Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы Заң күшi бар

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы 1995 жылғы 7 қараша N 2588

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес және "Шаруашылық серiктестерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының U952255_ шығуына байланысты қаулы етемiн:
      I. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Шаруа шаруашылығы туралы" 1990 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 жыл., N 22, 257-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 309-құжат):
      3-бабының бiрiншi бөлiгiнде "акционерлiк" сөзi алынып тасталсын;
      18-бабының бiрiншi бөлiгiндегi "акционерлiк" сөзi "шаруашылық серiктестiктерi" сөздерiмен ауыстырылсын.
      2. "Қазақ ССР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" 1990 жылғы 30 қарашадағы Қазақ ССР-нiң Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж,. N 49, 455-құжат):
      10-бабының 1-тармағының екiншi абзацындағы "акционерлiк қоғамдарды, бiрлескен кәсiпорындарды және өзге де" сөздер "шаруашылық" сөзiмен ауыстырылсын.
      3. "Қазақ ССР-iндегi шаруашылық қызметiнiң еркiндiгi және кәсiпкерлiктi дамыту туралы" 1990 жылғы 11-желтоқсандағы Қазақ ССР-iнiң Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж.,N 51. 483-құжат):
      6-бабының үшiншi абзацындағы "және де өзге қоғамдар мен" деген сөздер алынып тасталсын.
      4. "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" 1990 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақ ССР-iнiң Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 1, 8-құжат):
      15-бабының бiрiншi бөлiгi "в" тармақшасындағы "арендалық және акционерлiк кәсiпорындар" сөздерi "шаруашылық серiктестiктерi" сөздерiмен ауыстырылсын.
      5. "Мемлекеттiк ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының мүлкiн

жекешелендiру ерекшелiктерi туралы" 1992 жылғы 14 қаңтардағы
Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 80-құжат):
     6-шы бабының бiрiншi бөлiгi үшiншi абзацындағы "немесе
серiктестерiнiң" сөздерi алынып тасталсын.
     II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады