Байланыс формасы

ЗАҢ КҮШI БАР Қазақстан Республикасындағы мереке күндерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 18 қазан N 2534. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.13. N 267 Заңымен. ~Z010267

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 90-бабының

2-тармағына және "Қазақстан Республикасының Президентi мен
жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993
жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  

Z933600_

 
1-бабына сәйкес, қазақстандық патриотизм сезiмiн тәрбиелеу 
мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
     1. Мына күн Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесi болып
жариялансын:
     25 қазан     - Республика күнi
     2. Мына күндер Қазақстан Республикасының мереке күндерi болып
саналсын:
     1-2 қаңтар   - Жаңа жыл
     8 наурыз     - Халықаралық әйелдер күнi
     22 наурыз    - Наурыз мейрамы
     1 мамыр      - Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi
     9-мамыр      - Жеңiс күнi
     30 тамыз     - Қазақстан Республикасы Конституциясының күнi
     16 желтоқсан - Тәуелсiздiк күнi
     3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
            Президентi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады