Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлем туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284 Жарлығы

       Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылында Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдау мақсатында қаулы етемін:

      1. 1945 жылдың 3 қыркүйегінен 1993 жылдың 20 қаңтарына дейінгі кезеңде әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау туралы заңдарда белгіленген сақтандыру сомаларын алмаған қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлем төлеу жүргізілсін. <*>
      Жоғарыда аталған төлемдер:
      шақыру бойынша әскери қызметін өткеру кезеңінде қаза тапқан немесе алынған жарақаттың, контузияның, зақымның, науқастың зардабынан әскери қызметтен босағаннан кейін қайтыс болған (құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде қайтыс болғандарды қоспағанда) әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына - 87750 теңге мөлшерінде;
      ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан, қайтыс болған (құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде қайтыс болғандарды қоспағанда) әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына 117000 теңге мөлшерінде жүргізілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2005.05.16. N 1572 Жарлығымен.

       2. Былай деп белгіленсін:
      1) бір отбасынан екі немесе одан да көп әскери қызметші қаза тапқан, қайтыс болған жағдайда біржолғы төлем әрбір әскери қызметші үшін жүргізіледі;
      2) қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының қайтыс болуына байланысты төленбеген біржолғы төлем мұраға қалдырылмайды.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемді жүзеге асырудың ережесін бекітсін;
      2) осы Жарлықпен көзделген біржолғы төлемдерді республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады