Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкi жекешелендiру жөнiндегi шұғыл шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1992 жылғы 8 ақпан N 616. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      "Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiрудiң ерекшелiктерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аграрлық секторда меншiктiң және шаруашылық жүргiзудiң түрлi формалары, селода көпукладты нарықтық экономикаға көшу үшiн жағдайлар жасалуын жеделдету, товар өндiрушiлердiң бәсекелестiгiн дамыту және кәсiпкерлiк қызметтi ынталандыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, "Қазастықөнiмi", "Қазмелиорация", "Қазагрожөнмаш" концерндерiнiң, "Қазтамақөнеркәсiп", "Қазагроөнеркәсiптехника" бiрлестiктерiнiң, Қазақ ауыл шаруашылық ғылыми академиясының қатысуымен жер-жерде мемлекеттiк ауыл шаруашылық, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындардың мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi жұмысты өрiстетсiн.
      1992 жылғы 1 наурызға дейiн жекешелендiру жөнiндегi республикалық, облыстық және аудандық комиссиялар қалыптастырылып, меншiктi реформалаудың нақты бағдарламаларын әзiрлесiн және оларды жүзеге асыруға кiрiссiн. Бағдарламаларда жекешелендiруге жататын шаруашылықтар мен кәсiпорындардың тiзбесi және бұл жұмыстарды өткiзу мерзiмi көрсетiлген тәртiбi (жүзеге асыру механизмi) бейнеленуге тиiс.
      2. Жергiлiктi әкiмдер, Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын жекешелендiру процесiнде ауыл шаруашылық товар өндiрушiлерге жер учаскелерiн беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын.
      Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн қалыптастыруға байланысты ол жұмыс iстей бастағанға дейiн жер реформасын жүргiзу жөнiндегi мiндеттер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қазiргi жерге орналастыру қызметiне жүктеледi.
      Жергiлiктi әкiмдерге 1992 жылғы 1 сәуiрге дейiн "Қазақ КСР-iндегi жер реформасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-статьясына сәйкес бiр қызметкерге тиесiлi орташа жер үлесiнiң мөлшерiн әрбiр шаруашылық бойынша бекiту мiндеттелсiн.
      6. Жекешелендiрiлетiн кәсiпорынның әрбiр қызметкерiне, оның iшiнде пенсияға шыққан қызметкерiне де оның шаруашылықтағы жұмыс стажына және сiңiрген еңбегiне сәйкес сол кәсiпорынның ұжымы анықтайтын тәртiппен мүлiктiң үлесi (пай) берiледi.
      Еңбек ұжымының шешiмi бойынша мүлiктiң үлесi (пай) кәсiпорынның территориясында орналасқан және оған қызмет көрсететiн әлеуметтiк сала объектiлерiнiң қызметкерлерiне берiлуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақ ауыл шаруашылық ғылымы академиясы 1992 жылғы 1 наурызға дейiн мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындары мүлкiнiң құнын бағалау методикасын және оны ұжымдық немесе жеке меншiкке беру (сату) тәртiбiн әзiрлейтiн болсын.
      7. Қаржы-есеп айырысу қызметiн қамтамасыз ету үшiн шағын кәсiпорындар, кооперативтер, шаруа қожалықтары ассоциацияларында (бiрлестiктерiнде) агенттiк немесе Қазақ акционерлiк коммерциялық агроөнеркәсiп банкiсiнде немесе басқа банкiлерде өкiлдiктер ашылсын.
      8. Мемлекеттiк ауыл шаруашылық балансында тұратын әлеуметтiк саланың объектiлерi (халыққа бiлiм беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерi), әдетте, жекешелендiруге жатпайды және халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң меншiгiне берiледi. Оларды күтiп ұстау меншiк иесiнiң және кәсiпорындардың ұжымдары есебiнен уағдаластық шарттар негiзiнде қамтамасыз етiледi.
      9. Мемлекеттiк құс фабрикаларын, iрi мал шаруашылық кешендерiн және теплица шаруашылықтарын жекешелендiру олардың акционерлiк қоғамдарға, басқа да шаруашылық қоғамдарына немесе серiктiктерге айналдыру арқылы солармен технология жағынан байланысы бар селолық және өзге де товар өндiрушiлерге акцияларды (үлестердi) басым сатып алу хұқын бере отырып, үздiксiз өндiрiс процесiн сақтау шартымен жүзеге асырылатын болсын.
      10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлiгi, Қазақ ауыл шаруашылық ғылымы академиясы оқу, оқу-тәжiрибе, тәжiрибе-эксперименттiк шаруашылықтардың, тәжiрибе станцияларының, ипподромдардың, асыл тұқымды мал заводтарының, сондай-ақ дәрiгерлiк кәсiпорындар мен ұйымдардың, химияландыру мен өсiмдiктердi қорғау мүлкiн жекешелендiру туралы 1992 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ұсыныс табыс етсiн.
      11. <*>
      Ескерту. 11-шi тармақ алынып тасталды - ҚР Президентiнiң
               1995.10.19. N 2553 Жарлығымен.
      13. "Қазтамақөнеркәсiп" бiрлестiгi, "Қазастықөнiмi" концернi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесе отырып, қант, май, тоң май, темекi, сыра қайнату, шарап жасау, балық, астық өңдеу және наубайхана өнеркәсiбi кәсiпорындарының, сондай-ақ астық қабылдау кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру тәртiбi туралы 1992 жылғы бiрiншi сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ұсыныстар енгiзсiн.
      Аталған ұсыныстар берiлетiн шикiзатқа қарай өзара тиiмдi тұрғыда жекешелендiретiн кәсiпорындармен шарттық байланыстары бар селолық товар өндiрушiлердiң мүдделерiн толық қанағаттандыруға негiзделуге тиiс.
      14. Ауыл шаруашылық өнiмiн өткiзу үшiн жекешелендiрiлетiн қоғамдық тамақтандыру мен сауда кәсiпорындарын ауыл шаруашылық товар өндiрушiлердiң сатып алуға қатысуына басым хұқық берiлсiн.
      15. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру өтпелi кезеңiнде өнiм өндiрудiң кемiп кетуiн болдырмау үшiн:
      1992-1993 жылдары тамақ өнiмдерi мен ауыл шаруашылық шикiзатын өндiру көлемiн кемiтуге жол бермеу жөнiнде арнайы қаулы қабылдансын;
      "Қазақ КСР-iнде ауылды, селоны және өнеркәсiп кешенiн басым дамыту туралы" Заңның мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсететiн кәсiпорындарды ұжымдық, кооперативтiк шаруашылықтар, шаруа қожалықтары, сондай-ақ азаматтар мен заңды ұйымдардың жеке меншiкке негiзделген шағын және басқа кәсiпорындарды материалдық-техникалық жабдықтауды жақсартуға қатысты бөлiгiнiң талаптары бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсiн. <*>
      Аталған мақсаттарға республика халық шаруашылығының барлық салаларындағы өнеркәсiп кәсiпорындарының өндiрiстiк потенциалы және базалар мен қоймалардағы босалқы товар-материалдық байлықтар барынша пайдаланылсын.
      ЕСКЕРТУ.15-тармақ өзгердi - ҚР Президентiнiң 1993.09.23.
              N 1350 жарлығымен.
      16. Жекешелендiру және ұйымдық құрылымдары реформалау туралы шешiм қабылданған кәсiпорындар бiр ай мерзiм iшiнде өздерiнiң жарғыларын әзiрлеп, еңбек ұжымдарының жиналыстарында бекiтуге және жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарында тiркеуге мiндеттi.
      Осы Жарлыққа сәйкес жекешелендiрiп, реформаланған кәсiпорындарға атау беру және атын өзгерту сол кәсiпорындар ұжымдарының өтiнiшi мен жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының ұсынысы бойынша халық депутаттары облыстық Кеңестерiнiң

шешiмдерiмен жүргiзiледi.
     17. Өздерiнiң ұйымдық құрылымдарын реформалаудың осы Жарлықта
белгiленген тәртiбiн қолдану колхоздарға ұсынылсын.
     18. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi екi ай 
мерзiм iшiнде Қазақстан Үкiметiнiң барлық нормативтiк актiлерiн
осы Жарлыққа сәйкестендiретiн болсын. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президентi 
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады