Байланыс формасы

Заң күшi бар Қазақстан Республикасының Соттары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 20 қазан N 2581. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2000.12.25. N 132 Заңымен. ~Z000132


     "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге
уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Заңының  

Z933600_

  1-бабына сәйкес және Қазақстан
Республикасы Конституциясының ережелерiн жүзеге асыру мақсатында осы
Жарлықты шығарамын.

     1-бап.
     Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық, Алматы
қалалық, қалалық, аудандық соттар, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының әскери соттары Қазақстан Республикасының соттары
болып табылады.

     2-бап.
     1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Жоғарғы Соттың
Төрағасынан, Жоғарғы Сот алқаларының төрағаларынан және Жоғарғы
Соттың өзге де тұрақты судьяларынан тұрады.
     2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының органдары мыналар:
     1) Жоғарғы Соттың Пленумы;
     2) Жоғарғы Соттың Төралқасы;
     3) Жоғарғы Соттың алқалары.
     3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқалары мыналар:
     1) азаматтық iстер жөнiндегi алқа;
     2) қылмыстық iстер жөнiндегi алқа;
     3) шаруашылық iстер жөнiндегi алқа;
     4) әскери алқа.

     3-бап.
     1. Облыстық, Алматы қалалық соттары төрағадан, сот алқаларының
төрағаларынан және өзге тұрақты судьялардан тұрады.
     2. Облыстық, Алматы қалалық сотының органдары мыналар:
     1) соттың төралқасы;
     2) соттың алқалары.
     3. Облыстық, Алматы қалалық соттарының алқалары мыналар:
     1) азаматтық iстер жөнiндегi алқа;
     2) қылмыстық iстер жөнiндегi алқа;
     3) шаруашылық iстер жөнiндегi алқа.

     4-бап.
     Аудандық, қалалық соттар соттың төрағасынан және тұрақты
судьялардан тұрады.

     5-бап.


      Осы Жарлық күшiне енген күнi қолданылып келген Қазақстан Республикасының соттары мен судьяларының ұйымдастырылуы мен қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Заң актiлерi Конституцияға және осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде одан әрi қолданыла бередi.

      6-бап.
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы, Төралқасы, Төрағасы және шаруашылық iстер жөнiндегi алқасы, облыстық және Алматы қалалық соттарының төрағалары, осы соттардың шаруашылық iстер жөнiндегi алқалары Республикасының жаңа iс жүргiзу заңдары қабылданғанға дейiн Конституцияға, осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде "Қазақстан Республикасының төрелiк соты туралы" және "Қазақстан Республикасы төрелiк соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алады және тиiстi сот сатыларының және Республиканың таратылған төрелiк соттары лауазымды адамдарының функцияларын жүзеге асырады. Жоғарғы соттың шаруашылық iстер жөнiндегi алқаларының судьялары қабылдаған шешiмдердiң заңдылығы мен негiздiлiгiн бақылау Жоғарғы соттың шаруашылық iстер жөнiндегi алқасы үш судьясының құрамында алқалы түрде жүзеге асырылады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы
                Президентiнiң 1995.11.14. N 2634 заң күші бар
                Жарлығымен. U952634_
      7-бап.
      Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда Жоғарғы Сот Төрағасының мiндетiн оның уәкiлдiк беруiмен Жоғарғы Сот алқасы төрағаларының бiрi атқарады.

      8-бап.
      Республика Жоғарғы Соты алқасының Төрағасы:
      1) Жоғарғы Соттың тиiстi алқасына басшылықты жүзеге асырып, оның жұмысын ұйымдастырады;
      2) қадағалау ретiнде тексеру үшiн, сондай-ақ сот практикасын зерделеу мен қорыту үшiн iстердi сұратып алдыртады;
      3) тиiстi алқаның жүргiзуiне жататын iстер бойынша Жоғарғы Соттың алқасына, Төралқасына немесе Пленумына қарсылық кiргiзу туралы Жоғарғы Соттың Төрағасына ұсыныс енгiзедi.
      4) тиiстi алқа мәжiлiстерiнде төрағалық етедi;
      5) сот статистикасын жүргiзу, сот практикасын зерделеу,

Жоғарғы Сот Пленумының немесе Төралқасының қарауына материалдар
дайындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
     6) Жоғарғы Соттың Төралқасына Жоғарғы Соттың тиiстi
алқасының қызметi туралы есеп бередi;
     7) мiндеттер бөлiнiсiне сәйкес Жоғарғы Сот аппаратының
тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысына басшылықты жүзеге
асырады;
     8) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
     9) Республика Заң актiлерiмен өзiне берiлген басқа да
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

     9-бап.
     Осы Жарлық:
     1) Республиканың сот жүйесi туралы конституциялық заң
мен жаңа iс жүргiзу заңдары қабылданғанға дейiн қолданылады;
     2) жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     ЕСКЕРТУ. 7, 8, 9-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы
              Президентiнiң 1995.11.14. N 2634 заң күші бар 
              Жарлығымен.  

U952634_

  
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     
     Оқығандар:
        Омарбекова А.Т.
        Икебаева Ә.Ж. 
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады