Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 186 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2016 жылғы 1 ақпандағы
№ 186 Жарлығымен  
МАҚҰЛДАНҒАН   

Жоба

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму
Банкі арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру
бойынша бірінші кредит)

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ («Қарыз алушы») мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ («Банк») арасындағы Даму бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында (осы Келісімге толықтыруда анықталғанындай) 201__ жылы ___________ жасасқан Келісім. Банк осы Келісімді қаржыландыру туралы шешімді, басқалар арасында: (а) Қарыз алушының Бағдарлама шеңберінде қабылдаған және осы Келісімге 1-қосымшаның І-бөлімінде баяндалған іс-қимылдар; және (b) Қарыз алушының тиісті макроэкономикалық саясатты жүргізуі негізінде қабылдады. Осы арқылы Қарыз алушы мен Банк төмендегілер туралы уағдаласты:

I БАП — ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АЙҚЫНДАМАЛАР

      1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге қосымшада айқындалғандай) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын, бас әріптерден басталатын терминдер жалпы шарттарда немесе осы Келісімге қосымшада оларға берілген мәнге ие болады.

ІІ БАП — ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға осы Келісімде жазылған немесе оған сілтемелері бар мерзімге және шарттарда, осы Келісімнің 2.08-бөлімінің («Қарыз») ережелеріне сәйкес валюта айырбастау арқылы кезең-кезеңімен айырбастауға болатын бір миллиард (1 000 000 000 $) АҚШ долларына тең соманы беруге келіседі.
      2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 1-қосымшаның II бөліміне сәйкес Бағдарламаны қолдау үшін алуға құқылы.
      2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25 %) құрайды. Қарыз алушы біржолғы комиссияны осы Келісім күшіне енген күннен кейін алпыс күннен кешіктірмей төлейді.
      2.04 Резервке қойғаны үшін Қарыз алушы төлеуге тиіс комиссия жылына Қарыздың алынбаған қалдығының бір пайызының төрттен бірін (0,25 %) құрайды.
      2.05. Қарыз алушы әрбір пайыздық кезең ішінде төлеуге тиіс пайыздар Қарыз валютасы үшін референттік мөлшерлемеге ауыспалы спрэдті қосқанға тең мөлшерлеме бойынша есептелетін болады; Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін айырбастау кезінде осындай сомаға айырбастау кезеңі уақытында Қарыз алушы төлеуге тиіс пайыздар жалпы шарттардың IV бабының ережелеріне сәйкес айқындалуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыздың алынған өтелмеген қалдығы бөліктерінің кез келгені уақтылы төленбей қалған және отыз күн ішінде төленбеген жағдайда, онда Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері мұндай жағдайда жалпы шарттардың 3.02 (е) бөлімінің ережелеріне сәйкес есептеледі.
      2.06. Әр жылдың 1 наурызы және 1 қыркүйегі төлем күндері болып табылады.
      2.07. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімге 2-қосымшада келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтеледі.
      2.08. (а) Қарыз алушы борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшін Қарыз шарттарының мынадай айырбастауларының кез келгенін жүргізуді: (і) Қарыз Валютасының барлық немесе Қарыздың негізгі сомасының алынған, сол сияқты алынбаған кез келген бөлігін мақұлданған валютаға өзгертуді; (іі) мыналарға: (А) өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген мөлшерлемеге немесе керісінше Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне; немесе (В) референттік мөлшерлемеге және өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген референттік мөлшерлеме мен өзгермелі спрэд негізінде өзгермелі мөлшерлемеге немесе керісінше Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне; немесе (С) өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеге Қарыздың алынған және өтелмеген барлық негізгі сомасына қолданылатын пайыздық мөлшерлеме базисін өзгертуді; және (ііі) өзгермелі мөлшерлеме немесе референттік мөлшерлеме үшін пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегін немесе пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын өзгермелі мөлшерлеменің немесе референттік мөлшерлеменің шегін айқындауды кез келген уақытта сұрата алады.
      (b) Осы бөлімнің (а) тармағына сәйкес сұратылған, Банк қабылдаған кез келген өзгеріс жалпы шарттарда айқындалғандай «Айырбастау» деп есептелетін болады және жалпы шарттардың IV бабының және Айырбастау жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес күшіне енеді.
      2.09. Жалпы шарттардың 5.08 бөлімінің ережелеріне қатысты шектеусіз (осы Келісімге толықтырудың II бөлімінің 5-параграфына сәйкес қайта нөмірленген және Ынтымақтастық пен консультацияларға қатысты) Қарыз алушы II баптың ережесіне қатысты Банк негізді мерзімді түрде сұрататын осындай ақпаратты Банкке жедел ұсынуға тиіс.

ІІІ БАП - БАҒДАРЛАМА

      3.01. Қарыз алушы өзінің Бағдарламаны ұстанатыны және оны орындайтыны туралы мәлімдейді. Осы мақсатпен және жалпы шарттардың 5.08 бөліміне сәйкес:
      (а) Қарыз алушы мен Банк сол немесе басқа тараптың сұрау салуы бойынша Қарыз алушының макроэкономикалық саясаты және Бағдарламаны іске асыру барысында қол жеткен прогресс жөнінде мезгіл-мезгіл пікір алмасып отыруға тиіс;
      (b) Банк негізді түрде талап етуі мүмкін болған егжей-тегжейлі дәрежеде Банкке қарауға және түсіндірме үшін Бағдарламаны іске асыру барысында қол жеткізген нәтижелер туралы есепті Қарыз алушы әрбір осындай пікір алмасуға дейін беруге тиіс; және
      (c) осы бөлімнің (а) және (b) тармақтарының ережелерін шектеместен, Бағдарламаның мақсаттарына іс жүзінде қол жеткізуге немесе осы Келісімге 1-қосымшаның I бөлімінде айқындалған кез келген әрекеттерді қоса алғанда, Қарыз алушы Бағдарлама шеңберінде қабылданатын кез келген әрекеттерді жүзеге асыруға елеулі кедергі болуы мүмкін кез келген ахуалдар туралы Банкті дереу хабардар етіп отыруға тиіс.

IV БАП — БАНКТІҢ ЗАҢДЫҚ ШАРАЛАРЫ

      4.01. Уақытша тоқтата тұруға әкеп соғатын қосымша жағдай мынаны: нәтижесінде Бағдарламаны немесе оның елеулі бөлігін іске асыру іс жүзінде мүмкін болмаған жағдайдың туындауын қамтиды.
      4.02. Тоқтата тұруды жеделдетуге әкеп соғатын қосымша жағдай мынаны: осы Келісімнің 4.01-тармағында сипатталған жағдайды қамтиды және ол Банк осындай жағдайдың басталғаны туралы Қарыз алушыға хабарлама жіберген күнінен кейін 60 күн кезеңі ішінде жалғасады.

V БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ; БҰЗУ

      5.01. Күшіне енудің қосымша шарты мынадай: Банк Қарыз алушы Бағдарламаны іске асыру барысында қол жеткізілген прогреске және Қарыз алушының макроэкономикалық саясатының барабарлығына қанағаттанады.
      5.02. Осы Келісімге қол қойылған күннен кейін бір жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын күн осы Келісімнің күшіне енуінің соңғы мерзімі болып табылады.

VI БАП - ӨКІЛДЕР; МЕКЕНЖАЙЛАР

      6.01. Қарыз алушының өкілі оның Қаржы министрі болып табылады.
      6.02. Қарыз алушының мекенжайы:
      Қаржы министрлігі
      Жеңіс даңғылы, 11
      Астана, 010000
      Қазақстан Республикасы
      Телекс:                Факс:
      265126 (FILIN)         (7) (7172) 717785
      6.03. Банктің мекенжайы:
      Америка Құрама Штаттары
      Вашингтон, Колумбия округі, 20433
      1818 Н,N.W. көшесі
      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
      Телекс:                     Факс:
      248423(МСІ) немесе 1-202-477-6391
      64145(МСІ)

      ________________, _________________, жоғарыда көрсетілген жылы және күні КЕЛІСІЛДІ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

________________________________
Уәкілетті өкіл
Т.А.Ә. _________________________
Лауазымы: ______________________

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ

________________________________
Уәкілетті өкіл
Т.А.Ә. _________________________
Лауазымы: ______________________

1-ҚОСЫМША Бағдарламаның іс-әрекеттері; Қарыз қаражатына қолжетімділік

      I бөлім. Бағдарлама шеңберінде қолға алынған іс-әрекеттер
      Бағдарлама шеңберінде қолға алынған іс-әрекеттер. Бағдарлама шеңберінде Қарыз алушы қолға алған іс-әрекеттер мынаны қамтиды:
      1. Қарыз алушы мынадай фискалдық түзетулерді жүргізді:
      (а) Қарыз алушы мұнайға қатысты емес тапшылықтың шамадан тыс өсуін болдырмау үшін 2015 жылға арналған Республикалық бюджеттің шығыс бөлігін шамамен сегіз пайызға қысқарта отырып қайта қарады, «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 11 наурыздағы № 290-V ҚР Заңы соның айғағы болып табылады; және
      (b) Қарыз алушы «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» (Ортамерзімді макроэкономикалық және фискалдық саясатты әзірлеу қағидалары деп те аталатын) Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізді, «мұнайға қатысты емес тапшылық» терминін анықтау: (і) шоғырландырылған бюджетті (Республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттерден және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тұратын бюджетті) толық қамту; және (іі) шикі мұнайға әкетілетін/экспортталатын кедендік баждарды мұнай кірістері құрамына кіргізу үшін Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 557 бұйрығы соның айғағы болып табылады.
      2. Қарыз алушы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Парламенттің қарауына ұсынды, қосымша құн салығын тіркеу шегін жылдық айналымға барабар 30 000 айлық есептік көрсеткіштен 3 234 айлық есептік көрсеткішке дейін азайту арқылы мұнайға қатысты емес түсімдерді арттыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 тамыздағы № 710 қаулысының қабылдануы соның айғағы болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ақшалай-кредит саясатына» сәйкес мынадай әрекеттерді қабылдады:
      (а) Өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшті, 2015 жылғы 20 тамыздағы «ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы бірлескен мәлімдемесі» мен ҚРҰБ 2015 жылғы 21 тамыздағы № 38 баспасөз релизі соның айғағы;
      (b) Инфляциялық таргеттеуге көшу шеңберінде ҚРҰБ жаңа базалық пайыздық мөлшерлемесін енгізді, ҚРҰБ 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 43 баспасөз релизі соның айғағы; және
      (с) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Парламенттің қарауына ұсынды, ол туралы ақша-кредит саясатын тиімді жүргізу үшін ашық нарықта операция жүргізу қағидаларын бекітуді реттейтін ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 391 қаулысы соның айғағы.
      4. Қарыз алушы заңды тұлғалардың төлем қабілетсіздігі бойынша құқықтық негізді қамтамасыз ету мақсатында мынадай заңнамалық актілерді қабылдады:
      (а) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V Заңы заңды тұлғалардың төлем қабілетсіздігі бойынша құқықтық негізді белгілейді, және
      (b) жоғарыдағы 4 (а) кіші бөлімде белгіленген, заңды тұлғалардың төлем қабілетсіздігі бойынша құқықтық негізді іске асыруға бағытталған заңға тәуелді актілер, атап айтқанда:
      (і) Төлемге қабілетсіз заңды тұлғалардың салықтары мен банкроттығы бойынша әкімшілік шығыстарын өтеуді көздейтін Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 92 бұйрығы;
      (іі) Оңалту және банкроттық рәсімдерде әкімшілердің қызметін камералдық бақылау тұрғысынан әкімшілердің оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімдегі құқықтарын белгілейтін Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 131 бұйрығы;
      (ііі) Банкроттық әкімшісінің бұзушылықтар мен санкциялар бойынша есептілігі негіздерін айқындайтын Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 132 бұйрығы;
      (іv) Банкроттық әкімшісінің ең төменгі базалық комиссиясын белгілейтін Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 183 бұйрығы;
      (v) Банкроттық әкімшілерін тіркеу рәсімдерін регламенттейтін Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 130 бұйрығы; және
      (vі) Алып қойылған активтер бойынша электрондық аукционды жүргізу жөніндегі құқықтар мен рәсімдерді белгілейтін Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығы.
      5. ҚРҰБ банк тәуекелдерін неғұрлым тиімді басқаруға бағытталған қайта қаралған пруденциялық нормативтерді және есептілік бойынша талаптарды мыналарға сәйкес шығарды:
      (а) Қаржылық қадағалау агенттігі Басқармасы № 358 қаулысының қайта қаралған ережелеріне сәйкес, ҚРҰБ Басқармасының 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген және III Базельге сәйкес тәуекелді параметрлерді қайта қарауға (і), банктердің акционерлік капиталын арттыруға (ii), және банктердегі консервациялық буферлерді қалыптастыру жөніндегі талапқа (ііі) бағытталған 2014 жылғы 27 мамырдағы қаулысы соның айғағы; және
      (b) ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған № 256 қаулысына сәйкес, ол әділ құн туралы ақпаратты нарыққа бағдарлап ашу, сондай-ақ кепілдік базасын неғұрлым дәйекті, кезеңді және электрондық құжаттауды қамтамасыз ету мақсатында олардың рәсімдерін ХҚЕС 13 сәйкес келтіруді талап етеді.
      6. Қарыз алушының ДСҰ кіруі бойынша міндеттемелеріне, атап айтқанда, инвестициялық шаралар саудасымен байланысты Келісімнің ережелеріне және қағидаларына сәйкес Қарыз алушы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Парламенттің қарауына ұсынды, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтудың ең төменгі шекті мәнін жазып көрсететін ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 775 қаулысы соның айғағы.
      7. ҰЭМ бизнеске реттеушілік әсер етуді бағалаудың тетіктерін:
      (а) Реттеушілік әсерге талдау жүргізу қағидаларын қабылдау арқылы енгізді, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 32 бұйрығы соның айғағы; және
      (b) Ұлттық экономика министрлігі жауапты хатшысының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 44 бұйрығына сәйкес Ұлттық экономика министрлігі жанынан Реттеуші саясат басқармасының мекемесін барабар штат құрамын қамтамасыз ете отырып құру арқылы енгізді.
      8. Қарыз алушы бәсекелестікті қорғау жөніндегі саясатты:
      (а) Екі заңға да 2015 жылғы 5 мамырда № 312-V ҚР Заңында көзделген өзгерістер мен толықтыруларды енгізе отырып, «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 112-ІV ҚР Заңында (і) және 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінде (іі) бар картелге қарсы талаптарды сақтау бойынша нормаларға өзгерістер енгізу;
      (b) Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау және бағалау жүргізу жөніндегі әдістемені қабылдау арқылы күшейтті, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 303 бұйрығы соның айғағы.
      9. Қарыз алушы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Корпоративтік басқару кодексін бекітті, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 239 қаулысы соның айғағы.

      ІІ-бөлім. Қарыз қаражатына қол жетімділік

      А. Жалпы ережелер. Қарыз алушы осы бөлімнің ережелеріне және Банк Қарыз алушыға хабарламасында көрсеткен қосымша нұсқаулықтарға сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.
      В. Қарыз қаражатын бөлу. Қарыз (біржолғы комиссия ретінде төленуі қажет соманы қоспағанда) Біржолғы транш түрінде бөлінеді, оның қаражатынан Қарыз алушы қарыз қаражатын ала алады. Қарыз сомасын бөлу мына кестеде көрсетілген:

Қаражатты бөлу Бөлінген қарыз сомасы (АҚШ долларымен көрсетілген)

Біржолғы транш

1000000000

ЖАЛПЫ СОМА

1000000000

      С. Біржолғы комиссияны төлеу. Біржолғы комиссия толығымен төленбейінше Қарыз алушы Қарыз шотынан қаражат ала алмайды.
      D. Траншты бөлу шарттары. Біржолғы транш түріндегі қаражатты Банк Қарыз алушының іске асырып жатқан (а) Бағдарламасына және (b) Қарыз алушының макроэкономикалық саясатына қанағаттанбайынша алу мүмкін емес.
      Е. Қарыз қаражатын депозитке салу. Банкпен өзгеше келісілген жағдайларды қоспағанда:
      1. Қарыз Шотынан кез келген қаражат алуды Банк Қарыз алушы көрсеткен және Банк үшін қолайлы шотқа депозитке салуға тиіс; және
      2. Қарыз алушы осы шотқа Қарыздың қандай да бір сомасын депозитке әрбір салған кезде балама сома Қарыз алушының бюджеттік басқару жүйесінде Банк үшін қолайлы нысанда есепке алынып отыратынын қамтамасыз етуге міндетті.
      F. Заңсыз шығыстар. Қарыз алушы Қарыз қаражатын заңсыз шығыстарды қаржыландыру үшін пайдалануға жол бермеу жөніндегі жауапкершілікті өзіне алады. Егер Банк кез келген уақытта Қарыз қаражаты заңсыз шығыстарды жабу үшін пайдаланылды деп тапса, онда Қарыз алушы Банктен хабарлама алғаннан кейін балама соманы дереу Банкке өтеуге тиіс. Банкке мұндай талап бойынша өтелген сомалар өз күшін жояды.
      С. Жабылған күні. Жабылу күні 2016 жылдың 31 желтоқсаны болып табылады.

2-ҚОСЫМША Өтеу кестесі

      1. Келесі кестеде негізгі борышты Өтеу күндері мен негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтеуге жататын Қарыздың жалпы негізгі сомасының пайыздық үлесі («Өтеу үлесі») көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты Өтеудің бірінші Күніне толығымен алынған болса, онда Қарыз алушы осындай әрбір негізгі борышты Өтеу күніне өтеуге тиісті Қарыздың негізгі сомасын Банк көбейту жолымен айқындайды: (а) Қарыздың негізгі борышын өтеудің бірінші Күніне алынған сомасы мен (b) негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне төлемнің Өтеу үлесі, бұл төлеуге жататын сома осы қосымшаның 4-тармағында көзделген және валюта Айырбастау қолданылатын соманы шегеру мақсатында қажеттілігіне қарай түзетілетін болады.

Негізгі борыш бойынша төлеу күні Өтеу үлесі (пайыздық көріністе)

2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап  2035 жылдың 1 наурызына дейін әрбір жылдың 1 наурызы мен 1 қыркүйегі

2,86%

2035 жылдың 1 қыркүйегі

2,76%

      2. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші Күніне толығымен алынбаған болса, онда Қарыз алушының осындай әрбір негізгі борышты Өтеу күніне өтеуіне жататын Қарыздың негізгі сомасы былайша айқындалады:
      (а) Негізгі борышты өтеудің бірінші Күні алынған Қарыздың кез келген қаражаты шамасында Қарыз алушы осы қосымшаның 1-тармағына сәйкес осындай күнге алынған Қарыз сомасын өтеуге тиіс.
      (b) Негізгі борышты өтеудің бірінші күнінен кейін алынған кез келген сомалар - негізгі борышты өтеудің осындай күніне осы қосымшаның 1-тармағының кестесінде көрсетілген өтеу үлесінің бастапқы сомасы («Төлемді өтеу үлесінің бастапқы сомасы») алымы болып табылатын, ал негізгі борышты өтеудің осындай күні немесе одан кейінгі күні төлемдерді өтеу үлесінің барлық қалған бастапқы сомаларының сомасы бөлгіші болып табылатын бөлшекке осындай әрбір алынған соманы көбейту жолымен Банк айқындаған сомаларда осындай алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне өтеледі; төлеуге жататын осы сома осы қосымшаның 4-тармағында көзделген және оларға валюта Айырбастау қолданылатын соманы шегеру мақсатында қажеттілігіне қарай түзетілетін болады.
      3. (а) Негізгі борышты өтеудің кез келген Күніне төленуге тиіс негізгі борыш сомаларын есептеу мақсаты үшін ғана Негізгі борышты өтеудің кез келген Күніне дейін екі күнтізбелік ай ішінде алынған Қарыз сомалары алынған күннен кейін Негізгі борышты өтеудің екінші Күнінде алынған және өтелмеген болып есептеледі және алынған күннен кейін Негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап Негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтеуге жататын болады.
      (b) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережесіне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк төлем мерзімдері бойынша шоттарды қоюдың жүйесін қабылдаса, осы ретте шоттар Негізгі борышты өтеудің тиісті Күніне немесе одан кейінгі күнге жазылады, шоттарды қоюдың осындай жүйесі қабылданғаннан кейін жасалған қандай да алуларға осы тармақшаның ережесі қолданылмайтын болады.
      4. Осы қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, Қарыздың барлығы немесе кез келген бір бөлігінің валютасы Бекітілген валютаға айырбасталатын болса, онда Айырбастау кезеңінің ішінде басталатын кез келген Негізгі борышты өтеу Күні өтелуге тиіс, Бекітілген валютаға осылайша айырбасталған соманы Банк мұндай соманы тікелей Айырбастау алдында мыналарға: (і) Айырбастауға жататын Валюталық хедждік мәмілелер шеңберінде Банк төлеуге тиіс Бекітілген валютадағы негізгі борыштың сомасын көрсететін айырбастау бағамына; немесе (іі) егер Банк Айырбастау жөніндегі нұсқамаға сәйкес осындай шешім қабылдайтын болса, ағымдағы белгіленген мөлшерлеменің валюталық құрауышына оның деноминацияланатын валютасында көбейту жолымен айқындалуға тиіс.
      5. Егер Қарыздың алынған балансы біреуден көп қарыз валютасында берілсе, осы қосымшаның ережелері әрбір осындай сома үшін өтеудің жеке кестесін әзірлей отырып, әрбір қарыз валютасында берілген сомаға бөлек қолданылады.

ТОЛЫҚТЫРУ

      І бөлім. Айқындамалар
      1. «2015 жылға арналған республикалық бюджет» Қарыз алушының 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін республикалық бюджетті білдіреді.
      2. «Саудамен байланысты инвестициялық шаралар туралы келісім» шетел инвесторларына қатысты елдің ішкі нормаларына қолданылатын қағидаларды белгілейтін Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім мүшелерімен (ДСҰ ізашары) 1994 жылы жасалған келісімді білдіреді.
      3. «Базель III» банк секторында тәуекелдерді реттеуді, қадағалау мен басқаруды нығайту үшін Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті әзірлеген реформаларды білдіреді.
      4. «Заңсыз шығыстар» мынадай:
      (а) кез келген ұлттық немесе халықаралық қаржы ұйымы немесе Банк болып табылмайтын агент қаржыландыратын немесе қаржыландыруы тиіс немесе басқа қарыздар, кредиттер немесе гранттар шеңберінде Банк немесе Қауымдастық қаржыландыратын келісімшарттар бойынша ұсынылатын тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге;
      (b) БҰҰ Статистикалық материалдар жинағында жариялаған, 3-нұсқа (SITC, Rew.3), М сериялы, № 34/3-нұсқа (1986) (SІТС) Халықаралық сауда жіктеуіші стандарттарының мынадай топтарының немесе кіші топтарының немесе Банк Қарыз алушыға ол туралы хабарландыратын Халықаралық сауда жіктеуішінің стандарттарының жаңа нұсқаларының кез келген басқа кейінгі топтарының немесе кіші топтарының құрамына кіретін тауарларға:

Топ

Кіші топ

Тауардың сипаттамасы

112


Алкогольді ішімдіктер

121


Темекі, өнеркәсіптік емес темекі, темекі қалдықтары

122


Өнеркәсіптік темекі (темекіні ауыстыратындары бар/оларсыз)

525


Радиоактивті немесе оған ілеспе материалдар

667


Өңделген немесе өңделмеген маржан, қымбат бағалы және жартылай қымбат бағалы тастар

718

718.7

Атомдық реакторлар және оның бөліктері, отындық элементтер (картридждер), сәулеленбеген, ядролық реакторлар үшін

728

728.43

Темекі өнімдерін өндіруге арналған жабдық

897

897.3

Алтыннан, күмістен, платинадан жасалған зергерлік бұйымдар (сағаттан және сағат камераларынан басқа), сондай-ақ алтын және күміс зергерлік бұйымдар (қымбат бағалы тастардан жасалған тұғырларды қоса алғанда)

971


Монетарлық емес алтын (құрамында алтын бар кендерді және концентраттарды қоспағанда)

      (с) әскери немесе әскерилендірілген мақсаттарға немесе әдемілік заттар ретінде тұтынуға арналған тауарларға;
      (d) Қарыз алушының заңдарымен немесе олар бойынша Қарыз алушы тараптардың бірі болып табылатын халықаралық келісімдермен өндірілуіне, пайдаланылуына және импортына тыйым салынған экологиялық қауіпті тауарларға;
      (е) БҰҰ Жарғысының VII тарауына сәйкес қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен тыйым салынған кез келген төлемдер бойынша; және
      (f) Банк Қарыз алушының қандай да бір өкіліне (немесе қандай да бір Қарыз қаражаттарын кез келген өзге алушыға) қатысты оның Қарыз қаражаттарын пайдаланумен байланысты мәжбүрлеуге немесе мәмілеге негізделген сыбайлас жемқорлыққа, алдауға, алаяқтыққа қарыз қаражаттарын пайдаланумен байланысты практикаға қатысқанын және Қарыз алушының (немесе кез келген өзге алушының) осындай практиканы жедел жоюға бағытталған, Банкті қанағаттандыратын уақтылы шаралар және тиісті әрекеттер қолданбағанын Банк анықтаған төлемдер бойынша кез келген шығыстарды білдіреді.
      5. «Қаржылық қадағалау жөніндегі агенттік» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 25 Жарлығына сәйкес қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін білдіреді.
      6. «Жалпы шарттар» - осы толықтырудың II бөлімінде ұсынылған өзгерістер ескеріле отырып, 2012 жылғы 12 наурыздағы «Халықаралық қайта құру және даму банкінің қарыздары үшін жалпы шарттарды» білдіреді.
      7. «ЖІӨ» Қарыз алушының жалпы ішкі өнімін білдіреді.
      8. «ХҚЕС» ХҚЕСҚ қорының норма шығармашылық органы болып табылатын Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жөніндегі кеңес әзірлеген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын білдіреді.
      9. «13 ХҚЕС» 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап шыққан және күшіне енген есептілік стандарты «13 ХҚЕС. Әділ құнды бағалау» білдіреді.
      10. «Ұлттық экономика министрлігі» немесе «ҰЭМ» Қарыз алушының Ұлттық экономика министрлігін немесе оның кез келген заңды құқықтық мирасқорын білдіреді.
      11. «Қаржы министрлігі» Қарыз алушының Қаржы министрлігін немесе оның кез келген заңды құқықтық мирасқорын білдіреді.
      12. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ақша саясаты» бағамдықтан инфляциялық таргеттеуге көшу жоспары негізінде жатқан 2015 жылғы 24 сәуірде ҚРҰБ бекіткен орта мерзімдік ақшалай-кредит саясатын білдіреді.
      13. «Айлық есептік көрсеткіш» немесе «АЕК» зейнетақыларды, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұлдарды, салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу үшін Қазақстанда пайдаланылатын көрсеткішті білдіреді.
      14. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» немесе «ҚРҰБ» Қарыз алушының орталық банкін білдіреді.
      15. «ҚРҰБ кеңесі» ҚРҰБ жоғары әкімшілік органын білдіреді.
      16. «ҚРҰҚ» тұрақты қор ретінде 2000 жылғы тамызда құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын білдіреді.
      17. «Парламент» Қарыз алушының заңнамалық органын білдіреді.
      18. «Бағдарлама» Қарыз алушы Банкке Бағдарламаны іске асыру бойынша өз міндеттемелері туралы мәлімдейтін және Банктен оны іске асыруға жәрдемдесуді сұрайтын 2015 жылғы 9 қазандағы хатта айқындалған немесе оған сілтеме жасалатын кедейшілікті біртіндеп қысқартудың өсуін және оған қол жеткізуді ынталандыру үшін әзірленген әрекеттердің, мақсат пен стратегиялардың бағдарламасын білдіреді.
      19. «Республикалық бюджет» қарыз алушының республикалық бюджетін білдіреді.
      20. «Біржолғы транш» осы Келісімге 1-қосымшаның II бөлімі В бөлігінде келтірілген кестеде «Біржолғы транш» санаты бойынша бөлінген Қарыз сомасын білдіреді.
      21. «КМСК» Қарыз алушының квазимемлекеттік секторы кәсіпорнын білдіреді.
      22. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығымен құрылған акционерлік қоғамды білдіреді.
      23. «Мемлекеттік кірістер комитеті» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына сәйкес құрылған Қаржы министрлігінің комитетін білдіреді.
      24. «Заңға тәуелді акт» Қарыз алушының нормативтік актілер сатысында заңнамалық және басқа да жоғары актілерді одан әрі іске асыру мақсатында және/немесе сол үшін шығарылған Қарыз алушының директивті емес нормативтік актілерін білдіреді.
      25. «ҚҚС» қосылған құн салығын білдіреді.
      26. «ДСҰ» елдер арасындағы сауда қағидаларын реттейтін Дүниежүзілік сауда ұйымын, халықаралық ұйымды білдіреді.

      ІІ бөлім. Жалпы шарттарға түзетулер

      Жалпы шарттарға мынадай өзгерістер енгізілді:
      1. Мазмұнында бөлімдерге сілтемелер, бөлімдердің атаулары мен нөмірленуі төмендегі тармақтарда баяндалған өзгерістерді көрсету үшін өзгертілген.
      2. 2.03-бөлімінің (а) тармағының соңғы сөйлемі (Қаражаттарды алуға өтінімдерге қатысты) толық алып тасталды.
      3. 2.04 (Бөлінген шоттар) мен 2.05 (Қолайлы шығыстар) бөлімдер толығымен алып тасталды, ал қалған бөлімдер II бапта тиісінше қайта нөмірленген.
      4. 3.01-бөлім (Біржолғы комиссия) мынадай редакцияда жазылсын:
      «3.01-бөлім. Біржолғы комиссия; Резервке қою үшін комиссия
      (а) Қарыз алушы Банкке Қарыз туралы келісімде көрсетілген мөлшерлеме бойынша қарыздың сомасына қатысты Біржолғы комиссияны (бұдан әрі - «Біржолғы комиссия») төлейді.
      (b) Қарыз алушы Банкке Қарыз туралы келісімде көрсетілген мөлшерлеме бойынша Қарыздың пайдаланылмаған теңгеріміне қатысты резервке қою үшін комиссия (бұдан әрі - «Резервке қою үшін комиссия») төлейді. Резервке қою үшін комиссия Қарыз туралы келісім күнінен кейін алпыс күн өткен күннен бастап Қарыз алушы Қарыздың шотынан соманы алған немесе оның күші жойылған тиісті күндерге дейін есептеледі. Резервке қою үшін комиссия жарты жылда бір рет төлемнің әрбір күні бойынша кезеңнің соңында төленеді».
      5. 5.01 (Жобаны орындаудың жалпы қағидаттары) және 5.09-бөлімдер (Қаржылық басқару; Қаржылық есептілік; Аудит) толығымен алып тасталды, ал V баптың кейінгі бөлімдері тиісті түрде нөмірленді.
      6. 5.05-бөлімнің (а) тармағы (жоғарыда көрсетілген 5-тармаққа сәйкес қайта нөмірленген және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді пайдалануға жататын) толығымен алып тасталды.
      7. 5.06-бөлімнің (с) тармағы (жоғарыда көрсетілген 5-тармаққа сәйкес нөмірленген) мынадай редакцияда жазылсын:
      «5.06-бөлім. Жоспарлар; Құжаттар; Есепке алу жазбалары
      ... (с) Қарыз алушы жабу Күнінен кейін екі жыл бойы Қарыз шегіндегі шығыстарды растайтын барлық есепке алу жазбаларын (келісімшарттарды, төлем тапсырмаларын, шот-фактуралар, шоттар, түбіртектер мен басқа да құжаттарды) сақтайды. Қарыз алушы Банк өкілдеріне осы есепке алу жазбаларын зерттеуге мүмкіндік береді».
      8. 5.07-бөлімнің (с) тармағы (жоғарыда көрсетілген 5-тармаққа сәйкес қайта нөмірленген) мынадай редакцияда жазылсын:
      «5.07-бөлім. Жоспарлар; Құжаттар; Есепке алу жазбалары
      ... (с) Қарыз алушы Банк Бағдарламаны орындау туралы, Қарыз және Банк бойынша Тараптардың Заң келісімдері бойынша өздерінің тиісті міндеттемелерін орындауы және Қарыз міндеттерін орындауы туралы негізді түрде талап ете алады, осындай көлемде және осындай егжей-тегжейлі деңгейде есепті жабу Күнінен Банкке алты айдан кешіктірмей дайындайды немесе дайындауды қамтамасыз етеді».
      9. Қосымшада анықтамалар, бөлімдерге арналған барлық сілтемелер, төмендегі тармақтарда жазылған өзгерістерді көрсету үшін бөлімдердің атаулары мен нөмірлері өзгертілді.
      10. «Резервке қою үшін комиссия» деген анықтамасы бар жаңа 19-тармақты қосу арқылы және қалған тармақтардың нөмірленуі тиісінше өзгертіле отырып, қосымша өзгертілді:
      «19. Резервке қою үшін комиссия» 3.01(b) бөлімнің мақсаты үшін Қарыз туралы келісімде көрсетілген резервке қою үшін комиссияны білдіреді».
      11. Толықтырудың қайта нөмірленген 37-тармағы (бастапқы 36-тармақ) («Қолайлы шығыстар») мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Қолайлы шығыстар» деген осы Қарыз туралы келісімге сәйкес қаржыландыруға жол берілмейтін шығыстардан басқа, Бағдарламаны қолдауға бөлінген Қарыз қаражатын кез келген жұмсауды білдіреді.».
      12. Толықтырудың қайта нөмірленген 44-тармағы (бастапқы 43-тармақ) («қаржылық есептілік») толық алып тасталды.
      13. Толықтырудың 48-тармағында «Біржолғы комиссия» анықтамасы 3.01-бөлімінен 3.01 (а)-бөліміне сілтемені ауыстыру жолымен өзгертілді.
      14. Толықтырудың 67-тармағында «Қарыз бойынша төлем» деген терминнің анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «67. «Қарыз бойынша төлем» тараптардың құқықтық келісімдерге немесе осы жалпы шарттарға сәйкес Кредит балансының кез келген сомасын, біржолғы комиссиясын, резервке қою үшін комиссияны, мерзімі өткен төлемдер үшін пайыздарды (егер ондайлар болса), мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұлды, ауыстыру немесе ауыстыруды мерзімінен бұрын тоқтату үшін кез келген операциялық алымды өзгермелі спрэдті (егер ондайлар болса) тіркеу үшін комиссияны, пайыздық шектеуді немесе пайыздық мөлшерлеменің тіркелген шегін белгілеу үшін кез келген төлемдерді және Қарыз алушы төлейтін кез келген операциялық шығындарды қоса алғанда (бірақ шектелмей), Банкке төлейтін кез келген соманы білдіреді».
      15. Толықтырудың 72-тармағында «Төлем күні» анықтамасы «болып табылады» деген сөзді алып тастау және «мүдде» деген сөзден кейін «міндеттеме үшін комиссия болып табылады» деген сөздермен толықтыру жолымен өзгертілген.
      16. Толықтырудың 75-тармағында «Жоба» айқындалатын ұғым өзгертілді және «Бағдарлама» ретінде жазылады және оның анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын (осы Жалпы талаптардағы бүкіл мәтін бойынша «Жобаға» берілген барлық сілтемелер «Бағдарламаға» жататын болып есептеледі):
      «75. «Бағдарлама» Қарыз туралы келісімде сілтеме жасалатын және оны қолдау үшін қарыз бөлінген бағдарламаны білдіреді».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады