Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 17 маусымдағы N 3550.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына

      сәйкес қаулы етемiн:

      1. Мына аудандар:

      1) Ақтөбе облысы бойынша:

      Әйтеке би, Ақтөбе, Мұғаджар аудандары;

      2) Батыс Қазақстан облысы бойынша:

      Жалпақтал, Приурал аудандары;

      3) Қызылорда облысы бойынша:

      Сырдария ауданы;

      4) Қостанай облысы бойынша:

      Амантоғай, Арқалық, Октябрь аудандары таратылсын.

      2. Мына аудандар:

      1) Ақтөбе облысы бойынша:

      Бөгеткөл ауданы Әйтеке би ауданы;

      Ленин ауданы Қарғалы ауданы;

      Октябрь ауданы Мұғаджар ауданы;

      Октябрь қаласы Қандыағаш қаласы;

      2) Қостанай облысы бойынша:

      Камышнин ауданы Қамысты ауданы;

      Комсомол ауданы Қарабалық ауданы;

      Ленин ауданы Ұзынкөл ауданы;

      Орджоникидзе ауданы Денисов ауданы;

      Семиозер ауданы Әулиекөл ауданы;

      Урицкий ауданы Сарыкөл ауданы болып қайта аталсын.

      3. Мына атаулардың орыс тiлiндегi транскрипциясы:

      Кзыл-Орда облысы Қызылорда облысы;

      Кзыл-Орда қаласы Қызылорда қаласы;

      Кустанай облысы Қостанай облысы;

      Кустанай қаласы Қостанай қаласы;

      Қостанай облысының Кустанай ауданы Қостанай ауданы болып

      өзгертiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына Қызылорда арнайы экономикалық аумағының шекарасын өзгерту жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;

      "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына Ақтөбе облысының таратылған Мұғаджар ауданының халқы үшiн көзделген экологиялық дағдарыс жағдайы алдындағы аймақ жөнiндегi жеңiлдiктi сақтау бөлiгiнде өзгерiстер енгiзу туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзсiн;

      осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады