"Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 467 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" тарауында:

      "Б" корпусы" бөлімінде:

      В санаттарының тобында:

      "В-3 санатында":

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi басқармасының (қызметтің) басшысы" жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі басқармасының (қызметтің) басшысы";

      "В-4 санатында":

      "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі" жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі";

      С санаттарының тобында:

      "С-1 санатында":

      ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

      "¹Орталық атқарушы органдардың ведомстволары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықты қоспағанда.

      Орталық атқарушы органның ведомствосында, егер республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінің штат саны он мың бірліктен асатын болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросында лауазымды енгізуге жол беріледі".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады