"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 647 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      11-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауларға қарсы іс-қимыл бойынша қызметтерді үйлестіру және жүзеге асыру;";

      12-тармақта:

      27-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-2) құпия;";

      64-20) және 64-21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64-20) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асырады;

      64-21) Интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзінің және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 51-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "51-5) ақпараттық қауіпсіздіктің куәландырушы орталығын айқындайды;".

      2. Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық қауіпсіздік комитеті:

      1) ведомстволық құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;

      2) заңнамада белгіленген тәртіпте осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады