"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 23 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №27, 309-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      4-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мыналардың:

      әлеуметтік-гуманитарлық: білім, ғылым, мәдениет және спорт салаcындағы;

      Мемлекет басшысының жанындағы мына консультативтік-кеңесші органдардың: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның; Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның; Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның; Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның; әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның қызметтерін үйлестіреді;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді, қоғамдық даму саласындағы басқа мемлекеттік талдамалық құрылымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын үйлестіреді;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады