"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 332 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 130-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) мемлекеттік органдарға келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау (Қазақстан Республикасының Президентіне және оның Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына және оның Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және оның депутаттарына, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне келіп түсетін өтініштерді қоспағанда);".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады