Байланыс формасы

ЗАҢ КҮШI БАР Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 19 қазан N 2550

      Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 1992 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 10, 266-құжат; 1993 ж., N 10, 266-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасында Конституциялық Сот iсiн жүргiзу туралы" 1992 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 10, 267-құжат; 1993 ж., N 10, 266-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" және "Қазақстан Республикасында Конституциялық Сот iсiн жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1992 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 10, 268-құжат);
      4) "Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қызметiн қамтамасыз ету туралы" 1992 жылғы 24 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Төралқасының қаулысы;
      5) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң өкiлiн жiберу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 22 қыркүйектегi қаулысы.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) осы Жарлықтан туындайтын қажеттi ұйымдық және өзге де

шараларды қолдансын;
     2) Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы Жарлықпен
сәйкестендiрсiн.
     3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Президентi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады