"Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне өзгерту енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2713 Заң күшi бар жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1992 жылғы 30 мамырда қабылдаған "Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 9, 248-құжат) 10-бабының 1-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Радиоактивтi шикiзатты барлау, өндiру және ұқсату жұмысын заңды тұлғалар қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен лицензиялар және контрактiлер негiзiнде жүзеге асырады".

      2. Осы жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.


      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады