"Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемеcінің кейбір мәcелелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 272 Жарлығы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарамағына беру арқылы қайта құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігін "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган етіп айқындасын;

      2) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің ақпараттық жұмысының мекемемен өзара іс-қимылын қамтамасыз етсін;

      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі - өзгерістер) бекітілсін.

      4. Мыналардың:

      1) 1-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 403 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1067-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысын бекіту және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 420 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы Жарлық, мекеме белгіленген тәртіппен қайта тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 4-тармағын және өзгерістердің 2-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 1 маусымдағы
№ 272 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      3. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік саяси лауазымдар:" деген 1-тарауда:

      "Орталық коммуникациялар қызметінің" директоры, оның орынбасарлары" деген жол алып тасталсын.

      4. Күші жойылды – ҚР Президентінің 16.08.2017 № 532 Жарлығымен.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады