Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдары iстерi жөнiндегi Байқаушы кеңес құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 14 қазан N 2520. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.07.16. N 3067 жарлығымен.

      Жұртшылықтың өтiнiшiн ескере келiп және демократиялық процесстердi тереңдету, Қазақстан Республикасының азаматтарын елдiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк-мәдени өмiрi туралы объективтi тұрғыдан хабардар етiп отыру, азаматтардың сөз бостандығына деген конституциялық құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 1-тармағының 20-тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдары iстерi жөнiндегi Байқаушы кеңес құрылсын.
      2. Аталған Байқаушы кеңес:
      1) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдары қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарымен тiкелей байланысы жоқ

мейлiнше танымал, беделдi әрi әдiл қоғам қайраткерлерiнен
құрылады деп белгiленсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы
осы Жарлық күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiмнiң iшiнде
Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына аталған Байқаушы
Кеңес туралы Ереженi ұсынсын.
     4. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады