Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штат санын айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 30 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 360 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.07.30 N 360 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Республикалық ұланның мынадай ұйымдық құрылымы айқындалсын: екі бригада, госпиталь.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2001.06.25 N 634, 2010.07.16 N 1028 Жарлықтарымен.

      2. Республикалық ұланның әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штат саны қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      3. Республикалық ұланның босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар беріледі деп белгіленсін.

      4. Республикалық ұланның Қолбасшылығы өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.

      6. <*>
      Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.08.28. N 1428 жарлығымен.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы     
       Президентінің 1999 жылғы    
22 қаңтардағы N 30      
Жарлығына          
қосымша           

              Республикалық ұланның әскери қызметшілерінің,
                    жұмысшылары мен қызметшілерінің
                            жалпы штат саны

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2003.01.07 N 1013, 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

Орталық органның аппараты                                 53
 
Мемлекеттік мекемелер                                 

Әскери бөлімдер                                         1634

Соның ішінде мерзімді қызметтің әскери қызметшілері      580

Республикалық ұланның госпиталі                           46

Барлығы                                                 1733

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады