Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 204 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-11-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілері лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымдардың атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолдану құқығы берілсін.

      3. Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 11 қарашадағы
№ 204 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілері лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Аппарат басшысы

      Департамент директоры

      Департамент директорының орынбасары

      Басқарма бастығы

      Басқарма бастығының орынбасары1

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Баспасөз хатшысы

      Бөлім бастығы2

      Бас маман

      Жетекші маман

      Маман

      _______________

      1 Департамент құрамындағы басқарманың штат саны кемінде 10 бірлік болған кезде енгізіледі

      2 Дербес басқармаларда енгізіледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады