Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу және кейбiр актiлердiң күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 31 шiлдедегі N 2394 Заң күшi бар жарлығы


      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ I-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi бар Жарлығының 16-бабы I-тармағының тоғызыншы абзацы "6-7" цифрынан кейiн "14" цифрымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мына Жарлықтарының күшi жойылған деп танылсын:

      "Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне, қатысушыларына, интернационалист-жауынгерлерге, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң семьяларына қосымша жеңiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1990 жылғы 26 сәуiрдегi N 2 Жарлығы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж., N 19, 207-құжат);

      "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ орденiнiң толық иегерлерiне қосымша жеңiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 мамырдағы N 1194 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж.,N 15, 174-құжат);

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн әлеуметтiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 15 шiлдедегi N 1804 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 32, 348-құжат);

      "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң жесiрлерiн әлеуметтiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 10 сәуiрдегi N 2190 Заң күшi бар Жарлығы.

      3. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.


      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады