Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 54 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 5 шілдедегі
№ 54 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. Құпия.

      2. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдегерлік қызмет және прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283қбп Жарлығына: ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен).

      3. Құпия.

      4. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына:

      Осы Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері, олардың көмекшілері және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, балалары).".

      5. Құпия.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады