Алматы қаласының мәртебесi және оны одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 20 қазандағы N 3698

      Қазақстан Республикасының астанасын көшiруге байланысты Алматы қаласын ғылыми, мәдени, тарихи, қаржы және өндiрiс орталығы ретiнде сақтау және дамыту мақсатында және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Алматы қаласы Республика Парламентi мен Үкiметi Ақмола қаласына көшкен сәттен бастап республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылсын.
      2. Коммуналдық меншiк болып табылатын объектiлерге және Алматы қаласының аумағында тiркелген ұйымдардың, дербес жоба бойынша жекешелендiрiлетiн ұйымдарды қоспағанда, акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және билiк ету өкiлеттiгi Алматы қаласының атқарушы органына берiлсiн.
      3. Алматы қаласының аумағында жаңа жұмыс орындарын құру және қоғамдық жұмыстарды қамтамасыз ету үшiн Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорынан қажеттi көлемде қаражат бөлiнуi қамтамасыз етiлсiн.
      4. Алматы қаласының көтерiңкi сейсмикалық аймақта орналасқандығын ескере отырып, кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi құрау кезiнде Алматы қаласының үйлерi мен ғимараттарын, мәдени-тарихи ескерткiштерiн сейсмикалық жағынан күшейту жөнiнде қайта жаңартуды жүргiзу үшiн қаражат бөлу көзделсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде:
      1) мынадай Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзсiн:
      "Алматы қаласының мәртебесi туралы"; Z980258
      Алматы қаласының өкiлдi органына Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұл алу мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеу құқығын беру бөлiгiнде "Қазақ ССР-нiң әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы";
      Алматы қаласының Жол қорын құру бөлiгiнде "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"; Z980231
      2) Алматы облысы мен Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен Алматы қаласының қала маңы аймағындағы жерлердi тиiмдi пайдалану мәселесiн қарасын;
      3) қала аумағындағы Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне берiлуге тиiс республикалық мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтсiн; P981141
      4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына Алматы қаласының атқарушы органына қала аумағында жүзеге асырылатын мынадай қызмет түрлерiн:
      туристiк қызметтi;
      жергiлiктi лотереяларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi;
      өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық объектiлердi зарарсыздандыру мен дезодорациялау жөнiндегi қызметтi;
      мал дәрiгерлiгi қызметiн;
      шетел жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ Алматы қаласынан жұмыс күшiн әкетумен байланысты қызметтi;
      жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау жөнiндегi қызметтi;
      медициналық және мал дәрiгерлiк практикамен айналысуды;
      нақты мамандықтар бойынша дипломдар беруге құқығы бар орта және арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындарының қызметiн лицензиялау құқығын беру бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн.
      6. Алматы қаласының әкiмi:
      1) Алматы қаласын экономикалық, әлеуметтiк және мәдени дамыту үшiн бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында Алматы қаласы әкiмiнiң жанынан қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн көздердiң есебiнен қаржыландырылатын бюджеттен тыс қор құру туралы мәселенi қарасын;
      2) екi ай мерзiмде коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтсiн;
      3) республикалық маңызы бар қала мәртебесiн ескере отырып, Алматы қаласын республиканың ғылыми, мәдени қаржы және өндiрiстiк орталығы ретiнде қалыптастыруға бағытталған нақты iс-шаралардың басым бағыттары мен күнтiзбелiк тiзбесiн айқындап, Алматы қаласын дамытудың мақсатты кешендi бағдарламасын әзiрлесiн;
      4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп республикалық және жергiлiктi мүдделердiң тиiмдi үйлесуiн ескере отырып, Алматы қаласы бюджетiнiң кiрiс және шығыс бөлiктерiн теңдестiрудi жүргiзсiн;
      5) Алматы қаласын басқарудың кестесiн әзiрлеп, бiр ай iшiнде бекiтуге енгiзсiн, басқару аппаратын оңтайландыруды жүргiзсiн. Алматы қаласының жаңа мiндеттерi мен мәртебесiн ескере отырып, оның жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде пәрмендi шаралар қолдансын;
      6) заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәмiздерiн өздерiнiң фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгiлерiнде, тауар белгiлерiнде және т.б. пайдаланғаны үшiн алым алудың тәртiбi мен мөлшерiн бекiтсiн.
      7. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
             Президентi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады