Байланыс формасы

Заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" және "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 5 желтоқсандағы N 2672 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы  Заңының  1-бабына сәйкес және қолданып жүрген заң актiлерiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтiру мақсатында Қаулы Етемiн: 

      I. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар мынадай Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң N 2155 Заң күшi бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат):

      1) 2-баптағы "осы Заңды", 13-баптағы "осы Заңда", 19-баптағы "осы Заңға", 28-баптағы "осы Заңға", "осы Заңды", 52-баптағы "осы Заңда", 54-баптағы "осы Заңда", 58-баптағы "осы Заңға", 72-баптағы "осы Заңды" сөздерi тиiсiнше "осы Жарлықты", "осы Жарлықта", "осы Жарлыққа", "осы Жарлыққа", "осы Жарлықта", "осы Жарлықта", осы Жарлықта", "осы Жарлыққа" және "осы Жарлықты" сөздерiмен алмастырылсын;

      2) 1-бапта: 
      екiншi бөлiктегi "бұдан былай" сөздерi алынып тасталсын; 
      бесiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасындағы банктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және басқа заңдарда" сөздерi "Қазақстан Республикасының банк және өзге заңдарымен" сөздерiмен алмастырылсын;

      3) 2-бапта "Қазақстан Республикасындағы банктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын" сөздерi "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын" сөздерiмен алмастырылсын;

      4) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi. 
      Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi: 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiмен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы; 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы; 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiтуi; 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық валюта-Қазақстан теңгесi банкноттары дизайнының тұжырымдамасын бекiтуi; 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өз құзыретiндегi мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi";

      5) 8-бапта: 
      "а)" тармақшасы "бiрден-бiр эмитентi болып табылады" сөздерiнен кейiн "бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды" сөздерiмен толықтырылсын;

      бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi жауап бередi";

      "с)" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "с) төлем құжаттарының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар бар болған ретте және оларды жаңылыс есепке алу фактiсi белгiлi болса, клиенттер мен банктердiң шоттарынан олардың келiсiмiнсiз ақша қаражатын есептен шығаруға, сондай-ақ заемшының шоттарынан, ол кредит шартының талаптарын бұзған жағдайда, берiлген кредиттер мен есептелген проценттердiң сомасын оның келiсiмiнсiз есепте шығаруға құқығы бар";

      6) 13-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Парламенттiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды";

      7) 15-баптың бiрiншi бөлiгiнде: 
      " в)" тармақшасындағы "Жоғарғы Кеңес" сөзi "Қазақстан Республикасының Президентi" сөздерiмен алмастырылсын; 
      "к)" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "к) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау қабылдау және Президенттiң бекiтуiне ұсыну"; 
      "л)" тармақшасындағы "пайда мен шығын есебiн" сөздерi "пайда мен шығын туралы есептi" сөздерiмен алмастырылсын; 
      бап мынадай мазмұндағы "р)" тармақшасымен толықтырылсын: 
      "р) Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директорат) құрамын бекiту";

      8) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, оның төрт орынбасары және Қазақстан Ұлттық Банкi бухгалтерлiк қызметiнiң басшысы, Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкiметiнен екi өкiл кiредi. 
      Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады";

      9) 18-бапта: 
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады"; 
      төртiншi бөлiктегi "мен Басқарма мүшелерi" сөздерi алынып тасталсын;

      10) 19-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi";

      11) 21-бапта "заңмен" сөзi "заң актiлерiмен" сөздерiмен алмастырылсын;

      12) 34-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Республикалық бюджет туралы" Заңда жыл сайын" сөздерi "кезектi қаржы жылына республикалық бюджетте жыл сайын" сөздерiмен алмастырылсын;

      13) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Ақша бiрлiгiн айырбастауға Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы ақша бiрлiгiнiң қолданылу тәртiбiн, мерзiмiн және шарттарын белгiлейдi";

      14) 57-баптың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "- Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен бағалы металдарға, асыл тастар мен зергерлiк бұйымдарға қатысты операцияларға лицензиялау жүргiзуге";

      15) 58-бапта: 
      екiншi бөлiк "Алтын-валюта" сөздерiнiң алдынан "Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда" сөздерiмен толықтырылсын; 
      үшiншi бөлiкте: 
      екiншi абзацтағы "Алтын қоры және алмас қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" сөздерi "бағалы металдар мен асыл тастарға қатысты қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына" сөздерiмен алмастырылсын; 
      алтыншы абзацтағы "Жоғарғы Кеңесi мен" сөздерi алынып тасталсын;

      16) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне жылдық есеп берiп отырады. 
      Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есебiн қарап, оны бекiту туралы шешiм қабылдайды. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi келiсiлген мерзiмде Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын жасау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық балансы және пайдасы мен шығын туралы есеп берiп отырады";

      17) 67-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "пайдасы мен шығынының шотын" сөздерi "кiрiстерiмен шығындары туралы есебiн" сөздерiмен алмастырылсын;

      18) 68-баптың үшiншi бөлiгiндегi "Жоғарғы Кеңесiнiң немесе" сөздерi алынып тасталсын;

      19) 69-бапта "осы" сөзi тиiстi" сөзiмен алмастырылсын;

      20) 71-баптың атауы мен мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын:
      "71-бап. Наразылық пен қуынымның ескiру мерзiмi 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде заемшыларға қоятын талаптарына наразылық пен қуынымның ескеру мерзiмi қолданылмайды".

      2. "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 сәуiрдегi N 2227 Заң күшi бар  Жарлығының  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 5, 39-құжат) 3-бабының төртiншi абзацы "мемлекеттiк борыш" сөздерiнен кейiн "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздары" сөздерiмен толықтырылсын.

      II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады