Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 984 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада:
      «Мазмұны» деген бөлім мынадай мазмұндағы 2.15-тармақпен толықтырылсын:
      «2.15 Жергілікті қамту»;
      «Бағдарламаның мақсаттары, басымдылықтары, міндеттері мен принциптері» деген бөлімде:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар
      1) 2014 жылы ЖІӨ-ні 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 38,4 %-ға, номиналды мәнде - 26 трлн. теңгеге ұлғайту;
      2) 2015 жылға қарай шикізаттық емес сектордың ЖҚҚ өсімі нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 39,5 %-ды құрайды;
      3) 2015 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіптің өсімі нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 43,6 %-ды құрайды;
      4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 30 %-ға ұлғайту;
      5) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде (2008 жылдың салыстырмалы бағаларымен) кемінде 1,5 есеге арттыру;
      6) ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2008 жылғы деңгейден кемінде 10 %-ға төмендету.»;
      «Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары» деген бөлімде:
      «1. Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту» деген кіші бөлімде:
      «1.1 «Дәстүрлі индустриялардағы» өндірісті әртараптандыру» деген тарауда:
      «Тау-кен металлургиясы саласы» деген параграфта:
      «Нысаналы индикаторлар» деген бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
      Қара металлургия өнімдерін шығару құрылымы мен көлемін болжамдау:

р/с

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2008 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2008 ж. деңгей ге қарағанда %

1

Темірді тікелей қалпына келтіру жолымен алынған қайта балқытылған шойын

ИДМ

мың тонна

3195

3195

3195

3195

3195

3000

93,8

2

Болаттан жасалған жалпақ илем

ИДМ

мың тонна

2826

2900

2900

2900

2900

3100

110

3

Ақ қаңылтыр

ИДМ

мың тонна

174

174

174

174

174

85

48,8

4

Мырышталған темір

ИДМ

мың тонна

526

526

526

526

526

573

108,9

5

Полимер жабыны бар темір

ИДМ

мың тонна

58

58

58

58

58

78

134,4

6

Құбырлар

ИДМ

мың тонна

104

104

164

434

434

215,4

207,1

7

Ферроқорытпалар

ИДМ

мың тонна

1590

1620

1654

1654

1654

1700

107

8

Титан құймалар

ИДМ

мың тонна

-

-

-

-

-

16

-

      Түсті металлургия өнімдерін шығару құрылымы мен көлемін болжамдау:

Р/с

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2008 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2008 ж. деңгейге қарағанда %

1

Бастапқы алюминий

ИДМ

мың тонна

125

125

250

250

250

207

165,6

2

Катодты мыс

ИДМ

мың тонна

398,4

398,4

433,4

473,4

475

500

50,2

3

Катодты алтын

ИДМ

кг

20825

20825

35825

35825

35825

43184

207,3

4

Өңделмеген мырыш

ИДМ

мың тонна

365,6

365,6

365,6

365,6

370

370

101

5

Қорғасын

ИДМ

мың тонна

105,8

105,8

105,8

205,8

205,8

205,8

195

»;

      «Химия өнеркәсібі» деген параграфта:
      «Нысаналы индикаторлар» деген бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Р/с

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Жаңа химиялық өнімдер түрлерінің өндірісі ұйымдастырылды

ИДМ

дана

-

-

5

5

5

6

2

Каустикалық сода

ИДМ

мың тонна

-

-

30

30

30

30

3

Хлор

ИДМ

мың тонна

-

-

9,6

9,6

9,6

10

4

Тұз қышқылы

ИДМ

мың тонна

-

-

45

45

45

44,5

5

Натрий гипохлориті

ИДМ

мың тонна

-

-

6,6

6,6

6,6

5

6

Минералды тыңайтқыштар

ИДМ

мың тонна

251,7

254

257

260

260

400

7

Химиялық шикізатты қайта өңдеу және байыту бойынша жаңа қуаттарды енгізу

ИДМ

дана

-

-

-

2

3

4

8

Күкірт қышқылы

ИДМ

мың тонна

997

997

1177

1177

2527

2350

9

Аммонит

ИДМ

мың тонна

-

-

-

15

15

15

10

Биопрепараттар және гуматтар (өсу стимуляторлары)

ИДМ

мың тонна

-

-

0,6

0,6

0,6

0,6

»;

      «Aтoм өнеркәсібі» деген параграфта:
      «Нысаналы индикаторлар» деген бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері     

Р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Уран өндіру көлемі

ЭМ

тонна

19449

21240

22320

23469

2

РФ аумағында изотоптарды бөлу жөніндегі қолданыстағы кәсіпорында уранды байыту

ЭМ

млн. ЖББ



0,3

2,5

3

Aтом саласының кәсіби кадрлармен қамтамасыз етілуі

ЭМ

Мамандар саны

100

100

100

100

  »;

      «1.2 Ішкі сұраныс негізінде салаларды дамыту» деген тарауда:
      «Машина жасау» деген параграфта:
      «Нысаналы индикаторлар» деген бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2011 ж.

1

Көлік машинасын жасау, оның ішінде:

ИДМ







1.1

жеңіл автомобильдер мен жинақтауыштар өндірісін оқшауландыру деңгейі

ИДМ

%


5

10

20

30

1.2

дизельді локомотивтер өндірісі

ИДМ

бірл.





42

1.3

жолаушы таситын вагондар өндірісі

ИДМ

бірл.





48

2

Ауыл шаруашылығы машинасын жасау, оның ішінде:

ИДМ







1.1

комбайндар өндірісі

ИДМ

бірл.

-

258

565

590

650

1.2

тракторлар өндірісі*

ИДМ

бірл.

1000

1000

1000

1000

1000

      Ескертпе: * жыл сайынғы жоспарланатын өндіріс»;
      «Фармацевтика өнеркәсібі» деген параграфта:
      «Нысаналы индикаторларда» бірінші тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. 2014 жылдың соңына дейін ішкі нарықты нақты мәнде 50 % отандық дәрілік заттармен қамтамасыз ету (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).»;
      «Нысаналы индикаторлардан» кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ):
      1) жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және жаңа фармацевтикалық кәсіпорындар салу;
      2) фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындарында «Тиісті өндірістік практика» халықаралық сапа стандарттарын (GMP) енгізу - кәсіпорындардың тиісті сертификаттар алуы;
      3) халықаралық стандарттарға (GMP) сәйкес қазіргі заманғы технологиялар базасында фармацевтикалық және медициналық өнімнің импортын алмастыру үшін жағдай жасау:
      2010 жылы 7 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді 7 шартқа қол қою, Бірыңғай дистрибьютор арқылы отандық өндірушілерден дәрілік заттар мен ММБ мемлекеттік сатып алу;
      2011 жылы медициналық техниканы отандық өндірушілерден мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
      4) саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету - тиісті сертификаттар алу.»;
      «Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру» деген параграфта:
      «Нысаналы индикаторлардан» кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ)
      1) цемент өндірісінде 2014 жылға қарай жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындарда цемент шығару жылына 7 млн. тоннаға жеткізіледі, цемент терминалдары салынады, жұмыс істеп тұрған цемент зауыттарын техникалық қайта жарақтау жүргізіледі және негізгі құралдардың тозу дәрежесі 30 %-ға дейін қысқарады;
      2) 2014 жылы керамика өндірісінде керамикалық плиткалар шығару жылына 5,5 млн. ш. метрге дейін жеткізіліп, жылына 200 мың тонна саз өңдейтін байыту комбинаты салынады;
      3) шыны өндірісінде жылына қуаты 140 мың тоннаға дейін шыны зауытының құрылысы басталатын болады;
      4) индустриялық құрылыста 2014 жылға қарай жылына жалпы қуаты 900 мың м2 тұрғын үй, 6 индустриялық құрылыс комбинаты салынатын болады;
      5) Ақтөбе, Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы 6 индустриялық құрылыс комбинаттарының айналасынан құрылыс материалдарын өндіретін (терезелер мен есіктер, ламинат, линолеум және т.б.) және қызмет көрсететін (жобалау-зерттеу, әрлеу және т.б.) кемінде 60 шағын және орта кәсіпорындар ашылады.»;
      «1.3 Экспорттық әлеуеті бар салаларды қолдау» деген тарауда:
      «Жеңіл өнеркәсіп» деген параграфта:
      «Нысаналы индикаторлардан» кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

р/с №

Атауы

Жауапты мемлекет тік орган

Өлшем бірлігі

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Салада жұмыспен қамтылғандар саны

ИДМ

адам

15932

13700

13800

13985

14270

14555

12700

2

Тоқыма өнімдері өндірісінің көлемі

ИДМ

млрд. теңге

24,7

13,5

13,7

13,8

14,0

14,4

20,0

3

Киім өндірісінің көлемі

ИДМ

млрд. теңге

11,6

11,8

12,2

12,6

13,2

20,2

4

Былғарыдан жасалған және оған жататын өнімдер өндірісінің көлемі

ИДМ

млрд. теңге

3,0

2,8

2,8

2,9

3,0

3,1

3

»;

      «Туристік сала» деген параграфта:
      «Нысаналы индикаторлардан» кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері (жауапты  мемлекеттік орган - ИДМ)
      Міндеттерді іске асыру қорытындылары бойынша мыналарға қол жеткізілетін болады:
      1) туристік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық кірісі 2015 жылға қарай 2008 жылғы деңгейден кемінде 12 %-ға ұлғаяды;
      2) 2015 жылға қарай туризм саласындағы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 2009 жылғы деңгейден 30 %-ды құрайды;
      3) туристік қызмет жыл сайын туристік индустрия объектілері құрылысының есебінен кемінде 10 %-ға өседі;
      4) 2010 жылы келушілердің болу мерзімінің ұлғаюы 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда - 5 %, 2011 жылы - 8 %, 2012 жылы - 10 %, 2013 жылы - 12 %, 2014 жылы - 15 % құрайды;
      5) келушілер санының ұлғаюы 2010 жылғы деңгейге қарағанда 2011 жылы - 210000, 2012 жылы - 225000, 2013 жылы - 370000, 2014 жылы - 390000 демалушыны құрайды;
      6) 2011 жылы туризм индустриясы саласында кәсіптік стандарт әзірленетін болады;
      7) туризм саласы үшін мамандар даярлау 2011 жылы - 1000 адамды, 2012 жылы - 1100 адамды, 2013 жылы - 1200 адамды, 2014 жылы - 1300 адамды құрайды;
      8) 2014 жылы гид-экскурсия жүргізушілерді даярлау және сертификаттау моделі әзірленетін болады, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қатысушылары мен қонақтары үшін кемінде 4 туристік топтама дайындалатын болады.»;
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттары» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Саланың дамуы Қазақстанның бәсекеге қабілетті туристік өнімін және жалпы маркетингтік стратегиясын қалыптастыруға, оның ішінде Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының ережелерін ескере отырып; туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамытуға; Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруды және оны өткізуді ескере отырып, туризм саласын дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға бағытталатын болады.
      Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы туризм индустриясының қазіргі заманғы инфрақұрылымын құру жұмысы жүргізілетін болады:
      күніне 2000-ға дейін адам қабылдау үшін Алматы қаласында Шымбұлақ тау шаңғысы курортын кешенді дамыту;
      Ақмола облысының «Бурабай» АЭА шекарасында туристік ойын-сауық кешенін салу, онда мынадай бағыттарда шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасалатын болады:
      1) сауықтыру, ойын-сауық саласында қызметтер көрсету, тамақтандыруды ұйымдастыру, қонақүй, экскурсиялық, ақпараттық, көліктік қызметтер көрсету;
      2) туризмнің мәдени-танымдық, экологиялық, іскерлік, спорттық және басқа да түрлері саласында қызметтер көрсету.
      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету
      Бәсекеге қабілетті туристік өнімді құру және жалпы маркетингтік стратегияны іске асыру шеңберінде мыналар жүзеге асырылатын болады:
      1) өңірлерде орналастыру үшін туристік орталықтар, кешендер мен объектілер салу;
      2) тау шаңғысы туризмі инфрақұрылымын құру;
      3) экологиялық туризмді дамытуды ынталандыру;
      4) саяси тұрақты мемлекеттердің азаматтары үшін визалық және тіркеу тәсілдерін, шекаралық бақылауды жеңілдету жұмысын жалғастыру;
      5) сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуды реттейтін заңнама және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
      6) туристік статистика және есептілік жүйесін жетілдіру;
      7) халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге және туристік іс-шараларға қатысу арқылы ішкі және сыртқы нарықта қазақстандық турөнімді ілгерілету.
      Туризм индустриясының бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру шеңберінде:
      1) Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының әкімдіктері жол бойындағы инфрақұрылым объектілерін салудың үлгі жобасын әзірлейді;
      2) «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында гольф-клуб салу және орналастыру үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру мәселесі пысықталатын болады.
      Белсенді демалу жағдайларын дамыту үшін Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер-жоспарында, сондай-ақ:
      1) Алматы қаласының маңында тау шаңғысы курорттарын дамытудың;
      2) Ақмола облысында Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың;
      3) Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» демалу аймағын дамытудың жүйелік жоспарларында көзделген жобалар іске асырылатын болады.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Туристік сала үшін 14 мамандық бойынша кадрларға деген сұраныс оларды жоғары оқу орындарында және 77 ТжКБ оқу орнында даярлау есебінен қанағаттандырылатын болады:
      1) Ақмола облысының «Бурабай» АЭА туристік ойын-сауық кешені және Алматы облысының «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенінің туристік базасы үшін кадрларға деген қосымша сұраныс (ойын-сауық персоналы, сауда-коммерциялық персонал) ТжКБ оқу орындарында және қысқа мерзімде даярлайтын оқу орталықтарында кадрлар даярлау есебінен толықтырылатын болады;
      2) «UNWTO-TedQual» туристік білім беру сапасын сертификат бойынша бір мемлекеттік ЖОО-ға аудит жүргізу және туризм индустриясы саласында кәсіптік стандарттарды әзірлеу жолымен туристік білім беру сапасын арттыру үшін жағдайлар жасалатын болады.
      Бәсекелестікті дамыту
      Туристер үшін қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында туристік операторларды ірілендіру үшін заңнамалық жағдайлар жасау қамтамасыз етілетін болады.
      Инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау
      Қазақстанда туризм саласын дамыту үшін:
      1) инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау;
      2) сырттан келетін және ішкі туризмді дамыту үшін әкімшілік формальдылықтарды жеңілдету;
      3) экотуризмді дамыту көзделетін болады.
      Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруды және оны өткізуді ескере отырып, туризм саласын дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру шеңберінде мыналар жоспарланады:
      1) Бурабай курорттық аймағын дамытудың жүйелік жоспарын ескере отырып, Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді жоспарына қажетті өзгерістерді айқындау және талдау жөнінде іс-шаралар өткізу;
      2) туризм саласы мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ осы курстар үшін бірыңғай оқу бағдарламасын жасау жөнінде жұмыс жүргізу;
      3) көрмеге қатысушылар мен қонақтар үшін жаңа туристік бағдарлар құру.»;
      «Бағдарламаны іске асырудың басты бағыттары» бөлімінде:
      «2. Басым секторлардың дамуын қолдаудың басты шаралары» деген кіші бөлімде:
      «2.4 Минералдық-шикізат кешенін дамыту» деген тарауда:
      «Нысаналы индикаторлар» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар
      1. 2014 жылы пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің қорын толықтыру пайызы (өсу бойынша, анықталған қорлардың өтелген қорларға қатынасы) - 50 %: 2009 жылы - 23 %, 2010 жылы - 25 %, 2011 жылы - 25 %, 2012 жылы - 30 %, 2013 жылы - 0 %, 2014 жылы - 50 % (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      2. Ауылдық елді мекендерді жерасты суларының қорымен қамтамасыз ету: 2009 жылы - 30,8 %, 2010 жылы - 30,8 %, 2011 жылы - 33,5 %, 2012 жылы - 43,2 %, 2013 жылы - 49,5 %, 2014 жылы - 57,3 % (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      3. 2015 жылға қарай Геологиялық ақпараттың деректер банкін 95 %-ға дейінгі көлемде толықтыру (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ)»;
      «Нысаналы индикаторлардан» кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірл.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Болжамды ресурстарды бағалау:

1.1

алтын

ИДМ

тонна

102,8

110

105

108

0

100,4

1.2

мыс

ИДМ

мың тонна

0,95

1

1

1

0

1.3

полиметалдар

ИДМ

мың тонна

4,95

6,1

3,6

6,1

0

5,2

2

Қорлардың өсімі:

2.1

алтын

ИДМ

тонна

10,161

10

1

13,5

0

 15

2.2

мыс

ИДМ

мың тонна

561,7

150

100

105

0

110

2.3

полиметалдар

ИДМ

мың тонна

0

0

0

115

0

120

3

Жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін ауылдардың саны

ИДМ

ауыл

-

52

0

341

216

4

Ірі елді мекендерді және топтық су құбырларын жерасты сулары қорымен қамтамасыз ету үшін жерасты сулары орындарының қорларын қайта бағалай отырып, оларды жете барлау

ИДМ

кен орны

2

4

12

0

35

 30

5

Геологиялық ақпаратты нөмірлеу

ИДМ

Тб

-

-

-

-

20

»;

      «2.10 Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» деген тарауда:
      «Нысаналы индикаторлар» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар

р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Халықаралық деңгейде танылған патенттердің саны 2015 жылға қарай 30-ға дейін

ИДМ

бірлік


5

5

10

10

2

Енгізілген жаңа технологиялардың және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің саны 2015 жылға қарай тиісінше 150-ге дейін және 110-ға дейін

ИДМ

бірлік


20

20

50

30

60

50

20

10

3





2015 жылға қарай инновациялық инфрақұрылым:

ИДМ

бірлік









салалық орталықтар - 2

ИДМ




1

1

конструкторлық бюролар - 3

ИДМ


1

1

1


технопарктер - 4

ИДМ


1

1

1

1

коммерцияландыру орталықтары - 70

ИДМ



9

15

21

25

4

кәсіпорынның инновациялық белсенділігінің деңгейі 2015 жылға қарай 10 %-ға

ИДМ

%

4,2

4,8

6,8

8,8

10

5

Ірі шетелдік компаниялармен бірлескен жоғары технологиялық өндірістер

ИДМ

бірлік

-

-

1

-

1

6

Инновациялық инфрақұрылым арқылы іске асырылған жобалардың саны:

ИДМ

бірлік






коммерцияландыру орталықтары

ИДМ


7

15

28

40

технопарктер

ИДМ

30

40

50

60

70

конструкторлық бюро:

ИДМ






сертификатталған өнім саны

ИДМ

5

10

15

20

1

сатып алынған конструкторлық құжаттама саны

ИДМ

6

8

8

10

2

әзірленген конструкторлық құжаттама саны

ИДМ

-

4

6

10

15

7

ЖІӨ-ден ғылымға және инновацияларға арналған мемлекеттік шығыстар, %-бен

ИДМ

%

0,28

0,4

0,6

0,8

1,0

8

ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі инновациялық өнім үлесін ұлғайту

ИДМ

%

0,51

0,6

0,7

0,85

1,0

9
 


Өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларға арналған шығындар

ИДМ

млн. теңге

31034

45000

60000

75000
 


98000
 


10

2015 жылға қарай елдің жалпы халқының 100 мыңына шаққанда инженерлік-техникалық персоналдың санын ұлғайту

ИДМ

%

-

База

1,0

2,0

5,0

11

Технологиялық инновацияларды әзірлеуге және енгізуге арналған шығындардың тиімділігін бағалау (технологиялық инновацияларға арналған шығындардың көлеміне инновациялық өнім көлемінің арақатынасы)

ИДМ

%

2,7

3,9

5,13

6,48

8,6

12

2015 жылға қарай зерттеулер мен әзірлемелерге ішкі шығындардың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 1 %-ға ұлғайту

ИДМ

%

0,15

0,10

0,2

0,5

1

13

Қазақстан Республикасында жүргізілетін инновациялық саясат туралы Қазақстан Республикасы халқының хабардар болу серпіні

ИДМ

%



3

4

5

      «Нысаналы индикаторлардан» кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері (жауапты  мемлекеттік орган - ИДМ)
      1) Жаңа технологияларға сұранысты қалыптастыру, инновация ұсыну  және инновация енгізу және тарату жолымен технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жүйесін дамыту.
      2015 жылға қарай кемінде 150 жобада жаңадан құрылған жоғары технологиялық компаниялардың технологиялық зерттеулер мен бизнес инкубациялау нәтижелерін коммерцияландыру моделі сыналатын болады; технологиялар трансфертінің ұлттық желі негіздері құрылатын болады; шамамен 50 озық шетелдік технология тартылатын болады; инновациялық технологияларға сатып алынған құрылымдық-технологиялық құжаттаманың, лицензиялар мен патенттердің саны кемінде 100-ді құрайтын болады. Инновациялық, оның ішінде қолданыстағы өндірістердің тиімділігін арттыруға жәрдемдесуге бағытталған гранттар беру жүйесі іске қосылады; ШОБ-тың инновациялық кәсіпорындары желісі - кемінде 100 жоғары технологиялық өнім жеткізуші қалыптасады және кемінде 50 инновациялық жоба қаржыландырылатын болады. Сонымен қатар, сала қалыптастырушы жобалар үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуге бағытталған кемінде 15 ШОБ кәсіпорны құрылатын болады.
      2) Технологиялық болжамдау және жоспарлау, қолданбалы ғылымды бизнестің қажеттілігіне бағыттау және инновациялық кластерлер қалыптастыру арқылы жеке құзыреттер құру.
      2015 жылға қарай ғылыми-технологиялық болжамдаудың ұлттық жүйесі құрылатын болады, салааралық ғылыми-технологиялық жоспар, инновацияларды дамытудың өңірлік және салалық бағдарламалары әзірленеді, кемінде 10 ірі ғылыми зерттеу институты мен орталығын, 30 инновациялық компанияны, 4 бизнес-инкубаторды қамтитын кемінде 2 ұлттық инновациялық кластер құрылады; ҒЗТКЖ-ға инвестициялау үшін ынталандыру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізіледі; отандық инноваторлармен және инновация тұтынушыларымен жүйелі жұмыс істеу қағидаты енгізіледі.
      3) ҰИЖ элементтерін үйлестіруді арттыру, инновациялық белсенділікті насихаттау және заңнамалық базаны жетілдіру жолымен инновациялық ортаны дамыту.
      2015 жылға қарай инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның рөлін күшейту; салалық және өңірлік деңгейді қамтитын инновациялық-технологиялық дамуды басқарудың тиімді ұлттық жүйесін қалыптастыру; Технологиялық саясат жөніндегі кеңес, технологиялық салалық және ғылыми кеңестер арқылы шешімдерді сараптамалық қабылдау жүйесін құру; технологиялық дамыту бойынша бірыңғай ұлттық оператор құру; инновациялық даму процестерін ақпараттық және насихаттық қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру; шетелдік жоғары технологиялық инвесторлармен және өнертапқыштармен жүйелі жұмыс қағидаттарын енгізу жолымен шешімдерді тікелей қабылдау және инновациялық қызметті үйлестіру жүйесі құрылатын болады.»;
      «2.12 Инвестициялар тарту және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту» деген тарауда:
      «Нысаналы индикаторлар» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар
      1. Global-2000-ғa енгізілген компаниялар тізімінен тартылған нысаналы инвесторлар саны: 2010 жылы - 2, 2011 жылы - 3, 2012 жылы - 4, 2013 жылы - 4, 2014 жылы - 5 (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      2. Өңдеуші өнеркәсіпке тікелей шетелдік инвестициялар кемінде 10 %-ға ұлғаяды: 2008 жылы - 100 %, 2009 жылы - 101 %, 2010 жылы - 103 %, 2011 жылы - 105 %, 2012 жылы - 107 %, 2013 жылы - 109 %, 2014 жылы - 110 % (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      3. АЭА аумақтарында кәсіпорындардың негізгі капиталына игерілген инвестициялар көлемдерінің орташа жылдық өсу қарқыны 2008 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде кемінде 40 %-ды құрайды (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      4. 2008 жылға қарағанда 2014 жылы АЭА аумақтарында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемінің өсуі 80 %-ды құрайды (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      5. Индустриялық аймақтардың аумақтарында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемдерінің жыл сайынғы өсуі кемінде 20 %-ды құрайды (жауапты мемлекеттік орган - ҰЭМ).
      6. АЭА аумағындағы жұмыс орындары санының жыл сайынғы өсуі кемінде 15 %-ды құрайды (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      7. 2015 жылы 2008 жылмен салыстырғанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру кемінде 2 есеге ұлғаяды (жауапты мемлекеттік орган - ҰЭМ).
      8. Экономиканың шикізаттық емес секторларына (өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, көрсетілетін қызметтер) отандық және шетелдік инвестициялар 2020 жылға қарай кемінде 30 %-ға ұлғаяды: 2009 жылы - 100 %, 2010 жылы - 103 %, 2011 жылы - 106 %, 2012 жылы - 109 %, 2013 жылы - 112 %, 2014 жылы - 115 % (жауапты мемлекеттік органдар - ИДМ, ҰЭМ).
      9. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемін жалпы ішкі өнімге қатысты бес пайыздық тармаққа ұлғайту: 2009 жылы - 17,2 %, 2010 жылы - 17,3 %, 2011 жылы - 17,4 %, 2012 жылы - 17,5 %, 2013 жылы - 13,0 %, 2014 жылы - 13,5 % (жауапты мемлекеттік органдар - ИДМ, ҰБ).
      10. Инвестициялар көздерін әртараптандыру (әр елдің үлесі 5 % және одан да көп 7 негізгі инвестор ел): 2009 жылы - 5 бірлік, 2010 жылы - 5 бірлік, 2011 жылы - 6 бірлік, 2012 жылы - 6 бірлік, 2013 жылы - 7 бірлік, 2014 жылы - 7 бірлік (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      11. Шет мемлекеттермен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жасасу: 2009 жылы - 1 дана, 2010 жылы - 2 дана, 2011 жылы - 2 дана, 2012 жылы - 2 дана, 2013 жылы - 2 дана, 2014 жылы - 2 дана (жауапты мемлекеттік органдар - ҰЭМ, ИДМ).
      12. 2011 жылдың соңына дейін: Қарағанды қаласында Индустриялық парктің (металлургияны және металл өңдеуді дамыту үшін) және Батыс Еуропа - Батыс Қытай логистикалық қаңқасының (өңдеуші өндірістердің алуан түрлері мен көлік-логистикалық көрсетілетін қызметтерді дамыту үшін) негізгі бөлігі ретінде «Қорғас - Шығыс қақпасы» шекара маңындағы сауда-экономикалық аймағы» базасында екі АЭА құру (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      13. 2014 жылдың соңына дейін Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында салалық бағытталуы әртүрлі үш индустриялық aймақ құру (жауапты мемлекеттік орган - ҰЭМ).
      14. 2015 жылға қарай ИА-ға қатысушылар санын 42-ге дейін ұлғайту; 2009 жылы - 1 дана, 2010 жылы - 1 дана, 2011 жылы - 10 дана, 2012 жылы - 20 дана, 2013 жылы - 30 дана, 2014 жылы - 42 дана (жауапты мемлекеттік орган - ҰЭМ).
      15. 2008 - 2014 жылдар аралығындағы кезеңде ИА аумақтарындағы  кәсіпорындардың негізгі капиталына игерілген инвестициялар көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны кемінде 20 %-ды құрайтын өндіріске инвестициялардың ұлғаюы (жауапты мемлекеттік орган - ҰЭМ).»;
      «Нысаналы индикаторлардан» кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестицияларды ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

ИДМ

Саны

 -

1

-

 -

-

2

Шетелдік мемлекеттермен ынталандыру және инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімдер жасау

ҰЭМ, ИДМ

дана

1

2

2

2

2

2

3

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік инвесторлар үшін визалық режимнің жеңілдетілген талаптарын қарастыру (инвесторлық виза)

СІМ,
ИДМ


-

-

1

-

-

-

4

Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық жобалардың деректер қоры бар инвестициялық веб-портал

ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ

саны

-

-

1

-

-

-

5

2011 - 2014 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы жарнамалық-ақпараттық мақалалар жарияланатын болады, оның ішінде:

5.1

қазақстандық мерзімді басылымдарда

ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ

саны

-

-

12

12

-

12

5.2

халықаралық мерзімді басылымдарда

ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ

саны

-

-

4

4

4

4

6

2014 жылдың соңына дейін 3 жаңа АЭА құрылатын болады

ИДМ

саны

-

-

2

-

-

1

7

2014 жылдың соңына дейін әртүрлі салалық бағыттағы 3 ИА құрылатын болады

ҰЭМ

саны

-

-

-

-

-

3

8

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау

ИДМ

саны

-

-

1

-

-

-

9

2014 жылдың соңына дейін 30 сауда миссиясы ұйымдастырылатын болады

ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ

дана

2

6

6

6

6

6

10

2014 жылдың соңына дейін қазақстандық өнімді сатудың ықтимал нарықтары үшін экспорттық тауашаларды айқындау мақсатында 60 маркетингтік зерттеу (бриф-талдаулар) жүргізілетін болады

ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ

дана

20

20

10

10

10

10

11

2014 жылдың соңына дейін қазақстандық кемінде 300 экспорттаушы кәсіпорынның өнімдерін сыртқы нарыққа шығарумен байланысты шығындарын өтеу жолымен мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады

ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ

кәсіп орындар саны

-

50

80

80

45

50

12

2015 жылға қарай экспорттық операцияларды қаржылық және сақтандыру қызметтерімен қамтуды елдің шикізат емес экспорты көлемінің 2 %-ына дейін қамтамасыз ету (95 млрд. теңге)

ИДМ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ

млрд. теңге

-

3

9

17

27

39

      «2. Басым секторлардың дамуын қолдаудың басты шаралары» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 2.15 тараумен толықтырылсын:
      «2.15 Жергілікті қамту
      Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
      Жергілікті қамту - кәсіпорындар қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырған кезде пайдаланылатын жергілікті тауарлардың, көрсетілетін қызметтер мен еңбек ресурстарының құндық және пайыздық мәніндегі үлесінің көрсеткіші.
      Отандық өңдеуші өнеркәсіп ішкі нарықты отандық бәсекеге қабілетті өніммен толықтыру үшін әлеуетке ие, бірақ бүгінгі таңда өндіріс көлемі тиісінше отандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызмет сатып алу импортталатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемімен салыстырғанда төмен.
      Халықаралық тәжірибе (АҚШ, Бразилия, Норвегия және т.б.) көрсеткендей, өтпелі кезең шеңберінде экономиканың қалыптасу сатысында шаруашылық қатынастарды тиімді мемлекеттік реттеу оң экономикалық нәтиже беруі мүмкін, бұл ретте мемлекеттік саясат тұтынушыларға әсер ету шараларымен ғана шектеліп қоймай, отандық өнеркәсіптің өндірістік әлеуетін дамытуды да қамтамасыз етуге тиіс.
      Жергілікті қамтуды дамытудың халықаралық практикасын талдау жергілікті қамтуды дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясат, негізінен:
      1) Үкіметтің, жергілікті өндірушілердің, инвесторлардың бірлескен жұмысын ұйымдастыруға және жергілікті өнім мен көрсетілетін қызмет сатып алушы компанияларды белсенді тартуға;
      2) мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші ірі субъектілердің қажеттіліктерін талдау негізінде нарықтың қажеттіліктерін зерделеуге;
      3) отандық өндірісті қолдау, ішкі нарықты қорғау, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүйелі шараларды әзірлеуге, еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне бағытталған білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға;
      4) жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасының кезеңдері бойынша нысаналы көрсеткіштерді айқындауға және оларды тұрақты бақылауға бағытталуы тиіс екенін көрсетті.
      Жергілікті қамту мониторингі субъектілерінің (мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар, концессионерлер, ұлттық компаниялар мен жүйе құраушы кәсіпорындар) есептілік деректеріне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі - ТЖҚ) сатып алудың жалпы көлемі 2012 жылы 8 711,6 млрд. теңгені, оның ішінде отандық жеткізушілер - 4954,3 млрд. теңгені құрады. Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтудың үлесі 56,9 %-ды құрады, ол 2011 жылға қарағанда 1,6 %-ға және 2010 жылдың деректерінен 8,6 %-ға артық. Бұл ретте:
      1) жалпы сомасы 3432,4 млрд. теңгеге тауар сатып алынды, оның ішінде 1184,0 млрд. теңге сомасына жергілікті тауарлар сатып алынды, жергілікті тауарлардың үлесі 34,5 %-ды құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 324,8 млрд. теңгеге және 2010 жылға қарағанда 334,1 млрд. теңгеге артық;
      2) жалпы сомасы 2 466,0 млрд. теңгеге жұмыстар алынды, оның ішінде жергілікті жұмыстардың үлесі 60,9 %-ды құрады - бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 4,5 %-ға артық, бірақ ақшалай баламада 401,9 млрд. теңгеге артық - 1501,4 млрд. теңге;
      3) жалпы сомасы 2813,1 млрд. теңгеге қызметтер көрсетілді, оның ішінде жергілікті өнім берушілер 2268,8 млрд. теңге сомасын қызметтер көрсетті, жергілікті көрсетілетін қызметтердің үлесі 80,7 %-ды құрады. Салыстыру үшін 2011 жылы жергілікті өнім берушілер 238,1 млрд. теңгеге немесе 6,9 %-ға аз қызмет көрсетті.
      Негізгі міндет
      1. Жергілікті қамтуды дамытудың мемлекеттік саясатын жүйелендіру, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.
      2. Отандық өндірушілерге сервистік қолдау көрсету.
      3. Отандық өндірісті одан әрі дамыту жолдарын талдау және болжамдау.
      4. Ішкі нарықта барынша қажетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін игеру жөніндегі жобаларды іске асыруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға ықпал ету.
      Нысаналы индикаторлар

Р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Мемлекеттік органдардың сатып алуындағы жергілікті қамту үлесі:

тауарлар

ИДМ

%

50

42,1

43

44

43

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

%

80

85,9

86,9

88

87

2

Ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтердің және компаниялардың сатып алуындағы жергілікті қамту үлесі:

тауарлар

ИДМ

%

51

46,2

47

47

49

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

%

75

67,7

73,3

75

78

3

Жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуындағы жергілікті қамту үлесі:

тауарлар

ИДМ

%

47

14,2

15

16

15

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

%

83,7

62,6

68,2

70

68

4



Тау-кен кешенінде жер қойнауын пайдалану саласындағы жергілікті қамту үлесі:

тауарлар

ИДМ

%

13,4

11

13

14

12

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

%

77,5

71,4

74,8

76

74

5

мұнай-газ кешенінде (NCOC, ҚПО және ТШО қоспағанда):

тауарлар

ИДМ

%

10,5

8

11

13

16

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

%

57,0

65

67,5

70

72,5

6

Қазақстандық персонал:

жоғары буын менеджерлері

ИДМ

%

-

30

40

60

70

орта буын менеджерлері, инженерлік-техникалық персонал және жұмысшы мамандықтар

%

-

60

70

80

90

      Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Жергілікті қамту бөлігінде заңнаманы жетілдіру

ИДМ

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

-

1

8

6

4

2

Жергілікті қамту мәселелері бойынша форумдар, кеңестер мен конференциялар саны

ИДМ

саны

-


5

5

5

20

3

Мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген отандық өндірушілер жобаларының саны

ИДМ

саны

-

-

-

-

28

4

Отандық өндірісті дамыту мақсатындағы талдамалық зерттеулер саны

ИДМ

талдамалық есептер



-



7



7



7



5

5

Жергілікті қамту жөніндегі мониторинг субъектілерінің ТЖҚ сатып алу бойынша талдамалық материалдар саны

ИДМ

есептер мен ұсынымдар

-

2

2

2

2

6

Мемлекеттің жәрдемдесуімен іске қосылған жаңа өндірістерді игеру жөніндегі жобалардың саны

ИДМ

саны

-

3

6

12

10

      Іс-қимыл стратегиясы
      Іске асыру 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі аралықта үш кезеңде жүргізіледі.
      1. Бірінші кезең - 2010 - 2011 жылдар:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның Жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша басқару моделін келісуі және бекітуі, қатысушылардың құрамын ұйымдастыруы (10 стратегиялық тақырып бойынша Басқарушы және Атқарушы комитеттердің, секторалдық комитеттердің мүшелерін, жұмыс процесін, нысаналы көрсеткіштерді сипаттай отырып, Бағдарламаға қатысушылардың жарғысын, мақсаттар мен міндеттерді көрсете отырып, Жұмыс жоспарын бекіту);
      2) жер қойнауын пайдалану жобаларындағы тауарлардың, жұмыстар  мен көрсетілетін қызметтердің сұраныстары мен ұсыныстарын талдау: жер қойнауын пайдаланудың ірі жобалары бойынша деректерді талдау, қажетті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірісін игеру кестесін құру мақсатында жоспарланған мерзімдерді есепке ала отырып, негізгі үш бағыт бойынша: 1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтер; 2) кадрлар; 3) жобаларды қолдау инфрақұрылымы, нәтижесінде қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, кадрларды және инфрақұрылымды айқындау;
      3) ішкі нарықта жоқ тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген үш бағыт: тауарлар мен көрсетілетін қызметтер, кадрлар мен инфрақұрылым бойынша қазіргі ұсыныс сапасын зерделеу;
      4) ішкі нарықта дамыту үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің басым санаттарын бөлу;
      5) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жаңаларын жасау, өндірістегілерін дамыту, инфрақұрылымды, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі, қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту үшін қажетті ресурстарды жақсартуға байланысты мәселелерді шешу үшін қажетті іс-шараларды айқындау;
      6) жергілікті қамтуды дамытудың қысқа мерзімді (1 жылға дейін) және орта мерзімді (5 жылға дейін) перспективаға арналған салалық және өңірлік жоспарларын әзірлеу және оларды уәкілетті органмен келісу;
      7) мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың жұмыс істеп тұрған және құрылатын кәсіпорындарының базасында өнім мен көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін құру және енгізу тетігі мен моделін әзірлеу;
      8) мониторингке сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жергілікті өндірісін дамыту үшін жұмыс істеп тұрғандарының ішінен әлеуетті компанияларды айқындау.
      2. Екінші кезең - 2012 жыл:
      1) өндірісті, көрсетілетін қызметтерді дайындау және жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде қажетті кадрлардың біліктілігін арттыру жоспарларын іске асыру;
      2) шағын және орта бизнес кәсіпорындарын одан әрі дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру, оларды мұнай-газ және сервистік компаниялар жеткізу тізбегіне енгізу.
      3. Үшінші кезең - 2013 - 2014 жылдар:
      1) жергілікті қамтуды дамытудың мемлекеттік саясатын жүйелендіру және ықпалдастыру процестерін жандандыруды ескере отырып, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
      2) отандық өнім сапасын арттыруға бағытталған шараларды күшейту, жергілікті компаниялардың өндірістік әлеуетін дамыту;
      3) мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және холдингтердің, жүйе құраушы кәсіпорындардың, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуындағы, сондай-ақ өтпелі кезең ішінде ірі ұлттық бағдарламалар мен жобалар шеңберінде жергілікті қамтуды арттыру;
      4) отандық өндірушілерге ұйымдастырушылық және сервистік қолдау көрсету;
      5) қажетті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін құру/дамыту жобаларын іске асыруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және отандық өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.»;
      «4. Экономиканың басым секторларын дамытуда мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:
      «4.1 Бағдарламаны республикалық деңгейде іске асырудың схемасы мен құралдары» тарауында:
      «4.1.2 Бағдарламаны республикалық деңгейде іске асыру тетіктері» деген параграфта:
      «Жобалық қолдау шараларында»:
      «Жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді жаңғырту және жаңаларын құру бағдарламасы - «Өнімділік - 2020» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді жаңғырту және жаңаларын құру
      Мақсаты еңбек өнімділігін арттыру арқылы экономиканың басым секторларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктерін ұлғайту болып табылады.
      «Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары мынадай болады:
      1) инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер;
      2) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру;
      3) инновациялық гранттар беру;
      4) сервистік қолдау:
      еңбек өнімділігін және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша топ-менеджерлерді оқыту үшін ақы төлеу;
      кәсіпорынның техникалық диагностикасын жүргізуді қоса қаржыландыру;
      еңбекті техникалық нормалау үшін шығындарды өтеу;
      халықаралық стандарттарға (API, ASTM, GMP, EN) сәйкес өнімді сертификаттау мен сапа менеджменті жүйелері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу.
      Құралдарды іске асыруды құралдар операторлары жүзеге асыратын болады.
      Құралдарды беру тетіктерін, тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті Қағидалармен айқындайды.
      Мемлекеттік қолдау шаралары экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпорындарға берілетін болады.
      Құралдардың операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар болады.
      «Өнімділік 2020» бағытының әкімшісі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі болады.
      Операторлардың қызметтері бюджеттен өтелетін болады.»;
      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 
      Президенті                           Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады