"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 793 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия жұмыстарды Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беруге түпкілікті іріктеу қорытындылары бойынша ерекше жағдайларда оны авторлармен қатар шығармашылық ұжымға беруді ұсынуы мүмкін.";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық авторлармен қатар шығармашылық ұжымға берілген жағдайда, оның ақшалай сыйақысы шығармашылық ұжымға қатысушылардың, оның ішінде авторлардың арасында тең бөлінеді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады