Жер қатынастарын одан әрi жетiлдiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 5 сәуiр N 1639. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.14. N 158 Заңымен. ~Z970158

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңына Z933600_ негiзiнде және жердi өмiр бойы мұраға қалдырып иелену құқымен және пайдалану құқымен түрлi операцияларды жүзеге асыру барысында жер қатынастарын экономикалық реттеудi қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
      1. Жергiлiктi әкiмдерге жер учаскелерiн беру жөнiнде Қазақстан Республикасының жер кодексiндегi олардың белгiленген құзыры шегiнде азаматтарға жердi өмiр бойы мұраға қалдырып иелену құқын сатуға және заңды ұйымдарға (егер олардың меншiгi мемлекетке тиесiлi болмаса) - жер учаскесiн пайдалану құқын немесе жалға алу құқын сатуға рұқсат етiлсiн.
      Азаматтарға белгiленген нормалар шегiнде шаруа және жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша шаруашылығын, жеке тұрғын үй мен саяжай құрылсын жүргiзу үшiн өмiр бойы мұраға қалдырып иелену құқын беру тегiн жүзеге асырылсын, ал бұл нормалар артқан учаскелерде жердi өмiр бойы мұраға қалдырып иелену құқын азаматтар жергiлiктi әкiмдерден сатып алуы мүмкiн. <*>
       Ескерту. 1-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
                1995.05.12. N 2269 Жарлығымен.
       2. Жер учаскелерi өмiр бойы мұраға қалдырып иеленуге берiлген азаматтар жердi өмiр бойы мұраға қалдырып иелену құқын басқа азаматтар мен заңды ұйымдарға сата, сыйға тарта, жалға және кепiлдiкке өткiзе алады;
      жер учаскелерi пайдалануға немесе жалға берiлген заңды ұйымдар (егер олардың меншiгi мемлекетке тиесiлi болмаса) азаматтар мен басқа заңды ұйымдарға жер учаскесiн пайдалану құқын немесе жалға алу құқын сата, жалға немесе кепiлдiкке өткiзе алады;
      азаматтар мен заңды ұйымдар жер учаскесiн өмiр бойы мұраға қалдырып иелену құқын, пайдалану құқын немесе жалға алу құқын тиiсiнше акционерлiк қоғамдардың, серiктестiктердiң, кооперативтердiң, оның iшiнде шет елдiктердiң қатысуымен, жарғылық қорына (капитал) жарна ретiнде бере алады деп белгiленсiн. <*>
      Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
               1995.05.12. N 2269 Жарлығымен.
      3. Пайдалану құқын немесе жалға алу құқын сатуға жатпайтын жерлер мыналар:
      жалпы пайдаланудағы (алаңдар, көшелер, өтпелi жолдар, жолдар, жағажайлар, парктер, скверлер және басқалар) жерлер;
      көлiк және байланыс жерлерi;
      ұлттық және дендрологиялық парктердiң, ботаникалық бақтардың, заказниктердiң, табиғат және архитектура ескерткiштерiнiң жерлерi;
      сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;
      орман және су қорларының жерлерi, сондай-ақ қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлер деп белгiленсiн.
      4. Мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк мекемелердiң жер учаскелерiн иелену құқығының, пайдалану құқығының құны олардың активiне енедi және балансында белгiленедi;
      меншiктiң жеке нысанындағы ұйымдардың аталған құқықтарының құны олардың активiне енедi және жарғылық қоры өзгертiлмей балансында бейнеленедi яки жарғылық қорына белгiленген тәртiппен енгiзiледi;
      иелену құқығын, пайдалану құқығын алғаш рет сату немесе беру кезiнде жеке иеленушiлердiң олардағы мүлкiнiң немесе акцияларының үлесi 51 проценттен астамын құрайтын жекешелендiрiлген кәсiпорындар, егер олар бұрын осы құқықтардың иесiнен сатып алынбаған болса, аталған құқықтардың құнын жергiлiктi бюджетке төлейдi. <*>
      Ескерту. Жарлық 4-шi тармақпен толықтырылды - ҚР
               Президентiнiң 1995.05.12. N 2269 Жарлығымен.
      5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның жергiлiктi жерлердегi органдарына жер учаскесiн өмiр бойы мұраға қалдырып иелену құқын, пайдалану құқын немесе жалға алу құқын сату құны мен шартын анықтау және жер учаскесiн өмiр бойы мұраға қалдырып иелену, пайдалану немесе жалға алу құқын сатып алу сату шартының түрлерiн әзiрлеп, бекiту жүктелсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды ұйымдарының жер учаскелерiн өмiр бойы мұраға қалдырып иелену құқын, пайдалану құқын немесе жалға алу құқын сатып алу - сату тәртiбiн, сондай-ақ жер учаскесiн өмiр бойы мұраға қалдырып иеленудiң сатып алынатын құқы, пайдалану құқы немесе жалға алу құқы құнының базалық ставкасын бiр ай мерзiмде бекiтетiн болсын.
      жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң

қарауына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына
тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
     7. Бұл Жарлықтың Заң күшi бар және Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiлгенге дейiн iс-әрекет етедi.
     8. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады