Шет елдерде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 4 шiлдедегi N 3053

      Қаулы етемiн: 
      1. "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 515-құжат) 2-тармағына сәйкес құрылған шет елдерде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамына: 
      Судьин А.С. - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкімшiлiгi Мемлекеттiк қызмет және кадр саясаты бөлiмiнiң меңгерушiсi - төрағаның орынбасары;
     Мұхамеджанов О.Б. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi - Комиссия мүшесi;
     Школьник В.С. - Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi - Комиссия мүшесi болып енгiзiлсiн.
     2. Аталған Комиссия құрамынан Қ.Е.Көшербаев, Г.И.Пирожников, Қ.Ә.Сағадиев шығарылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Президентi   

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады