"Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс

      "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:

      Астана қаласының соты – Нұр-Сұлтан қаласының соты;

      Астана қаласының аудандық және оларға теңестірiлген соттары

      Нұр-Сұлтан қаласының аудандық және оларға теңестірiлген соттары деп қайта аталсын.

      2. Қайта аталатын соттардың төрағалары және соттары қайта аталған соттардың төрағалары және соттары деп есептелсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 151 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 20.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тізбесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті (құпия).";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволарының тізбесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі.".

      2. "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 44, 424-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комиссияның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.".

      3. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 36, 337-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Институттың орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы.".

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Шекара қызметінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі, 48.".

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй.".

      6. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:

      мына:

      "

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

Президент


тиісінше Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың мәслихаттары

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары

тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы

Әкімшілік Басшысы

  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері

Президент


тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағалары

тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттары

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы

  ";

      мына:

      "

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдерінің орынбасарлары, аппараттарының жетекшілері

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері


Әкімшілік Басшысы

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің орынбасарлары, әкімдер аппараттарының басшылары

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері


Әкімшілік Басшысы

  ";

      мына:

      "

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының прокурорлары, облыстардың және оларға теңестірілген прокурорлар

Бас Прокурор

Бас Прокурор

Комиссия*

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар

Бас Прокурор

Бас Прокурор

Комиссия*

  ";

      мына:

      "

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ҰҚК департаменттерінің, ҰҚК облыстық департаменттерінің бастықтары

ҰҚК Төрағасы


Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ҰҚК департаменттерінің бастықтары

ҰҚК Төрағасы


Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

  ";

      мына:

      "

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың полиция департаменттерінің бастықтары

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

Ішкі істер министрі

Комиссия*

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің бастықтары

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері

Ішкі істер министрі

Комиссия*

  ";

      мына:

      "

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар бойынша департаменттерінің басшылары 

Министр

Министр

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар бойынша экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары

Министр

Министр

Комиссия*

Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары, орынбасарлары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Әкімшілік Басшысы

  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша департаменттерінің басшылары

Министр

Министр

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары

Министр

Министр

Комиссия*

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Әкімшілік Басшысы

  ";

      мына:

      "

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әділет департаменттерінің басшылары

жауапты хатшы


Әкімшілік Басшысы, Әділет министрі

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменттерінің басшылары

жауапты хатшы


Әкімшілік Басшысы, Әділет министрі

  ";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      3-тармақта:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың басшы лауазымды адамдары жөнінде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері;";

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағалары жөнінде – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы;";

      17-тармақта:

      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары, ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры, қызметтердің бастықтары және олардың орынбасарлары, қызметтер департаменттерінің, орталық аппарат департаменттерінің, орталық аппарат жанындағы департаменттердің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана департаменттерінің, ҰҚК академиясының бастықтары;";

      3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, төрағаның бірінші орынбасары, орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары;";

      18-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарлары; Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша департаменттерінің басшылары;";

      19-тармақта:

      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бас Прокурордың орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың прокурорлары, оларға теңестірілген басқа да прокурорлар; Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасы; Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры, бірінші проректоры;

      Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары; Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары, Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментінің, криминалдық полиция, тергеу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;";

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары, Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары;";

      21-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша әділет департаменттерінің басшылары;";

      23-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің орынбасарлары, әкімдері аппараттарының басшылары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағалары; облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, қалалардағы аудандардың әкімдері.".

      7. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Есеп комитетінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй.".

      8. "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ұлттық орталықтың заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 2.".

      9. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 130-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Комитеттің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармалары және оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық органдар) болады, олар өз қызметінде Комитет төрағасына бағынады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәскеу көшесі, 34.".

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары ресімделген материалдарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттеріне жібереді, олар материалдарды тиісті ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері материалдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының пікірімен қоса Ішкі істер министрлігіне жібереді, ол өз қорытындысын жасайды және оны материалдармен бірге Комиссияның жұмыс органына ұсынады.".

      11. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Мейман бекітілген лауазымды адаммен бірге Отан қорғаушылар монументіне (бұдан әрі – монумент) келеді. Мейманды монументтің жанында құрметті қарауыл бастығы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі (әкімнің орынбасары) қарсы алады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі (әкімнің орынбасары) мейманды монумент кешенімен таныстырады. Кешенді қарап болғаннан кейін мейман құрметті қарауыл бастығымен бірге құрметті қарауыл ротасының салтанатпен жүріп өтуін қарау үшін арнайы бөлінген орынға келеді.

      Содан соң мейман Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен (әкімнің орынбасарымен) бірге ағаш отырғызатын жерге бағыт алады. Ағаш отырғызу рәсімі аяқталғаннан кейін делегация кортежге беттейді де жүріп кетеді.";

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Сайланған Президенттің қызметіне кірісуі салтанатты рәсімі (ұлықтау) ол сайланған жылдан кейінгі жылдың қаңтарының екінші сәрсенбісінде өткізіледі.

      Ұлықтау Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Сондай-ақ ұлықтауға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы және Президент Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, өзге де орталық мемлекеттік органдарының басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері, шет мемлекеттер және үкіметтер басшылары, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, қазақстандық және халықаралық қоғамдастықтың, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысуға құқылы.";

      112 және 113-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Президент шет мемлекетке (шет мемлекеттен) кеткен (келген) кезде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында шығарып салуға (қарсы алуға) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Президент Әкімшілігінің Басшысы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қатысады.

      113. Президентті Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында ел өңіріне (ел өңірінен) шығарып салуға (қарсы алуға) – Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, ал өңірлерде облыс әкімі, облыстық маңызы бар қаланың әкімі немесе республикалық маңызы бар қаланың әкімі қатысады.";

      120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "120. Ұшақ басқышы жанында шетелдік үкімет басшысын Қазақстан Республикасының бекітілген лауазымды адамы (Министрдің орынбасарына теңестірілген деңгейде) (екіжақты үкіметаралық комиссия болған жағдайда – тиісті үкіметаралық комиссияның өкілі), Сыртқы істер министрлігінің департамент директоры, Қазақстан Республикасының мейман еліндегі Елшісі (келісу бойынша) және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қарсы алады/шығарып салады. Мейман зайыбымен/жұбайымен бірге келген жағдайда, оны бекітілген басқа лауазымды адам (тиісті жыныстағы) қарсы алады/шығарып салады және еріп жүреді.

      Ұшақ басқышы жанында мейманға қазақтың ұлттық киімін киген бойжеткен гүл ұсынады (егер мейман зайыбымен (жұбайымен) бірге келсе, мейманға және зайыбына (жұбайына) ұлттық киім киген бойжеткен мен бозбала гүл ұсынады).";

      146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "146. Премьер-Министрдің ел ішіндегі жұмыс бабындағы сапары бағдарламасында мынадай іс-шаралар өткізу: Нұр-Сұлтан қаласында және жергілікті жерлерде шығарып салу (қарсы алу), өнеркәсіптік және басқа да әлеуметтік маңызды объектілерге бару көзделеді.";

      178-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының ел ішіндегі жұмыс сапарлары кезінде Нұр-Сұлтан қаласында және жергілікті жерлерде шығарып салу (қарсы алу), болу бағдарламасын жасау сияқты бірқатар протоколдық іс-шараларды жүргізу және қамтамасыз ету көзделеді.";

      194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "194. Нұр-Сұлтанға/Нұр-Сұлтаннан келген (кеткен) кезде Елшіні Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің қызметкері қарсы алады (шығарып салады) және Елші мен оның отбасы мүшелері үшін әуежайдың VІР-залының қызметтерін төлемақысыз қамтамасыз етеді.".

      12. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әкімшіліктің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, "Ақорда" резиденциясы.".

      13. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 60, 589-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 39.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Департаменттің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      14. "Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 438-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген құрылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының штат санының лимиттерінде:

      мына:

      "

Астана қ.

31

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Нұр-Сұлтан қ.

31

  ".

      15. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1180-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасында:

      "1. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың пайымы" деген бөлімде:

      "3. Әлемдік практиканың оң тәжірибесіне шолу" деген кіші бөлімінде:

      жиырма тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстанда жалпы ірі қалаларда Польшаға ұқсас басқару құрылымы қалыптасқан: Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда аудандар, басқа облыстық маңызы бар қалаларда – орталықтандырылған басқару құрылған. Польша тәжірибесін ескере отырып, қаладағы аудан деңгейінде дербес бюджеті бар басқару органдарын құру орынсыз.";

      "2. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың және қызметінің негізгі қағидаттары" деген бөлімде:

      "2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тәсілдері" деген кіші бөлімінде:

      он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ірі қалалардағы жалпықалалық шаруашылықты басқару ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған шараларды басқарудың төменгі деңгейіне жататын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы аудандарға қолданбау ұсынылады;";

      жиырма бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте қазіргі кезде демократиялық тәртіппен, яғни тиісті мәслихат депутаттарының алдын ала келісімімен жүзеге асырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың әкімдерін тағайындаудың қолданыстағы тәртібін сақтау орынды.".

      16. "Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 504-құжат):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:

      1) өз қызметінде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі қабылдайтын құжаттардың Тұжырымдамамен үйлесуін қамтамасыз етсін.".

      17. "Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 2, 9-құжат):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:

      1) өз қызметінде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қабылданатын құжаттарының Тұжырымдамамен үйлесуін қамтамасыз етсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада:

      "4. Қазақстанды 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді дамытудың стратегиялық бағыттары" деген бөлімде:

      "1. Адами капиталды дамыту" деген кіші бөлімде:

      "1.1. Білім беруді және бірегей қазақстандық мәдениетті дамыту" деген тармақта:

      он алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде қосарлы білім беру қағидаттары енгізілетін болады, оқыту процесіне нақты секторда жұмыс істейтін өндірістік оқыту шеберлері тартылады. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында әлемдік деңгейдегі кем дегенде екі колледж құрылатын болады.";

      "4. Ғылымды қажет ететін экономиканың инфрақұрылымын жеделдетіп қалыптастыру" деген кіші бөлімінде:

      "4.2. Әлемдік деңгейдегі агломерацияларды қалыптастыру" тармағында:

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстанның бүгінгі таңдағы аса ірі қалалары – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары халық саны екі миллионнан астам агломерация орталықтарына айналуы мүмкін. Бұл қалаларда шағын және орта бизнес өте белсенді дамуда, оларда еңбекке қабілетті тұрғындар үлесі жоғары. Елдің дамуына қарай келешекте Қазақстанның басқа да ірі қалалары агломерация орталықтарына айналуы мүмкін.";

      "4.3. Ұлттық инновациялық жүйені дамыту" тармағында:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент агломерацияларының университеттерінде инновациялық әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөлінбек. Университеттерде инновациялық қызметті қаржыландыру қосылған құн тізбегінің барлық деңгейін – инновациялық әлеуетті және зерттеулерді дамытуды, технологияларды коммерцияландыруды, стартаптарды қолдауды қамтитын болады.".

      18. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 767 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 124-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің жарғысында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, ғимарат-1.".

      19. "Қазақстан Республикасының Президенті жанынан "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 837 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 38-39, 368-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мекеменің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 6-үй.".

      20. "Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 67, 619-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасында:

      "4. Қазақстан Республикасы мәдени саясатының басым бағыттары" деген бөлімде:

      "4.4. Халықаралық мәдени кеңістікке ықпалдастық" деген кіші бөлімде:

      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атап айтқанда Нұр-Сұлтанда мәдениет саласындағы жаңа халықаралық ұйым – "SilkRoad" мәдени даму жөніндегі Еуразиялық кеңесінің штаб-пәтерін ашу мүмкіндігі пысықталатын болады.";

      "4.6. Заманауи мәдени кластерлерді дамыту" деген кіші бөлімде:

      қырық алтыншы және қырық жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұр-Сұлтанның бәсекеге жоғары қабілеттілігінің түйінді аспектілерінің бірі елорданың қазіргі заманғы жоғары технологиялы мәдени инфрақұрылымы болып табылады, онда 6 театр, 7 музей, 25 кітапхана, 7 кинотеатр, 9 концерт ұйымы, цирк, 14 мәдениет және демалыс саябағы, галерея, 2 хайуанаттар бағы және тағы басқалар қамтылған республикалық деңгейдегі мәдениет объектілері шоғырланған.

      "Астана Опера" жаңа опера және балет театры мен "Astana Ballet", "Қазақконцерт", Қазақстан тарихының ұлттық музейі және басқалар сияқты қазіргі заманғы шығармашылық ұжымдардың бірегей мүмкіндіктері Нұр-Сұлтанға классикалық және қазіргі заманғы өнердің ірі халықаралық конкурстарын өткізу алаңына айналуға мүмкіндік береді.";

      қырық тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі Нұр-Сұлтанның мәдени имиджін халықаралық аренаға ілгерілетуге зор мүмкіндік ашты. Нұр-Сұлтан мен оның айналасы көшпелі төл мәдениетімізді және отандық шеберлердің орындауындағы ұлттық және әлемдік музыка, би, театр өнерінің үздік туындыларын таныстыру орталығына айналды. Көрме шеңберінде салынған павильондар мен кешендер елорданың мәдени инфрақұрылымын байытты.".

      21. "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 62, 486-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Аппараттың заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 1В-кіреберіс.".

      22. "Астана" халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 594-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана" халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданында № 28/1 (жобалық атауы) көшесінің ішкі жағы бойынша Ақмешіт көшесінің бойымен Түркістан көшесіне дейін, Түркістан көшесінің бойымен № 28/1 (жобалық атауы) көшесіне дейін орналасқан, жалпы ауданы 25 га болатын АХҚО аумағының учаскесі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 8-тармағын қолдану мақсатында айқындалады.".

      23. "Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 6-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

      "Кіріспе" бөлімінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кіріспе";

      "2. 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың жалпы пайымы" деген бөлімде:

      "1. Ағымдағы ахуалды талдау" деген кіші бөлімде:

      жиырма екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Барлық облыстар мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында стандартты ипподромдар салынды.";

      "4. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары" деген бөлімде:

      "3. Жоғары жетістіктер спортын, спорт резервін даярлау жүйесін, саланы кадрлық қамтамасыз етуді одан әрі дамыту және саланың заманауи ғылыми әлеуетін қалыптастыру" деген кіші бөлімде:

      он алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2025 жылға қарай Нұр-Сұлтан қаласында Спорт академиясын құру мәселесін пысықтау да перспективалы жоба болып табылады, ол спорт саласы үшін кадрлар даярлаудың жетекші жалпыұлттық орталығы болады.".

      24. "Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 387 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 64, 417-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясында:

      "1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың ағымдағы жағдайын талдау және оның байланыстылығы" деген бөлімде:

      "1.1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды оңалту процесінің мәні" деген кіші бөлімде:

      қырық үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің деректері бойынша 2012 – 2016 жылдар кезеңінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар қатарынан 1338 адам халықты жұмыспен қамту орталықтарымен әлеуметтік келісімшарт жасасты, оның ішінде 1304 адам жұмысқа, соның 423-і тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша 139 адам қажетті мамандықтарға кәсіптік оқудан өтті.".

      25. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 47-48-49, 313-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:

      "1. Жалпы ережелер" деген тарауда:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бас прокуратураның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 14.";

      "6. Облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың (республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары) тізбесі" деген тарауда:

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы;".

      26. "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 5-6-7, 20-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында:

      "Ағымдағы ахуалды және жаһандық үрдістерді талдау" деген 2-тарауда:

      "Қазақстанды дамыту үшін бәсекелі артықшылықтар мен салалар" деген 2.2.-тармақта:

      қырық алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық деңгейде экономикалық өсу орталықтары – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе сияқты ірі агломерацияларда орналасқан макроөңірлер қалыптастырылуда.";

      "Аса маңызды серпінді өзгерістер: жүйелі реформалар" деген 4-тарауда:

      жүз жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "АХҚО Экспат Орталығы көрсететін қызметтер Нұр-Сұлтанда тұрып жатқан барлық шетел азаматтарына, оның ішінде ағылшын тілінде де қолжетімді болады.";

      төрт жүз жиырма екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өңірлерді дамыту үшін маңызды ынталандыру республикалық бюджеттен инвестициялық қаражатты алу үшін бизнесті жүргізудің жеңілдігі мен жарыспалылығы бойынша өңірлердің рейтингі негізінде олардың арасындағы бәсекелестік болуы тиіс. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе хаб-қалаларында макроөңірлердің белсенді экономикалық, капиталдарды, ресурстарды, озық технологиялар мен қызмет көрсетулерді шоғырландыру орталықтары бар бірыңғай экономикалық нарық құру жалғасады.";

      төрт жүз отыз алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.10 "Smart City" тұжырымдамасын іске асыру" бастамасы. Қазақстанның барлық қалаларында Нұр-Сұлтанның және басқа елді мекендердің тәжірибесін ескеретін "эталонды" стандарт негізінде "Smart City" тұжырымдамасы іске асырылатын болады, ол ресурстарды ұтымды пайдалану мен басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді қолдануды көздейді. Қаланың әлеуметтік, көліктік, инженерлік, энергетикалық, тұрғын үй және ақпараттық инфрақұрылымын басқаруды, мемлекеттік қызмет көрсетуді, қала салуды жоспарлауды, "ақылды" ғимараттар салуды қоса алғанда, қала өмірінің барлық салаларына цифрлық технологияларды енгізу қажет. "Smart City" тұжырымдамасына көшу "ақылды қалалар" салудың ұлттық стандарттарын енгізуді және өңірлік даму саласында тиісті бағдарламалық құжаттарды қайта қарауды талап етеді.";

      төрт жүз отыз тоғызыншы және төрт жүз қырқыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.11 "Шұғыла қағидаты бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру" бастамасы. Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Шымкент хаб-қалаларындағы орталықтарымен елдің макроөңірлерін қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Макроөңірлер шегінде қалалар мен қала маңы араларында байланысты қамтамасыз ету үшін қала маңы көлігінің интеграцияланған инфрақұрылымы құрылады.

      Хаб-қалалар арасындағы жолға уақытты қысқарту мақсатында Нұр-Сұлтан – Қарағанды – Балқаш – Алматы бағыты бойынша "Орталық-Оңтүстік" жобасы, Нұр-Сұлтан – Павлодар – Семей – Қалбатау – Өскемен бағыты бойынша "Орталық-Шығыс" жобасы, Нұр-Сұлтан – Арқалық – Торғай – Ырғыз – Шалқар –Қандыағаш бағыты бойынша "Орталық-Батыс" жобасы іске асырылады. Облыс орталықтары хаб-қалалармен қосылатын болады, сонымен бірге облыстар шеңберінде орташа және шағын қалалар "шұғыла" қағидаты бойынша облыс орталықтарымен біріктірілетін болады.";

      "Эволюциялық жол: "Қазақстан-2050" стратегиясын іске асырудың басым бағыттары" деген 5-тарауда:

      тоқсан тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Туризмді дамыту. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан – бес туристік кластер құрылып, дамытылады. Нұр-Сұлтан қаласы іскерлік, медициналық және білім беру, Алматы қаласы – іскерлік және халықаралық тау шаңғысы, Шығыс Қазақстан – экологиялық/тұрақты (оның ішінде аграрлық, орманшылық, шытырман оқиғалы), Оңтүстік Қазақстан – мәдени (оның ішінде рухани, этнографиялық), Батыс Қазақстан – жағажай туризмі орталықтары ретінде айқындалады. Бұл ретте туристік кластерлер құруда табысты тәжірибесі бар стратегиялық (зәкірлі) инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.".

      27. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 884 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 5-6, 55-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Кеңсенің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, ғимарат-1.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады