Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 844 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 7, 8-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 2), 8), 11-1) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Судья қызметіне:

Ақмола облысы бойынша:

Зеренді аудандық сотына

Кәрімова Аида Нұрланқызы;

Көкшетау қалалық сотына

Жанәділова Роза Балғожақызы;

Біржан сал ауданының сотына

Оразов Әлібек Жоламанұлы;

Ақтөбе облысы бойынша:

Ақтөбе қалалық сотына

Жақашова Аягөз Имандосқызы;

Алматы облысы бойынша:

Еңбекшіқазақ аудандық сотына

Бакі Зүлфия Срапұлқызы;

Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына

Байжүнісов Берікжан Әбенұлы
осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Талғар аудандық сотына

Мейірбекова Ақмарал Бақбергенқызы;

Атырау облысы бойынша:

Атырау қаласының № 2 сотына

Әліпқалиев Ержан Бекетұлы;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Зырян ауданының № 2 аудандық сотына

Игішев Бауыржан Елеусізұлы;

Семей қалалық сотына

Тұратпаев Сәбит Шыңғысұлы;

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына

Бепеева Нұргүл Лунашарқызы;

Жамбыл облысы бойынша:

Тараз қалалық сотына

Қалқабаева Айнұр Қанатқызы;

Қарағанды облысы бойынша:

Балқаш қалалық сотына

Қалиева Арайлым Қадылбекқызы;

Сәтбаев қалалық сотына

Әбдібекова Әсел Мыңбайқызы;

Қостанай облысы бойынша:

Арқалық қалалық сотына

Қарыбаев Бақытжан Сманбекұлы;

Қостанай қалалық сотына

Бекенов Асқар Нағашыбайұлы;
Морозова Анастасия Леонидовна;

Рудный қалалық сотына

Қалиев Алмаз Барболұлы;

Павлодар облысы бойынша:

Павлодар қалалық сотына

Байболатова Айна Қайыргелдіқызы;

Екібастұз қалалық сотына

Бейілғожин Рауан Қуанышбекұлы;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына

Тоқтарбаева Әсемгүл Серікқызы;

Петропавл қаласының № 2 сотына

Омарова Фейруз Ғалиқызы;

Түркістан облысы бойынша:

Сарыағаш аудандық сотына

Жүнісова Мақпал Болатқызы;

Астана қаласы бойынша:

Есіл аудандық сотына

Исаева Ақмарал Серікқызы
Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      2. Атқаратын қызметінен:

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Өскемен қаласы № 2 сотының төрағасы

Қасымов Қазбек Талапұлы
судья өкілеттігін тоқтата отырып, тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша;

Глубокое аудандық сотының судьясы

Әміров Бақытбек Гамирұлы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша;

Өскемен қаласы № 2 сотының судьялары

Арғынберді Мырзағали Қапкенұлы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша;
Қайролдина Гүлнара Көкпектіқызы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша;

Жамбыл облысы бойынша:

Тараз қаласы № 2 сотының судьясы

Исабаева Анара Үсенқызы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша;

Қарағанды облысы бойынша:

Балқаш қалалық сотының судьясы

Салауатова Айжан Серікқызы
өз тілегі бойынша;

Қостанай облысы бойынша:

Әулиекөл аудандық сотының төрағасы

Жамбылов Бекжан Сансызбайұлы
судья өкілеттігін тоқтата отырып, тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша;

Маңғыстау облысы бойынша:

Ақтау қалалық сотының төрағасы

Кенжалиев Мәлік Сәбитұлы
судья өкілеттігін тоқтата отырып, өз тілегі бойынша;

Алматы қаласы бойынша:

Бостандық аудандық сотының судьясы

Жоламанова Гүлмира Тұрарханқызы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша;

Астана қаласы бойынша:

Байқоңыр аудандық сотының судьясы

Ахметова Әсия Рахымжанқызы
басқа жұмысқа ауысуына байланысты

      босатылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады