау қызметін жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекет жүзеге асыратын шараларды іске асыруға жәрдемдесу және қатысу.";

      15-тармақта:

      (өте құпия);

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) "Сырбар" қызметі директорының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы барлау және өзге де жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде, осы қызметтің нәтижелері көрсетілетін материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпарат көздерін құпиясыздандыруға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдану;";

      16-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару, арнайы құралдар мен дене күшін қолдану;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды, арнаулы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпараттың техникалық арналар арқылы таралып кетуінен қорғау құралдарын, оларды бағдарламалық қамтамасыз етуді, қару-жарақты және жарақтануды әзірлеу, сатып алу, жасау (криптографиялық қорғау құралдарын қоспағанда), іске қосу және пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмыстарын ұйымдастыру. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және меншік нысанына қарамастан ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басқа да күштерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу. "Сырбар" қызметінің Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасасу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалады, ал меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының ұйымдарымен - келісімде белгіленеді;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) өзінің қызметкерлерінің және "Сырбар" қызметіне жасырын көмек көрсететін адамдардың жеке басын, бөлімшелердің, объектілердің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін бүркемелеу мақсатында, дайындау және (немесе) ресімдеу тәртібін "Сырбар" қызметі директоры айқындайтын басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде пайдалану үшін дайындау және ресімдеу;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) осы тармақтың 14) тармақшасында көзделген мақсатта мемлекеттік органдарға және меншік нысандарына қарамастан ұйымдарға құжаттардың және қызметтік куәліктердің бланкілерін, оларды толтыру үлгілерін "Сырбар" қызметіне беру туралы орындалуға міндетті сұрау салулар жолдау;";

      20-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Сырбар" қызметінің департаменттері мен оларға теңестірілген бөлімшелерінің бастықтарын Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) "Сырбар" қызметі басқармаларының бастықтарын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;";

      мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-2) белгіленген тәртіппен "Сырбар" қызметінің бөлімшелерін орналастыру (қайта орналастыру) туралы шешім қабылдайды;";

      (өте құпия);

      (ете құпия);

      (өте құпия);

      2) (өте құпия).

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 марта 2009 года № 773 "О некоторых вопросах Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар"

Указ Президента Республики Казахстан от 25 июля 2014 года № 863. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 18 сентября 2019 года № 163

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 18.09.2019 № 163.

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 17-1 Конституционного закона Республики Казахстан от 26 декабря 1995 года "О Президенте Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 26 марта 2009 года № 773 "О некоторых вопросах Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар" следующие изменения и дополнения:

      1) в Положении о Службе внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар", утвержденном названным Указом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Служба "Сырбар" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет действительное и условные наименования, печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Служба "Сырбар" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени либо с условными наименованиями в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Финансирование деятельности Службы "Сырбар" осуществляется из республиканского бюджета.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Миссия Службы "Сырбар":

      осуществление разведывательной деятельности по добыванию, обработке и использованию разведывательной информации;

      содействие и участие в реализации мер, осуществляемых государством в интересах обеспечения национальной безопасности Республики Казахстан.";

      в пункте 15:

      (совершенно секретно);

      подпункт 14) изложить в следующей редакции:

      "14) участие в обеспечении защиты государственных секретов в загранучреждениях Республики Казахстан в пределах своей компетенции;";

      дополнить подпунктом 20-1) следующего содержания:

      "20-1) принятие необходимых мер по обеспечению конспирации при осуществлении разведывательной и иной оперативно-розыскной деятельности, при реализации материалов, отражающих результаты этой деятельности, а также недопущению рассекречивания источников информации путем распорядительной деятельности Директора Службы "Сырбар" или уполномоченного им должностного лица, обеспечивающей ограничение доступа к материалам оперативно-служебной деятельности до их облечения в гласную форму, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      в пункте 16:

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) применять оружие, специальные средства и физическую силу в соответствии с законами Республики Казахстан;";

      подпункт 9) изложить в следующей редакции:

      "9) разрабатывать, приобретать, создавать (за исключением криптографических средств защиты), эксплуатировать и использовать информационные системы и информационные ресурсы, специальные технические средства, системы связи, сети телекоммуникаций специального назначения, системы передачи данных, средства защиты информации от утечки по техническим каналам, программное обеспечение к ним, вооружение и оснащение, организовывать шифровальную и дешифровальную работы. Заключение в этих целях договоров, контрактов с государственными органами и организациями Республики Казахстан независимо от форм собственности, со специальными службами и с организациями иностранных государств;";

      подпункт 13) изложить в следующей редакции:

      "13) взаимодействовать с другими силами обеспечения национальной безопасности Республики Казахстан, а также с государственными органами и организациями Республики Казахстан. Порядок взаимодействия Службы "Сырбар" с заинтересованными государственными органами Республики Казахстан определяется совместными нормативными правовыми актами, а с организациями Республики Казахстан независимо от форм собственности устанавливается соглашением;";

      подпункт 14) изложить в следующей редакции:

      "14) изготавливать и оформлять документы других государственных органов, а также организаций независимо от форм собственности для использования за пределами Республики Казахстан в целях зашифровки личности своих сотрудников и лиц, оказывающих конфиденциальное содействие Службе "Сырбар", ведомственной принадлежности подразделений, объектов, помещений и транспортных средств, порядок изготовления и (или) оформления которых определяется Директором Службы "Сырбар";";

      дополнить подпунктом 14-1) следующего содержания:

      "14-1) направлять в целях, предусмотренных подпунктом 14) настоящего пункта, в государственные органы и организации независимо от форм собственности обязательные для исполнения запросы о предоставлении Службе "Сырбар" бланков документов и служебных удостоверений, образцов их заполнения;";

      в пункте 20:

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) назначает на должность и освобождает от должности начальников департаментов и приравненных к ним подразделений Службы "Сырбар" в порядке, определяемом Президентом Республики Казахстан;";

      дополнить подпунктом 6-1) следующего содержания:

      "6-1) назначает на должность и освобождает от должности начальников управлений Службы "Сырбар";";

      дополнить подпунктом 6-2) следующего содержания:

      "6-2) принимает в установленном порядке решения о дислокации (передислокации) подразделений Службы "Сырбар";";

      (совершенно секретно);

      (совершенно секретно);

      (совершенно секретно);

      2) (совершенно секретно).

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

Президент


Республики Казахстан

Н. Назарбаев