"Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 4 сәуiр 1994 ж. N 1618

      Теледидар мен радио бағдарламаларының шығармашылық және техникалық деңгейiн арттыру, теледидар мен радиохабарларын тарату жүйесiн басқаруды жетiлдiру, Қазақстанның бiртұтас ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру, әлемдiк ақпараттық процестерге кiрiгуiн жандандыру, материалдық-техникалық базасын нығайту және теледидар мен радио аясындағы ғылыми-зерттеу қызметiн үйлестiру, сондай-ақ саланы инвестициялаудың қолайлы жағдайын туғызу мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы "Қазақстан" мемлекеттiк телерадиохабарларын тарату компаниясының шығармашылық-өндiрiстiк бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ оған ерiктi негiзде кiретiн басқа да кәсiпорындар мен ұйымдардың құрамында "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы (ҚТРРК) құрылсын.
      2. "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының президентiн Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақстан" мемлекеттiк телерадиохабарларын тарату компаниясы заңда белгiленген тәртiп бойынша таратылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      - Тарату комиссиясын құрсын. "Қазақстан" мемлекеттiк телерадиохабарларын тарату компаниясын таратуға байланысты шығыстар республикалық бюджеттен қосымша бөлiнген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылсын:
      - екi ай мерзiмде "Қазақстан" теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы туралы" Ереженi бекiтсiн;
      - корпорацияның материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiнде шаралар қолдансын.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      - таратылатын "Қазақстан" мемлекеттiк телерадиохабарларын тарату компаниясының құрамына кiрген шығармашылық-өндiрiстiк бөлiмшелердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын мемлекеттiң атынан корпорацияға жарна ретiнде беретiн болсын;
      - екi ай мерзiмде "Қазақстан" теледидары мен радиосы"

республикалық корпорациясының құрылтайшы құжаттарының пакетiн
әзiрлеп бекiтсiн.
     6. Мемлекеттiк басқару органдары, облыстардың, Алматы және
Ленинск қалаларының әкiмдерi корпорацияның қызметiне қатысты
мәселелердi оралымды шешуге жәрдемдесетiн болсын.
     Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
            Қазақстан Республикасының
                  Президентi
            Алматы қаласы. 1994 жылғы 4 сәуiр
                  N 1618
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады