Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА "Халық Қаhарманы" атағын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 1 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 1-бабына жəне "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сəйкес тəуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, елімізді экономикалық жəне əлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы НАЗАРБАЕВҚА жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – "Халық Қаhарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз жəне "Отан" ордені тапсырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады