Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң еңбекақы мәселелерi жөнiндегi кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 29 қаңтардағы N 2845 Заң күшi бар жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес Қаулы Етемiн:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң мынадай актiлерiнiң күшi жойылған деп танылсын:

      1) "Қазақ ССР-i мемлекеттiк өкiмет және басқару органдары басшыларының лауазымдық жалақылары туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң 1991 жылғы 28 маусымдағы N 712-ХII қаулысы;

      2) "Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң аппараты мен комитеттерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Президиумының 1991 жылғы 30 тамыздағы қаулысы (Хаттама, 1991 ж., N 39, 5-құжат, 1991 ж., N 55, 12-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң комитеттерi төрағаларының, хатшылары мен мүшелерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Президиумының 1991 жылғы 26 желтоқсандағы N 1081-ХII қаулысы (Хаттама, 1991 ж., N 55, 9-құжат);

      4) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi комитеттерi мен аппараты және Орталық сайлау комиссиясы қызметкерлерiн материалдық ынталандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Президиумының 1992 жылғы 19 наурыздағы қаулысы.

      II. Осы Жарлық 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.


      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады