"Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысын орындау iсiндегi елеулi кемшiлiктер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 3 наурыздағы N 3375. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысының орындалу барысына жүргiзiлген тексеру бiрқатар атқарушы органдар, ұйымдар басшыларының шетелдiк жетекшi жоғары оқу орындарында оқыту үшiн дарынды жастарды iрiктеуде жауапсыздық танытқанын әрi елеулi жөнсiздiктерге жол бергенiн анықтады. Келешегi жоқ студенттердi оқуға жiберу оқиғалары орын алып, олар кейiннен үлгірмегендiгi үшiн оқудан шығарылған. Соның салдарынан Республикаға материалдық нұқсан келтiрiлдi, "Болашақ" халықаралық стипендиясының төңiрегiнде келеңсiз ахуал қалыптасты, мұның өзi сыни жарияланымдар басылуына және Мемлекет басшысының атына шағымдар жазылуына әкелiп соқты. Жоғарыда айтылғандардың негiзiнде қаулы етемiн: 

      1. Мыналар қызметiнен босатылсын: 
      1) М.Ж. Жұрынов, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi, - "Болашақ" халықаралық стипендиясына кандидаттарды iрiктеп алу кезiнде жiберген елеулi жөнсiздiктерден көрiнген өзiне жүктелген мiндеттердi тиiсiнше атқармағаны үшiн, "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 30-бабының 1-тармағының негiзiнде; 
      2) Т.А. Мамашев, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi; С.Д. Бейсенов, Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасы мен Эстон Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi қызметiн қоса атқарушы, - қызметтiк әдеп нормаларын сақтамауынан көрiнген өздерiне жүктелген мiндеттердi атқармағандығы үшiн, "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 11-бабының 5)-тармақшасының, 30-бабының 1-тармағының негiзiнде. 

      2. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттiк университетiнiң ректоры К.Н. Нәрiбаевқа сөгiс жариялансын. 

      3. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия төрағасының мiндетiн атқарғандар И.Н. Тасмағамбетовке, Т.Т. Жүкеевке "Болашақ" халықаралық стипендиясына кандидаттар iрiктеп алу кезiнде бақылаусыздыққа жол бергенi көрсетiлсiн. 

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия хатшысының мiндетiн атқарған Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының консультанты Е.Б.Сақыповты қызметiнен босатсын. 

      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысын iске асыру кезiнде жөнсiздiктерге жол берген лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi туралы мәселе қарайтын болсын.

      6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Болашақ" халықаралық стипендиясына кандидаттар iрiктеуде жiберiлген елеулi жөнсiздiктерi үшiн:
      1) мыналарды қызметтерiнен босатсын:
      Н.Ә. Әпсәлямовты - Мемлекеттiк Қаржы институтының ректоры
(Семей қаласы);
      Т.Ш. Қалменовты - Оңтүстiк Қазақстан техникалық
университетiнiң ректоры;
      М.С. Паниндi - "Семей" Мемлекеттiк университетiнiң ректоры,
      2) Шығыс Қазақстан Мемлекеттiк университетiнiң ректоры, бұрын
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi болып iстеген Е.Ә. Мәмбетқазиевтiң жауапкершiлiгi туралы  мәселе қарасын.

      7. <*>
      Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Президентінің 2005.05.04. N 1569 Жарлығымен.

      8. <*>
       Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Президентінің 2004.05.14. N 1368 Жарлығымен.
      9. <*>
       Ескерту. 9-тармақ күшін жойды - ҚР Президентінің 2000.10.12. N 470 Жарлығымен.

      10. "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      1) 2-тармақтың күшi жойылған деп танылсын; 
      2) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Президентiне халықаралық стипендиялар белгiлеу үшiн оқуға жiберуге ұсынылып отырған кандидатураларды енгiзсiн" сөздерi алынып тасталсын. 

      11. "Шет елдерде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 13 желтоқсандағы N 1245 қаулысының күшi жойылсын. 

      12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Бiлiм министрлiгi қойылатын талаптарға сай келмейтiн стипендиаттарды оқытуды қаржыландыруды белгiленген тәртiппен тоқтататын болсын. 

      13. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шетелде кадрлар даярлауға бағытталған қаражаттың жұмсалуының заңдылығы мен дұрыстығын тексерiп, өз әрекеттерi арқылы мемлекетке материалдық нұқсан келтiрген лауазымды адамдарға шаралар қолданатын болсын, келтiрiлген нұсқанның өтелуiн заңдарда белгiленген тәртiппен кiнәлi адамдардың есебiнен қамтамасыз етсiн.

      14. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның төрағасы комиссияның жұмысы туралы Мемлекет басшысына жыл сайын баяндап тұратын болсын.

      15. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
1997 жылғы 3 наурыздағы 
N 3375 Жарлығымен    
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ"
стипендиясын беру тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Республика Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысымен белгiленген Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" стипендиясын (бұдан былай - "Болашақ" стипендиясы) беру тәртiбiн, сондай-ақ Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның (бұдан былай - Республикалық комиссия) өкiлеттiгiн айқындайды.

  I. Жалпы ережелер

      1. "Болашақ" стипендиясы Қазақстанның неғұрлым дарынды жастарының жыл сайын жарияланатын рейтингке сай үздiк көрсеткiштерге жеткен шетелдiк жоғары оқу орындарында (бұдан былай - оқу орындары) магистр (шебер) деңгейiнде жоғары бiлiм алуына жәрдемдесудi алдына мақсат етiп қояды. 

      2. "Болашақ" стипендиясы жыл сайын республикалық бюджеттен бөлiнедi және ол оқуға, баспанаға, тамақтануға, оқулық әдебиетке, медициналық сақтандыруға, Қазақстаннан оқу орнына барып-қайту жолақысына кететiн шығыстардың барлық түрiн, стипендиаттардың жеке мұқтаждарына қажет ақша қаражаты мен олардың оқу орнында оқыған кезiндегi басқа да шығындарын қамтиды. 

      3. "Болашақ" стипендиясы дербес болып табылады және оны Республикалық комиссия конкурстық iрiктеуден өткен неғұрлым дарынды жастарға жыл сайын берiп тұрады. 

  2. Республикалық комиссияның өкiлеттiгi және оның
қызметiн ұйымдастыру

      4. Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшiн кандидатуралар iрiктеу құқығына ие, оның қызметi Республика заңдарымен, Республика Президентiнiң актiлерiмен және Республика Үкiметiнiң қаулыларымен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледi. 
      Республикалық комиссияның өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi мемлекеттiк органдар үшiн мiндеттi. 

      5. Республикалық комиссияның құрамын Республика Президентi анықтайды. Республикалық комиссияға Республиканың Мемлекеттiк хатшысы басшылық жасайды. Республикалық комиссияның хатшысы лауазымы бойынша Республиканың Бiлiм министрi болып табылады. 
      Республикалық комиссияның жұмыс органы Бiлiм министрлiгi болып табылады. 

      6. Республикалық комиссия: 
      жыл сайын стипендиаттар қабылдау жоспарын, Республиканың аймақтары бойынша квоталарды, комиссия өткiзетiн конкурс шарттарын айқындайды; 
      стипендиаттарды iрiктеуге, шетелде оқытуға және одан кейiн жұмысқа орналастыруға байланысты жекелеген мәселелердi зерделеу үшiн қажет болған жағдайда жұмыс комиссияларын құрады; 
      өз отырыстарында мемлекеттiк органдар басшыларының "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысын iске асыру жөнiнде олардың жүргiзген жұмысы туралы ақпараттары мен есептерiн тыңдап отырады; 
      стратегияны анықтап, үмiткерлердi iрiктеудi, стипендиаттарды шетелде оқыту мен одан кейiн жұмысқа орналастыруды жүзеге асырады; 
      "Болашақ" стипендиясын үмiткерлерге алдын-ала iрiктеу жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi; 
      "Болашақ" стипендиясына конкурс өткiзудiң мерзiмдерi мен шарттары туралы жастарды кеңiнен хабардар етедi, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етедi; 
      екi iрiктеу турының нәтижелерi негiзiнде үшiншi турда "Болашақ" халықаралық стипендиясына iрiктеу жөнiндегi шараларды әзiрлеп, iске асырады; 
      шетелде оқуға ұсынылған үмiткерлерге "Болашақ" стипендиясын беру туралы шешiм қабылдайды; 
      стипендиаттармен жасасылатын контракттардың нысандарын белгiлейдi; 
      оқу жылының қорытындылары бойынша стипендиаттар оқуының нәтижелерiн қарап, олардың "Болашақ" бағдарламасы шеңберiнде оқуды жалғастыратыны немесе тоқтататыны туралы шешiм қабылдайды; 
      шетелдегi оқуды аяқталғаннан кейiн стипендиаттарды Республиканың мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына жұмысқа орналастыру жөнiнде қажеттi шаралар қолданады. 

      7. Республикалық комиссияның отырысы комиссия мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қатысқан жағдайда құқықты болып табылады және оның жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiлiп тұрады. Жоспардан тыс отырыстар қажеттiлiкке қарай Республикалық комиссия Төрағасының шешiмi бойынша өткiзiледi. 

      8. Республикалық комиссияның Төрағасы Республика заңдарына және осы Ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырып, қызметiн қамтамасыз етедi. 

      9. Республикалық комиссияның хатшысы Республикалық комиссияның қарауына ұсынылған құжаттар мен материалдардың дұрыстығы мен объективтiлiгi үшiн жауап бередi. 

      10. Республикалық комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысқан комиссия мүшелерi санының үштен екiсiнiң дауысымен қабылданады. 

  3. "Болашақ" стипендиясына үмiткерлерге қойылатын талаптар

      11. "Болашақ" стипендиясына арналған конкурсқа қатысуға Қазақстан мемлекеттiк жоғары оқу орындарының соңғы курстарының студенттерi болып табылатын 35 жасқа дейiнгi Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ жоғары оқу орындарын бiтiрген адамдар - аспиранттар, жас оқытушылар, ғылыми дәрежесi жоқ ғылыми қызметкерлер, мамандар, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының тағлым алушылары жiберiледi. 

      12. Стипендия, әдетте, 1-2 жылға дейiнгi, бiрақ шетелдiк оқу орындарының оқу жоспарында көзделген мерзiмiнен аспайтын мерзiмге магистр (шебер) дәрежесiне оқытуға арналып берiледi. Ерекше жағдайларда стипендия Қазақстан жоғары оқу орындарының жас оқытушылары мен қызметкерлерiне тағлымдамадан өту үшiн бiр жылға дейiнгi мерзiмге берiлуi мүмкiн. 

      13. Кандидаттар мынадай талаптарға сәйкес келуге тиiс: 
      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнындағы орташа үлгерiм баллы 4,75 - тен кем болмауға; 
      қабылдаушы тараптың тиiстi сынақтары мен емтихандарын тапсырғаны жөнiнде сертификаттармен немесе өзге құжаттармен расталған шет тiлдерiнiң (ағылшын, немiс, француз және т.б.) бiрiн еркiн меңгеруге; 
      жарияланымдармен, авторлық куәлiктермен, баяндамалар тезистерiмен, дипломдармен және т.б. расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене және нәтижелi қатысуға; 
      жеке компьютердi пайдаланушы режимiне еркiн меңгеруге тиiс. 

      14. Арнайы ғылыми дәрiстер мен жалпы бiлiм беру пәндерi бойынша халықаралық және республикалық конкурстар мен олимпиадалардың жеңiмпаздары "Болашақ" стипендиясына арналған конкурсқа осы Ереженiң 13-тармағында көзделген орташа баллдың болуы туралы талап ескерiлмей-ақ қатысуға хақылы. 

      15. "Болашақ" стипендиясына iрiктеу кезiнде Республикалық комиссия айқындайтын Республиканың әлеуметтiк-экономикалық салаларында маманданатын кандидаттарға басымдық берiледi. 

      16. "Болашақ" стипендияларына квотаны жыл сайын Республикалық комиссияның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. 

  4. "Болашақ" стипендиясын беру ережелерi

      17. Республикалық комиссия екi iрiктеу турынан өткен үмiткерлердi өз отырысына шақырады және олардың жеке iсiн зерделеу мен дербес әңгiмелесу өткiзгеннен кейiн әңгiмелесудiң нәтижелерiне және Қазақстан Республикасының мамандарға деген сұранысына сәйкес стипендияларға кандидаттарды iрiктеп алады. 

      18. Екi iрiктеу турынан кейiн Бiлiм министрлiгi ұсынған кандидатуралардан басқа, Республикалық комиссия шетелде шет мемлекеттердiң үкiметтерi қаржыландыратын бағдарламалар бойынша немесе өзге де көздердiң есебiнен өз бетiнше оқып жатқан үмiткерлер арасынан кандидатураларды қарауға және iрiктеп алуға хақылы. 

      19. Егер үмiткер шетелден әңгiмелесуге келе алмайтын жағдайда, ұсынылған құжаттар мен материалдарды зерделеу және талқылау жолымен сырттай шешiм қабылдануы мүмкiн. Бұдан кейiн Республикалық комиссия оқытуға ұсынылған үмiткерлерге "Болашақ" стипендиясын беру туралы шешiм қабылдайды, соның негiзiнде "Болашақ" стипендиясы иегерiнiң куәлiгi тапсырылады. 

  5. Стипендиаттарды шетелде оқытудың тәртiбi

      20. Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиаттарын бекiткеннен кейiн Бiлiм министрлiгi стипендиаттың, оның ата-анасының (асырап алушыларының, қамқоршылары мен қорғаншыларының) және Қаржы министрлiгiнiң арасында контракт жасасады, онда тараптардың өзара мiндеттемелерi, оқыту шарттары, стипендиатты оқыту аяқталғаннан кейiн оның контрактiлiк мiндеттемелерiн орындауының, стипендиатты оқыту үшiн жасалған шығындардың өтелу тәртiбi (егер ол бағдарламадан дәлелсiз себептермен шығып қалған жағдайда) көрсетiледi. 

      21. Контракт шетелдiк жоғары оқу орындарына ақша аударуға құқық беретiн негiзгi құжат болып табылады. Қаржы министрлiгi стипендиатты шетелде оқытуға байланысты барлық шығыстардың төлемiн контракт ресiмделгеннен кейiн ғана жасайды. 

      22. Қаржы министрлiгi шетелдiк серiктестермен өзара есеп айырысулар жасағаннан кейiн стипендиаттар Бiлiм министрiнiң бұйрығымен контрактiге көзделген мерзiмге оқу үшiн iссапарға жiберiледi. 

      23. Шетелге жүрердiң алдында стипендиаттар бiлiм туралы құжаттарын (диплом мен аттестат) Бiлiм министрлiгiне сақтау үшiн тапсыруға мiндеттi. Бұл құжаттар стипендиатқа оның оқуы аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, ұйымдарында жұмыс iстей бастаған кезде қайтарылады. 

  6. Оқуын аяқтағаннан кейiн стипендиаттың контрактiлiк
мiндеттемелерiн орындауының тәртiбi

      24. Толық оқу курсын аяқтаған және диплом немесе оны алмастыратын өзге құжат алған стипендиаттар Республикалық комиссияның шешiмiмен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарында контрактiде көзделген мерзiмге, Президент Әкiмшiлiгiнiң, Үкiмет Аппараты мен Бiлiм министрлiгiнiң кадр қызметтерiнiң арасындағы алдын ала келiсiм бойынша жұмысқа орналастыруға тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады