Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 843 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 18 ақпандағы
№ 843 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 439-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің ережесінде:

      7-тармақта:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.".

      2. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

      Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аумақтық органдардың қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау кызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу қызметінің офицер атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы бар және (немесе) құқық қорғау қызметін іске асыратын қызметкерлері.".

      3. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген 2-тарауда:

      "С санаттарының тобы" деген бөлімде:

      "Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық және облыстық бөлімшелері мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы бөлімшелері" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық және облыстық бөлімшелері мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы бөлімшелері

      С-О-1 санаты

      Басшы

      Кеден басшысы

      С-О-2 санаты

      Басшының орынбасары

      Кеден басшысының орынбасары

      Облыстық және оған теңестірілген соттың кеңсе меңгерушісі

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі

      С-О-3 санаты

      Басқарма басшысы3

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органының басқарма басшысы

      Кеден бекетінің басшысы

      Аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы

      С-О-4 санаты

      Бөлім басшысы

      Кеден бекеті басшысының орынбасары

      Сот орындаушысы

      С-О-5 санаты

      Бас маман

      Кеденнің бас маманы

      Кеден бекетінің бас маманы

      Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы

      С-О-6 санаты

      Жетекші маман

      Кеденнің жетекші маманы

      Кеден бекетінің жетекші маманы

      Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы".

      _________________

      3Орталық мемлекеттік органның өңіраралық, облыстық бөлімшесінің (аудандық аумақтық органдарды есептемегенде) штат саны кемінде 100 бірлік болса, енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады