Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 642 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 642 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамына:

Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі,

Әбдірайым
Бақытжан Жарылқасынұлы

-

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша),

Мектепбаева
Сәуле Қайыргелдіқызы

-

Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің хатшысы (келісім бойынша),

Ораз
Серік Сатыбалдыұлы

-

бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

      енгізілсін;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан: Ә.Қ. Ахметов, Т.Б. Дүйсенова, Г.А. Жұмагелдиева, Е.М. Маямеров шығарылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамында:

      мына:

"Айтпаева
Сәуле Мұханбедианқызы

-

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы",

"Баспаева
Мәдина Қуандыққызы

-

"Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры балетінің жетекші солисі (келісім бойынша)",

"Егімбаева
Майя Ерболатқызы

-

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқарушы директоры (келісім бойынша)",

"Қалтаева
Ләззат Молдабекқызы

-

"Шырақ" мүгедек әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)",

"Мұсақожаева
Айман Қожабекқызы

-

"Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры (келісім бойынша)",

"Нүкетаева
Динар Жүсіпәліқызы

-

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)",

"Тұтқышев
Бексұлтан Серікбайұлы

-

"Назарбаев Университетінің" біріккен академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің бас менеджері (келісім бойынша)",

"Хайруллина
Әсия Үкіқызы

-

"Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасы" қоғамдық бірлестігі басқармасының төрайымы (келісім бойынша)",

"Шәукенова
Зарема Қаукенқызы

-

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану институтының директоры (келісім бойынша)"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Айтпаева
Сәуле Мұханбедианқызы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)",

"Басбаева
Мәдина Қуандыққызы

-

"Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры балетінің жетекші солисі (келісім бойынша)",

"Егімбаева
Майя Ерболатқызы

-

"Kazakh Tourism" Ұлттық Компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)",

"Қалтаева
Ләззат Молдабекқызы

-

"Шырақ" мүгедек әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты (келісім бойынша)",

"Мұсақожаева
Айман Қожабекқызы

-

"Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры (келісім бойынша)",

"Нөкетаева
Динар Жүсіпәліқызы

-

"Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)",

"Тұтқышев
Бексұлтан Серікбайұлы

-

"Ұлттық нейрохирургия орталығы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)",

"Хайрулина
Әсия Үкіқызы

-

"Шығармашыл бастамашы әйелдер лигасы" қоғамдық бірлестігі басқармасының төрайымы (келісім бойынша)",

"Шәукенова
Зарема Каукенқызы

-

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)";

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан М.Е. Әбілқасымова шығарылсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына:

Рогов
Игорь Иванович

-

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, төраға

      енгізілсін;

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан З.Л. Федотова шығарылсын.

      4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы өзгерістер мен толықтыруға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      66-тармақта:

      "Жартыжылдықтың соңғы айының 30-күніне дейін" деген сөздер "Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:

Транов
Александр Юрьевич

-

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

      енгізілсін;

      жоғарыда аталған комиссияның құрамынан Ф.С. Туғанбаев шығарылсын.

      7. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

      музыка, театр және кино секциясына:

Ахмедьяров
Ғалым Алғиұлы

-

"Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" (келісім бойынша)

      енгізілсін;

      жоғарыда аталған комиссияның құрамынан Е.Ә. Біләлов шығарылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

"Қадыржанов
Қайрат Қамалұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ректорының кеңесшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, құрметті профессор (келісім бойынша)",

"Молдабеков
Мейірбек Молдабекұлы

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Қадыржанов
Қайрат Қамалұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы, құрметті профессор (келісім бойынша)",

"Молдабеков
Мейірбек Молдабекұлы

-

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)".

      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мынадай дербес құрамында:

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамына:

Шөкеев
Өмірзақ Естайұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі,

Хаиров
Ерлан Картаевич

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы

      енгізілсін;

"Әріпханов
Айдар Әбдіразақұлы

-

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Әріпханов
Айдар Әбдіразақұлы

-

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы төрағасы (келісім бойынша)";

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан: А.И. Мырзахметов, С.Қ. Тұяқбаев шығарылсын.

      9. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 88 өкіміне:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы ереженің "4. Комиссияның құрамы және оның жұмысын ұйымдастыру" деген тарауының 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Комиссияның лауазымдық құрамына: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (төраға), Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, келісім бойынша - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары кіреді.".

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат):

      1-тармақта "дербес құрамы" деген сөздер "құрамы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамында:

      атауында "дербес құрамы" деген сөздер "құрамы" деген сөзбен ауыстырылсын;

"Асанов
Жақып Қажманұлы

-

"Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Кеңес төрағасының орынбасары",

"Қожамжаров
Қайрат Пернешұлы

-

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Асанов
Жақып Қажманұлы

-

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы",

"Қожамжаров
Қайрат Пернешұлы

-

"Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Кеңес төрағасының орынбасары"

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамына:

Шпекбаев
Алик Жатқамбайұлы 

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

Құсдәулетов
Дулат Рашитұлы
енгізілсін;

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеңестің құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректорлары (келісім бойынша) кіреді.";

      мына:

"Қаудыров
Төлеш Ерденұлы

-

"Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры (келісім бойынша)"

      деген жол алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан Қ.Ә. Мәми шығарылсын;

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      4-тармақта "дербес құрамын" деген сөздер "құрамын" деген сөзбен ауыстырылсын.

      11. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкіміне:

      жоғарыда аталған өкімнің 1-тармағы мынадай мазмұнда жазылсын:

      "1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның мынадай құрамы бекітілсін:

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы - төраға,

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы,

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы,

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі,

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша),

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша).".

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 642 Жарлығымен
бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір актілеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 13 қаңтардағы
№ 273 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі, төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы

      Комиссия мүшелері:

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының мемлекеттің құқықтық саясат және өңірлік саясат саласындағы жұмысты үйлестіруші орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады