Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу үшiн мемлекеттiк қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң тәртiбi туралы ережеге толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 23 сәуiр N 3919. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.03.10. N 357 жарлығымен. ~U000357

      Қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 U963014_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу үшiн мемлекеттiк қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң тәртiбi туралы ереженiң 1 тарауының 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты өкiлеттiгiн жүзеге асырған уақыт кiредi";
      9) тармақшадағы "уақыт кiредi" сөздерi алынып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады