Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Әскери институтын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1993 жылғы 17 маусым N 1245. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.05.19. N 2284 Жарлығымен.

      Жоғары бiлiктi әскери мамандарды даярлау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
    1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Ф.Э. Дзержинский атындағы Алматы жоғары шекаралық командалық училищесi Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Әскери институты болып қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Әскери институтында Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi мен үкiметтiк байланыс әскерлерi үшiн офицер кадрларды даярлайтын факультеттер құрылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Әскери институтының Жарғысы бекiтiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Әскери институтының әскери қызметшiлерiне, жұмысшылары мен қызметшiлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қызметкерлерiнiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген қазiргi еңбек ақы төлеу, ақшалай және заттай үлестiң басқа түрлерi мен жеңiлдiктер қолданылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жоғары оқу орындарының тыңдаушыларына, сондай-ақ Ресей Федерациясы Қауiпсiздiк министрлiгi Академиясына Қазақстан Республикасынан жiберiлген тыңдаушыларға, оқуға қабылданғанға дейiн шұғыл мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмдерiн өтегендерге, оқу озаттарына - олар төртiншi курсқа көшiрiлген кезде, ал қалғандарына - олар бесiншi курсқа көшiрiлген кезде "кiшi лейтенант" әскери атағын беруге рұқсат етiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан

Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Әскери институтын
қаржыландыру, материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық
қамтамасыз ету мәселелерiн 1993 жылдың 1 шiлдесiне дейiн қарайтын
болсын. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады