Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында және республикалық
баспасөзде жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін.

      2. Төтенше жағдайдың кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын және оған "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өкілеттіктер берілсін.

      3. Төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде мынадай шаралар және уақытша шектеулер енгізілсін:

      1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;

      2) ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын;

      3) сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтатыла тұрсын;

      4) карантин енгізілсін, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жүзеге асырылсын;

      5) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, атаулы іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;

      6) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленсін.

      4. Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері айқындалсын.

      5. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы Жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінен қажетті қаражаттарды бөлсін;

      2) медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын, эпидемиологиялық жағдайды айқындау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарға бақылау, сондай-ақ аталған адамдардың жауаптылығының шаралары күшейтілсін;

      3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау мақсатында осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 15 наурыздағы
№ 285 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы

Мамин
Асқар Ұзақбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, комиссия төрағасы

Қойшыбаев
Ғалымжан Тельманұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, комиссия хатшысы

Исекешев
Әсет Өрентайұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы 

Смайылов
Әлихан Асханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Тоғжанов
Ералы Лұқпанұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Мырзалин
Мәлік Кеңесбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Нұрдәулетов
Ғизат Дәуренбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

Шәкіров
Асқар Оразалыұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Божко
Владимир Карпович

-

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Қасымов
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

Ермекбаев
Нұрлан Байұзақұлы

-

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

Тұрғымбаев
Ерлан Заманбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

Абаев
Дәурен Әскербекұлы

-

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Бекетаев
Марат Бақытжанұлы

-

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

Біртанов
Елжан Амантайұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

Нұрымбетов
Біржан Бидайбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Атамқұлов
Бейбіт Бәкірұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

Тілеуберді
Мұхтар Бескенұлы

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Дәленов
Руслан Ерболатұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады