Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 26 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
(үзінді)

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 17 сәуірдегі
№ 26 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығында ("Юридическая газета" газетінде 2000 жылғы 26 сәуірде № 18 жарияланған):

      1-тармақтың 3) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақтың бірінші бөлігінде "хатшысы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі" деген сөздер "хатшысы - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі болып табылады.".

      4. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидаларында:

      6-тармақтың екінші абзацында "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөліміне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақтың бірінші абзацында "қалыптастырғаннан" деген сөзден кейін "және Президент көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келісілгеннен" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 88 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      "4. Комиссияның құрамы және оның жұмысын ұйымдастыру" тарауында:

      1-тармағының екінші бөлігінде "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі жүзеге асырады".

      6. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 671-құжат):

      1-тармақта "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі," деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі,".

      7. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы сараптамалық кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 173 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы сараптамалық кеңес туралы ереже осы Өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      8. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.04.2021 № 544 Жарлығымен.

      9. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 98 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 37-38, 212-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы ережеде:

      12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жедел жағдайдың өзгеруін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының тапсырмаларын ескере отырып, бекітілген жұмыс жоспарына түзетулер енгізілуі мүмкін.";

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеңес отырыстарына Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органдардың өкілдері қатыса алады.".

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 17 сәуірдегі
№ 26 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір актілеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 173 өкіміне
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңес (бұдан әрі – Сарапшылық кеңес) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ғылыми-әдістемелік және сарапшылық-талдамалық қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздік саласында ғылыми негізделген ұсынымдарды әзірлеу үшін құрылған.

      2. Сарапшылық кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.

      3. Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Заң, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы ереже Сарапшылық кеңес қызметінің құқықтық негізі болып табылады.

II. Сарапшылық кеңестің міндеттері, функциялары және өкілеттігі

      4. Сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, оның аппаратының және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әртүрлі бағыттары бойынша ведомствоаралық комиссиялардың қызметін ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу;

      2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, олардың нәтижелілігіне талдау жасау және алынған ғылыми нәтижелерді қолдану болып табылады.

      5. Сарапшылық кеңес негізгі міндеттеріне сәйкес:

      1) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және оның ведомствоаралық комиссияларының отырыстарына материалдарды сараптап пысықтау, ұлттық қауіпсіздік саласында шешімдер қабылдау бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарды дайындау;

      2) Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына ақпараттық-талдамалық материалдар дайындауға қатысу;

      3) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұжырымдамалық, бағдарламалық құжаттарға және бастамаларға ғылыми сараптаманы жүзеге асыру;

      4) ұлттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді анықтау, ұлттық қауіпсіздіктің өзекті қатерлеріне, олардың ықтималдығы мен салдарларына сарапшылық бағалау жүргізу, осы қателерді барынша азайту жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

      5) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау, оларды ғылыми-зерттеумен сүйемелдеудің басымдықтарын айқындау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кешенді ғылыми-зерттеулерді жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу функцияларын жүзеге асырады.

      6. Сарапшылық кеңес жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшін:

      1) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсыныс енгізуге;

      2) бюджеттік бағдарламаларға енгізу үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға жіберілетін, ұлттық қауіпсіздіктің өзекті проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге тапсырыс қалыптастыруға;

      3) мемлекеттік органдар, ғылыми және білім беру мекемелері және архив деректерінің ақпараттық дерекқорын пайдалануға;

      4) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      5) жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының келісімімен ғылыми-зерттеу ұйымдарынан және сарапшылық-талдамалық құрылымдардан мамандар тартуға құқылы.

ІІІ. Сарапшылық кеңестің құрамы және оның жұмыс тәртібі

      7. Сарапшылық кеңестің құрамы Сарапшылық кеңестің төрағасынан, төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен құрылады.

      8. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымы бойынша Сарапшылық кеңестің төрағасы болып табылады. Сарапшылық кеңестің төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы және мүшелері міндеттерін атқару қоғамдық негіздерде жүзеге асырылады.

      9. Сарапшылық кеңестің төрағасы:

      1) Сарапшылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына Сарапшылық кеңестің құрылымы, оның дербес құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) Сарапшылық кеңестің қызметінің басым бағыттарын және олармен байланысты міндеттерді қалыптастырады;

      4) Сарапшылық кеңестің жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітеді;

      5) Сарапшылық кеңестің қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      6) Сарапшылық кеңес төрағасының орынбасарын тағайындайды;

      7) Сарапшылық кеңестің мүшелері мен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының жауапты қызметкерлері арасынан Сарапшылық кеңес комиссияларының басшылары мен хатшыларын белгілейді.

      10. Жетекші сарапшылар, ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының, орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық-талдамалық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Сарапшылық кеңестің мүшелері болып табылады.

      11. Сарапшылық кеңестің мүшелері:

      1) Сарапшылық кеңес отырыстарында күн тәртібі мәселелерін талқылау кезінде тең құқықтарға ие болады;

      2) Сарапшылық кеңес қызметінің мәселелері бойынша Сарапшылық кеңестің төрағасына жүгінуге құқылы;

      3) Сарапшылық кеңеске келіп түскен ақпаратты белгіленген тәртіппен пайдалануға құқылы;

      4) Сарапшылық кеңестің отырысына қатыспаған жағдайда қаралатын мәселе жөніндегі өз пікірін жазбаша түрде беруге құқылы.

      12. Сарапшылық кеңеске жүктелген функцияларды іске асыру үшін оның қызметінің негізгі бағыттары бойынша Сарапшылық кеңестің комиссиялары құрылады.

      13. Сарапшылық кеңестің жұмысы жалпы отырыстар және оның комиссияларының қызметі нысанында жүзеге асырылады.

      14. Жалпы отырыстарды өткізу мерзімдерін Сарапшылық кеңестің төрағасы белгілейді. Жалпы отырыстардың оларға Сарапшылық кеңес мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, құқықтық күші бар деп есептеледі.

      15. Сарапшылық кеңес комиссияларының отырыстары комиссиялар басшыларының келісімі бойынша Сарапшылық кеңестің төрағасы не төрағаның орынбасары айқындайтын күндері өткізіледі.

ІV. Сарапшылық кеңестің қызметін қамтамасыз ету

      16. Сарапшылық кеңестің қызметін ақпараттық және ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді өкілдері Сарапшылық кеңестің құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қолдауымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің меңгерушісі лауазымы бойынша Сарапшылық кеңестің хатшысы болып табылады.

      17. Сарапшылық кеңестің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржылық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 17 сәуірдегі
№ 26 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің
ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 Жарлығының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 51, 466-құжат);

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 561 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 31, 465-құжат);

      3. "Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 1996 жылғы 21 наурыздағы № 1 шешiмiнен туындайтын қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегі № 2969 өкiмi;

      4. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы № 120 өкiмi;

      5. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының және ведомствоаралық комиссияларының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 25 наурыздағы № 320 өкiмi;

      6. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбір өкiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 24 қазандағы № 425 өкімі;

      7. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбір өкiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 68 өкімі;

      8. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары мен инспекциясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 292 өкімі.

О внесении изменений и дополнений в некоторые акты Президента Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых актов Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 17 апреля 2019 года № 26.

  Подлежит опубликованию
в Собрании актов Президента и
Правительства Республики
Казахстан
(выписка)

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые акты Президента Республики Казахстан.

      2. Признать утратившими силу некоторые акты Президента Республики Казахстан согласно приложению к настоящему Указу.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 17 апреля 2019 года № 26

ИЗМЕНЕНИЯ И ДОПОЛНЕНИЯ, которые вносятся в некоторые акты Президента Республики Казахстан

      1. В Указе Президента Республики Казахстан от 20 апреля 2000 года № 377 "О мерах по совершенствованию системы борьбы с преступностью и коррупцией" (опубликованный в газете "Юридическая газета" от 26 апреля 2000 г. № 18):

      в подпункте 3) пункта 1 слова "Отделу правоохранительной системы Администрации Президента Республики Казахстан" заменить словами "Отделу правоохранительной системы Совета Безопасности Республики Казахстан".

      2. Утратил силу Указом Президента РК от 31.07.2023 № 290.

      3. В Указе Президента Республики Казахстан от 2 апреля 2002 года № 839 "Об образовании Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам противодействия коррупции" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 10, ст. 92):

      в Положении о Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам противодействия коррупции, утвержденном вышеназванным Указом:

      в части первой пункта 4 слова "секретарем - заведующий Отделом правоохранительной системы Администрации Президента Республики Казахстан" заменить словами "секретарем - заведующий Отделом правоохранительной системы Совета Безопасности Республики Казахстан";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Рабочим органом Комиссии является Отдел правоохранительной системы Совета Безопасности Республики Казахстан.".

      4. В Указе Президента Республики Казахстан от 28 августа 2013 года № 624 "О формировании Президентского резерва руководства правоохранительных и специальных государственных органов Республики Казахстан":

      в Правилах формировании Президентского резерва руководства правоохранительных и специальных государственных органов Республики Казахстан, утвержденных вышеназванным Указом:

      в абзаце втором пункта 6 слова "Отдел правоохранительной системы Администрации Президента Республики Казахстан" заменить словами "Отдел правоохранительной системы Совета Безопасности Республики Казахстан";

      в абзаце первом пункта 12 после слова "органов" дополнить словами "и согласования с помощником Президента - Секретарем Совета Безопасности Республики Казахстан".

      5. В распоряжении Президента Республики Казахстан от 3 ноября 1999 года № 88 "О Комиссии по высшим воинским и иным званиям, классным чинам":

      в Положении о Комиссии по высшим воинским и иным званиям, классным чинам, утвержденном вышеназванным распоряжением:

      в главе "4. Состав и организация работы Комиссии":

      в части второй пункта 1 слова "Отделом правоохранительной системы Администрации Президента Республики Казахстан" заменить словами "Отделом правоохранительной системы Совета Безопасности Республики Казахстан";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Обеспечение деятельности Комиссии осуществляется Отделом правоохранительной системы Совета Безопасности Республики Казахстан.".

      6. В распоряжении Президента Республики Казахстан от 18 апреля 2002 года № 323 "Об утверждении состава Комиссии по высшим воинским и иным званиям, классным чинам" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 51, ст. 671):

      в пункте 1 строку "заведующий Отделом правоохранительной системы Администрации Президента Республики Казахстан," изложить в следующей редакции:

      "заведующий Отделом правоохранительной системы Совета Безопасности Республики Казахстан,".

      7. В распоряжении Президента Республики Казахстан от 5 декабря 2007 года № 173 "Об Экспертном совете при Совете Безопасности Республики Казахстан":

      Положение об Экспертном совете при Совете Безопасности Республики Казахстан, утвержденное вышеназванным распоряжением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящим Изменениям и дополнениям.

      8. Утратил силу Указом Президента РК от 03.04.2021 № 544.

      9. В распоряжении Президента Республики Казахстан от 9 июня 2016 года № 98 "О Координационном совете подразделений специального назначения государственных органов при Совете Безопасности Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 37-38, ст. 212):

      в Положении о Координационном совете подразделений специального назначения государственных органов при Совете Безопасности Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным распоряжением:

      часть четвертую пункта 12 изложить в следующей редакции:

      "В утвержденный план работы могут вноситься коррективы с учетом изменений оперативной обстановки, а также поручений Президента Республики Казахстан, Совета Безопасности Республики Казахстан и Аппарата Совета Безопасности Республики Казахстан.";

      часть вторую пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "В заседаниях Совета могут принимать участие представители Аппарата Совета Безопасности Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан и государственных органов.".

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Изменениям и дополнениям,
которые вносятся в некоторые
акты Президента
Республики Казахстан,
утвержденным Указом
Президента
Республики Казахстан
от 17 апреля 2019 года № 26
  УТВЕРЖДЕНО
распоряжением Президента
Республики Казахстан
от 5 декабря 2007 года № 173

ПОЛОЖЕНИЕ об Экспертном совете при Совете Безопасности Республики Казахстан

I. Общие положения

      1. Экспертный совет при Совете Безопасности Республики Казахстан (далее - Экспертный совет) образован для научно-методологического и экспертно-аналитического обеспечения деятельности Совета Безопасности Республики Казахстан, выработки научно обоснованных рекомендаций в сфере национальной безопасности.

      2. Экспертный совет создается, реорганизуется и упраздняется актом Президента Республики Казахстан.

      3. Правовой основой деятельности Экспертного совета являются Конституция Республики Казахстан, Закон "О Совете Безопасности Республики Казахстан", иные нормативные правовые акты, а также настоящее положение.

II. Задачи, функции и полномочия Экспертного совета

      4. Основными задачами Экспертного совета являются:

      1) информационно-аналитическое сопровождение деятельности Совета Безопасности Республики Казахстан, его аппарата и межведомственных комиссий по различным направлениям обеспечения национальной безопасности;

      2) координация научно-исследовательских работ в сфере обеспечения национальной безопасности, анализ их результативности и применения полученных научных результатов.

      5. В соответствии с основными задачами Экспертный совет осуществляет следующие функции:

      1) экспертная проработка материалов к заседаниям Совета Безопасности Республики Казахстан и его межведомственных комиссий, подготовка научно обоснованных рекомендаций по принятию решений в сфере национальной безопасности;

      2) участие в подготовке информационно-аналитических материалов для Председателя Совета Безопасности Республики Казахстан;

      3) осуществление научной экспертизы концептуальных, программных документов и инициатив по вопросам обеспечения национальной безопасности;

      4) выявление рисков в сфере национальной безопасности, проведение экспертной оценки актуальных угроз национальной безопасности, их вероятности и последствий, выработка рекомендаций по минимизации данных угроз;

      5) подготовка предложений по формированию основных направлений государственной политики в сфере обеспечения национальной безопасности, определение приоритетов в их научно-исследовательском сопровождении, внесение предложений по проведению комплексных научных исследований в области обеспечения национальной безопасности.

      6. Для выполнения возложенных задач и осуществления своих функций Экспертный совет вправе:

      1) вносить предложения в Высшую научно-техническую комиссию по приоритетным направлениям прикладных научных исследований в сфере обеспечения национальной безопасности, финансируемых из государственного бюджета;

      2) формировать заказ на проведение научно-исследовательских работ по актуальным проблемам национальной безопасности, направляемый в установленном порядке в государственные органы для включения в бюджетные программы;

      3) пользоваться информационными банками данных государственных органов и организаций, научных и образовательных учреждений и архивов;

      4) запрашивать и получать в установленном порядке необходимую информацию из государственных органов и организаций;

      5) по согласованию с Секретарем Совета Безопасности Республики Казахстан привлекать для выполнения возложенных задач специалистов из научно-исследовательских организаций и экспертно-аналитических структур.

III. Состав Экспертного совета и порядок его работы

      7. Экспертный совет формируется в составе председателя, заместителя председателя, секретаря и членов Экспертного совета.

      8. Председателем Экспертного совета является по должности Секретарь Совета Безопасности Республики Казахстан. Исполнение обязанностей председателя, заместителя председателя, секретаря и членов Экспертного совета осуществляется на общественных началах.

      9. Председатель Экспертного совета:

      1) организует работу Экспертного совета и осуществляет контроль за его деятельностью;

      2) вносит предложения Председателю Совета Безопасности Республики Казахстан по структуре Экспертного совета, его персональному составу;

      3) формирует приоритетные направления деятельности Экспертного совета и связанные с ними задачи;

      4) утверждает ежегодный план работы Экспертного совета;

      5) осуществляет взаимодействие с государственными органами и организациями по вопросам обеспечения деятельности Экспертного совета;

      6) назначает заместителя председателя Экспертного совета;

      7) определяет руководителей и секретарей комиссий Экспертного совета из числа членов Экспертного совета и ответственных сотрудников аппарата Совета Безопасности Республики Казахстан.

      10. Членами Экспертного совета являются ведущие эксперты, ученые, руководители научно-исследовательских институтов, информационно-аналитических структурных подразделений центральных государственных органов и другие специалисты.

      11. Члены Экспертного совета:

      1) обладают равными правами при обсуждении вопросов повестки дня на заседаниях Экспертного совета;

      2) имеют право обращаться к председателю Экспертного совета по вопросам деятельности Экспертного совета;

      3) имеют право пользоваться в установленном порядке информацией, поступающей в Экспертный совет;

      4) в случае отсутствия на заседании Экспертного совета вправе изложить в письменной форме свое мнение по рассматриваемым вопросам.

      12. Для реализации функций, возложенных на Экспертный совет, образуются комиссии Экспертного совета по основным направлениям его деятельности.

      13. Работа Экспертного совета осуществляется в форме пленарных заседаний и деятельности его комиссий.

      14. Сроки проведения пленарных заседаний устанавливаются председателем Экспертного совета. Пленарные заседания считаются правомочными, если на них присутствует не менее половины членов Экспертного совета.

      15. Заседания комиссий Экспертного совета проводятся в дни, определяемые председателем Экспертного совета либо заместителем председателя по согласованию с руководителями комиссий.

IV. Обеспечение деятельности Экспертного совета

      16. Информационное и организационно-техническое обеспечение деятельности Экспертного совета осуществляется Аналитическим отделом Совета Безопасности Республики Казахстан при содействии государственных органов и организаций, представители которых входят в состав Экспертного совета. Заведующий Аналитическим отделом Совета Безопасности Республики Казахстан по должности является секретарем Экспертного совета.

      17. Финансовое обеспечение научно-исследовательских работ Экспертного совета осуществляется в рамках бюджетных программ Администрации Президента, Совета Безопасности Республики Казахстан, государственных органов по заявкам Аналитического отдела Совета Безопасности Республики Казахстан, а также в рамках программно-целевого финансирования научной деятельности в соответствии с Законом Республики Казахстан "О науке".

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 17 апреля 2019 года № 26

ПЕРЕЧЕНЬ утративших силу некоторых актов Президента Республики Казахстан

      1. Подпункт 2) пункта 4 Указа Президента Республики Казахстан от 22 сентября 2010 года № 1066 "О некоторых вопросах реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 августа 2010 года № 1039" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 51, ст. 466).

      2. Пункт 7 Изменений и дополнения, которые вносятся в некоторые акты Президента Республики Казахстан, утвержденные Указом Президента Республики Казахстан от 6 мая 2013 года № 561 "О внесении изменений и дополнения в некоторые акты Президента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 31, ст. 465).

      3. Распоряжение Президента Республики Казахстан от 30 апреля 1996 года № 2969 "О дополнительных мерах по обеспечению общественной безопасности, вытекающих из решения Совета Безопасности Республики Казахстан от 21 марта 1996 года № 1".

      4. Распоряжение Президента Республики Казахстан от 10 февраля 2000 года № 120 "О межведомственных комиссиях Совета Безопасности Республики Казахстан".

      5. Распоряжение Президента Республики Казахстан от 25 марта 2002 года № 320 "О составах межведомственных комиссий Совета Безопасности Республики Казахстан".

      6. Распоряжение Президента Республики Казахстан от 24 октября 2003 года № 425 "О внесении изменений и дополнения в некоторые распоряжения Президента Республики Казахстан".

      7. Распоряжение Президента Республики Казахстан от 25 сентября 2006 года № 68 "О внесении изменений и дополнений в некоторые распоряжения Президента Республики Казахстан".

      8. Распоряжение Президента Республики Казахстан от 21 января 2009 года № 292 "О составах межведомственных комиссий и инспекции Совета Безопасности Республики Казахстан".