"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 340 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Өркен" білім беру гранты тағайындалсын.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекітсін;".

      2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады