Қазақстан Республикасының бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 30 тамыздағы N 2441 Заң күшi бар жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      I. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Бiлiм беру туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы,1992 жыл, N 6, 110-құжат; N 16, 402-құжат):

      8-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда баяндалсын:

      "Шақыру жасына дейiнгi және шақыру жасындағы оқушы жастардың алғашқы әскери дайындығын барлық үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектептерде, кәсiптiк-техникалық училищелерде, орта арнаулы оқу орындарында - штаттағы оқытушы-ұйымдастырушылар; ал студенттердiң әскери дайындығын - жоғарғы оқу орындарының жұмыс iстеп тұрған әскери кафедралары жүзеге асырады";

      12-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Мектеп жасына дейiнгi мекемелердiң тәрбиешiлерi үшiн нормативтi оқу жүктемесi аптасына 24 сағат болады";

      үшiншi бөлiк төртiншi бөлiк деп саналсын.

      32-бапта:

      екiншi бөлiгi мынадай редакцияда баяндалсын:

      "Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды, оның iске асуын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жүзеге асырады. Бiлiм беру саласындағы орталық мемлекеттiк басқару органы Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi болып табылады. Оқу орындары бар салалық министрлiктер мен ведомстволардың басқару органдары өздерiнiң ведомстволық қарауындағы мекемелерге тiкелей басшылықты жүзеге асырады. Барлық мемлекеттiк жоғары және орта арнаулы оқу орындары, әдетте, Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң қарауында болады";

      37-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Республикалық бағыныстағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының (әскери, дербес және халықаралық оқу орындарынан басқаларының) басшыларын тиiстi салалық министрлiктермен, ведомстволармен және облыстардың (Алматы қаласының) әкiмдерiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi тағайындайды";

      екiншi және үшiншi бөлiктер, тиiсiнше үшiншi және төртiншi бөлiктер деп саналсын.

      2. "Жоғарғы бiлiм беру туралы" 1993 жылғы 10 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 жыл, N 9, 206-құжат):

      6-баптың екiншi бөлiгiндегi үшiншi абзацы "заңды" сөзiнен кейiн "және жеке" сөздермен толықтырылсын.

      19-бап мынадай редакцияда баяндалсын:

      "19-бап. Жоғарғы оқу орындарын бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру Мемлекеттiк тапсырыс бойынша мемлекеттiк жоғары оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiн бiтiрушiлер дербес бөлу арқылы жұмысқа орналастыруға тиiс.

      Жоғары оқу орындары шарттардың негiзiнде даярлаған бiтiрушiлер осы шарттарға сәйкес жұмысқа жiберiледi.

      Жас мамандардың құқықтары мен мiндеттерi, оларды жұмысқа орналастыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Ережелермен айқындалады".

      II. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.


      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады