Қазақстан Республикасының Конституциясы 98-бабының 1-тармағын және "Қазақстан Республикасының соттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 20 қазандағы N 2582

      Қазақстан Республикасының Конституциясы K951000_ 98-бабының 1-тармағын жүзеге асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасының соттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының U952581_ күшiне енуiне байланысты қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық, Алматы қалалық соттары оларға шаруашылық iстер жөнiндегi алқалар ретiнде тиiсiнше Қазақстан Республикасының Жоғары Төрелiк Сотын, облыстық Алматы қалалық төрелiк соттарын қосу жолымен қайта құрылсын.
      2. Мыналар таратылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Жоғары Төрелiк Соты;
      2) облыстық, Алматы қалалық төрелiк соттары.
      3. Таратылған Қазақстан Республикасының Жоғары Төрелiк Сотының, облыстық, Алматы қалалық төрелiк соттарының судьялары Қазақстан Республикасы судьяларының өкiлеттiктерiн сақтайды.
      4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына:
      1) Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк Сотының штат саны;
      2) таратылған Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк Сотының мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер берiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне:
      1) облыстық және Алматы қалалық төрелiк соттарының штат саны;
      2) таратылған облыстық және Алматы қалалық төрелiк соттарының мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер берiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Қазақстан Республикасының Жоғары Төрелiк Соты үшiн 1995 жылға көзделген бюджет қаржысын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына;
      2) облыстық және Алматы қалалық төрелiк соттары үшiн 1995 жылға көзделген бюджет қаржысын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берсiн.
      7. Осы Жарлық күшiне енген күннен бастап екi апта мерзiмде:
      1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шаруашылық iстер жөнiндегi алқасының құрамын;
      2) облыстық, Алматы қалалық соттары- облыстық, Алматы қалалық соттарының шаруашылық iстер жөнiндегi алқаларының құрамын жасақтайтын болсын.
      8. Осы Жарлық күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде:
      1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк Сотының жүргiзуiндегi iстердi қабылдап алсын, сондай-ақ бұл iстердi құрамы жасақталғаннан кейiн дереу Жоғарғы Соттың шаруашылық iстер жөнiндегi алқасының жүргiзуiне беретiн болсын;
      2) облыстық, Алматы қалалық соттарының төрағалары облыстық, Алматы қалалық төрелiк соттарының жүргiзуiндегi iстердi қабылдап алсын, сондай-ақ бұл iстердi құрамдары жасақталғаннан кейiн дереу облыстық, Алматы қалалық соттарының шаруашылық iстер жөнiндегi алқаларының жүргiзуiне беретiн болсын;
      3) Жоғарғы Соттың Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының қызметiне кандидатуралар бойынша ұсыныс енгiзсiн;
      4) Жоғарғы Соттың Төрағасы Әдiлет министрiмен бiрлесiп,

Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына облыстық, Алматы
қалалық соттарының алқалары төрағаларының қызметiне 
кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгiзсiн.
     9. Осы Жарлық:
     1) сот жүйесi туралы Қазақстан Республикасының 
конституциялық заңы қабылданғанға дейiн қолданылады;
     2) жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Президентi
    
   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады