Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 маусымдағы № 57 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
(үзінді)

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 1 маусымдағы
№ 57 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі",

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі",

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі",

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі",

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі".

      2. "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықтың атауында және 2-тармағында "Астана қаласының", "Астана қаласында" деген сөздер тиісінше "Нұр-Сұлтан қаласының", "Нұр-Сұлтан қаласында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:

Мамин
Асқар Ұзақбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, төрағаның орынбасары

      Комиссия мүшелері:

Смайылов
Әлихан Асханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Дәленов
Руслан Ерболатұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі

Хорошун
Сергей Михайлович

-

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары

Жүнісов
Сәрсембек Еңдібайұлы

-

"Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу жобалау институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)".

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

Тәжин
Марат Мұханбетқазыұлы

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға,

Онжанов
Нұрлан Баймолдаұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, төрағаның орынбасары;

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Г.Н. Әбдіқалықова, М.Б. Қасымбеков шығарылсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның құрамына енгізілсін:

Сапарбаев
Бердібек Машбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі;

      мына:

"Абаев
Дәурен Әскербекұлы

-

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Абаев
Дәурен Әскербекұлы

-

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі";

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан: М.Е. Әбілқасымова, Д.А. Кəлетаев шығарылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ережеде:

      3-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында "Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы" және "Қазақстан Республикасында Гендерлiк теңдiктiң 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясын" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы" және "Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 6) тармақшасында "Астана, Алматы қалалары" деген сөздер "Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамында:

      мына:

"Әбдіхалықова
Гүлшара Наушақызы

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төрайым",

"Ибрагимова
Ләззат Еркінқызы

-

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)",

"Рамазанова
Лаззат Керімқұлқызы

-

"Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы Хатшылығының басшысы (келісім бойынша)",

"Тұрсынбекова
Салтанат Пархатқызы

-

"Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше тапсырмалар бойынша аға көмекшісі"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Әбдіқалықова
Гүлшара Наушақызы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрайым",

"Ибрагимова
Ләззат Еркінқызы

-

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының басқарма төрайымы (келісім бойынша)",

"Рамазанова
Лаззат Керімқұлқызы

-

"Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)",

"Тұрсынбекова
Салтанат Пархатқызы

-

"қоғам қайраткері (келісім бойынша)".

      6. "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелерінде:

      4, 8, 10 және 12-тармақтарда:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      16-тармақта:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі".

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 332-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі, Кеңес төрағасының орынбасары",

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Кеңес хатшысы",

"Споткай
Максим Александрович

-

"НҰР-Медиа" ЖШС бас директорының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының төрағасы (келісім бойынша)",

"Газдиева
Белла Асланбекқызы

-

"Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылдық округінің әкімі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі (келісім бойынша)"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Кеңес төрағасының орынбасары",

      "Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Кеңес хатшысы",

"Споткай
Максим Александрович

-

"Nur Otan" партиясы орталық аппаратының баспасөз қызметінің жетекшісі, "Жаңғыру жолы" Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық жастар қозғалысының төрағасы (келісім бойынша)",

"Газдиева
Белла Асланбекқызы

-

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі (келісім бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Кеңес төрағасының орынбасары" деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Кеңес төрағасы";

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы",

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары";

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Нұрғожин
Әділет

-

Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің бас директоры (келісім бойынша),

Абдуллаев
Расул

-

KEX маркетингтік агенттігінің негізін қалаушысын (келісім бойынша),

Жакиев
Нұрхат Қуандықұлы

-

Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері (келісім бойынша),

Алябьева
Анна Розматовна

-

көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері (келісім бойынша),

Ордабаев
Олжас Темірбекұлы

-

Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша),

Бахретдинов
Уалихан Қабимоллаұлы

-

"Ұлан-ғайыр Дала Елі" қоғамдық бірлестігінің директоры, Назарбаев орталығы жанындағы "Орталық Азия БҰҰ Моделі" үйлестіру орталығының жетекшісі (келісім бойынша),

Тосқанбаев
Арман Айдосұлы

-

кәсіпкер, Жас кәсіпкерлер қауымдастығының жетекшісі (келісім бойынша),

Ахметова
Лейла Ерназарқызы

-

Назарбаев Университеті студенттік үкіметінің президенті (келісім бойынша),

Ерниязова
Айсұлу
Әлімжанқызы

-

"Волонтерлер лигасы" қоғамдық қорының төрағасы, "G 38" жастар қозғалысының көшбасшысы (келісім бойынша),

Шайжүнісова
Динара Ғапланқызы

-

"Болашақ" корпоративтік қорының директоры (келісім бойынша);

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, "Жас Ұлан" бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Әбділов Ә.С., Әуесбай Қ.Ә., Ержанова А.М., Здоровец М.В., Құдайберген Қ., Маратов Ж., Мектепбаева Д.Қ., Мельниченко Ю.В. Мырзахметов А.И., Назарбаева Д.Н., Нұрахметов Н.М., Сарин Қ.А., Омаров А.Қ., Хаматдинова А.Н. шығарылсын.

      8. ҚБП.

      9. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларында:

      74-тармақта:

      "Астана, Алматы қалаларының" деген сөздер "Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Мемлекеттік рәміздер және ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі",

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі",

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:

      5-тармақтың 6) тармақшасында:

      "Астана, Алматы қалаларының" деген сөздер "Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 477-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары".

      11. "Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 548-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережеде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың тұрақты мүшелері мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (басшының орынбасары);

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (басшының орынбасары);

      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;

      4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

      5) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

      6) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

      7) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

      Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб басшысының шешімі бойынша штабтың құрамына өзге де мемлекеттік органдардың басшылары енгізілуі мүмкін."

      12. "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 563-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Лауазымдары бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының мүшелері мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;

      2) Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры;

      3) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

      4) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

      5) Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

      6) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

      7) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

      8) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрі;

      9) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

      10) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

      11) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

      12) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

      13) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

      14) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

      15) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

      16) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

      17) Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;

      18) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы басшысының орынбасары).".

      13. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 659 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 59, 807-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңестің құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары",

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі, хатшы"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары",

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, хатшы".

      14. "Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 191-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің лауазымдық құрамында:

      мына жолда:

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)"

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      15. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 293-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Орталық Азия бойынша басшысы" (келісім бойынша) деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі төралқасының төрайымы (келісім бойынша)";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары";

      "МАС ALIANS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын.

      16. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

"Молдабеков
Мейірбек Молдабекұлы

-

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Молдабеков
Мейірбек Молдабекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)".

      17. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 20, 100-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасының Президенті жанында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына енгізілсін:

Мамин
Асқар Ұзақбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға,

Смайылов
Әлихан Асханұлы

-

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,

Дәленов
Руслан Ерболатұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

      мына:

"Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі";

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан: Б.Ә. Сағынтаев, Е.А. Досаев шығарылсын.

      18. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 52-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып тағайындалсын:

Жолдасбеков
Нұржан Өтепбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы,

Тілегенов
Сәкен Сауарғалиұлы

-

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы,

Қайшыбеков
Ғалым Айдашұлы

-

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы,

Карбенова
Бекзат Есембекқызы

-

Қостанай облысы Арқалық қалалық сотының судьясы.

      19. "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 64-65, 382-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі".

      20. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі",

      "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі",

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төраға орынбасары",

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі",

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі";

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төраға орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы";

      мына жолдар алып тасталсын:

      "Салаларды цифрландыру және цифрлық экономиканы дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары",

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, хатшы";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.".

      21. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереженің 6-тармағында:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы," деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы,".

      22. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына енгізілсін:

Әбдіқалықова
Гүлшара Наушақызы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары,

Атамқұлов
Бейбіт Бəкірұлы

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі,

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі,

Дəленов
Руслан Ерболатұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі,

Батыршаев
Бақыт Данабекұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы;

      мына:

"Мамин
Асқар Ұзақбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары",

"Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары",

"Смайылов
Әлихан Асханұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі",

"Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі",

"Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Мамин
Асқар Ұзақбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі",

"Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы",

"Смайылов
Әлихан Асханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі",

"Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

-

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары",

"Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі";

      аталған Кеңестің құрамынан: Қ.Қ. Әбдірахманов, Д.Т. Ақышев, Т.М. Жақсылықов, А.Қ. Жұмағалиев, Б.Ә. Сағынтаев, Ө.Е. Шөкеев, Е.К. Хаиров шығарылсын.

      23. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің құрамына енгізілсін:

Нұрдəулетов
Ғизат Дəуренбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Кеңес төрағасының орынбасары;

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан Қ.П.Қожамжаров шығарылсын.

      24. "Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 190 өкімінде ("Егемен Қазақстан" 2013 ж. 2 сәуір № 97 (28036):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жыл сайын төрт сыйлықтан артық берілмейді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жыл сайын төрт гранттан артық тапсырылмайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Берілетін сыйлықтар, тапсырылатын гранттар және Алғысын жариялаудың мөлшерін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді."

      11-тармақта:

      "Ақшалай сыйақы сыйлықтар мен гранттар лауреаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тапсырылады немесе аударылады." деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыйлықтар, гранттар және Алғыс лауреаттарына ақшалай сыйақы Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тапсырылады немесе аударылады.";

      14-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамдық комиссияны Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметіне жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары басшылық жасайды.";

      "Қоғамдық комиссия құрамын жыл сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы бекітеді." деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамдық комиссия құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметіне жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары жыл сайын бекітеді.";

      37-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы" деген сөздер "басқа лауазымды адам" деген сөздермен ауыстырылсын.

      25. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 248 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 908-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің саяси қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының лауазымдық құрамында:

      "Қоғамдық даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын "Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, комиссия төрағасының орынбасары";

      "Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі" деген жол алып тасталсын;

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының лауазымдық құрамында:

      "Ішкі істер министрінің орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министрі",

      "Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі";

      "Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі";

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының лауазымдық құрамында:

      мына:

      "Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, комиссия төрағасы",

      "Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, комиссия төрағасы",

      "Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы";

      "Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі" деген жол алып тасталсын;

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының лауазымдық құрамында:

      "Инвестициялар және даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі";

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының лауазымдық құрамында:

      "Инвестициялар және даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі".

      26. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімінде ("Егемен Қазақстан" 2013 ж. 10 желтоқсан. № 271 (28210):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі".

      27. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 66-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі"

      "Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі";

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының жобаларын үйлестіру және іске асыру мәселелеріне жетекшілік етуші орынбасары, төрағаның орынбасары",

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі",

      "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі"

      деген жолдар тиісінше мынадай мазмұнда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі, төрағаның орынбасары",

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі",

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі";

      мына жолдар алып тасталсын:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі",

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады