Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы 2000 жылғы 15 ақпан N 33 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 15 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1080. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 24 Қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 24 Қаулысымен.

      Ескерту: Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127   қаулысымен .
      Ескерту: Барлық мәтiн бойынша "сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын)", "сақтандыру куәлігі (полисi, сертификаты)" "сақтандыру куәлiгiнiң (полисiнiң, сертификатының)", "сақтандыру куәлiгiнде (полисiнде, сертификатында)" деген сөздер "сақтандыру полисiн", "сақтандыру полисi" "сақтандыру полисiнiң", "сақтандыру
полисiнде" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127   қаулысымен .

      Сақтанушылардың мүддесiн қорғау және сақтандырушылардың сақтандыру шартын жасау жөнiнде қолданылып жүрген сақтандыру заңдарының талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI
      1. Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап 10 күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары үшiн осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейтiн сақтандыру полистерiнің бланкiлерiн ауыстырудың мынадай мерзiмi белгiленсiн: 
      1) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру полисiн ауыстыру - 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн; 
      2) ерiктi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру полисiн ауыстыру - 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн. 
       Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 352   қаулысымен .
      3. Сақтандыруды қадағалау департаменті: 
      1) 3аң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресімдеу жөнiндегi нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қарастырсын. 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелеріне, облыстық филиалдарына және сақтандыру ұйымдарына жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсiн.     

       Ұлттық Банк 
      Төрағасы

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 15 ақпандағы
N 33 қаулысымен
бекітілді

  Сақтандыру полисiн ресімдеу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

        Осы Нұсқаулық сақтандыру ұйымдарының сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып қосылу шарты нысанындағы сақтандыру шартын жасаған кезде, сақтандыру полисiн және оның сырт жағын ресімдеудің ең аз талаптарын белгілейді. 
       Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді- ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 352   қаулысымен 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399   қаулысымен .

      1. Сақтандыру полисі - сақтандырушы сақтанушыға беретін және сақтандыру шарты болып табылатын құжат.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399   қаулысымен .

      2. Сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып қосылу шарты нысанындағы сақтандыру шартын жасауды көздейтін сақтандыру ережесімен бірге уәкілетті мемлекеттік органға келісуге сақтандыру полисінің мазмұны ұсынылады.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127   қаулысымен 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399   қаулысымен .

      3. Сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып қосылу шарты нысанындағы сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандыру полисінде мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) сақтандырушының атауы, тұрған жері, телефоны және банктік деректемелері; 
      2) салық төлеушiнiң аты-жөнi, жеке сәйкестендіру нөмiрi (ондай болса), экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), сақтандырушының мекен-жайы (жеке тұлғалар үшiн);
      2-1) салық төлеушiнiң атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), мекен-жайы, сақтандырушының банктiк деректемелерi (заңды тұлғалар үшiн);
      2-2) экономикалық қызмет түрі (заңды тұлғалар үшін);";
      3) сақтандыру түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына уәкiлеттi мемлекеттік орган берген мемлекеттiк лицензияның берiлген күнi, сериясы және номерi туралы мәлiметтер;
      4) сақтандыру объектісін көрсету;
      5) сақтандыру жағдайын көрсету;
      6) сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру төлемiнiң тәртібі және мерзімі;
      7) сақтандыру сыйлықақысының (егер ақы мәулетпен төленетiн болса, сақтандыру жарнасының) мөлшерi, валюта түрi мен оны төлеу мерзiмi;
      8) сақтандыру полисiнің қолданылатын аумағын көрсету;
      9) сақтандыру куәлiгiнiң (полисiнiң, сертификатының) қолданылу мерзiмi;
      10) сақтанушы (пайда алушы) туралы көрсету, егер ол сақтандыру
шарты бойынша сақтаушы болып табылмаса;
      11) ерекше жағдайлар (егер олар сақтандыру шартына кiргiзiлген
болса);
      12) тараптардың қолы;
      13) сақтандыру полисiнің номерi;
      14) сақтандыру полисiнің берiлген күнi;
      15) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да мәлiметтер.
      Экономика секторының коды және резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388  қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 1011 тiркелген) сәйкес көрсетiледi.
      Резиденттiк мәртебе " Валюталық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес айқындалады. Мыналар резиденттерге жатқызуға негiз болып табылады:
      жеке тұлғалар үшiн - жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн), не Қазақстан Республикасында тұрақты өмiр сүру құқығын растайтын құжат (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшiн);
      заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк.
      Егер Сақтандыру полисiн филиал немесе сақтандырушы агент берсе, онда филиал басшысының, сақтандырушы брокердiң атауы, тұрған жерi, телефоны және аты-жөнi немесе сақтандыру агентiнiң мекен-жайы, телефоны және аты-жөнi болуы тиiс. 
      Егер мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерде басқаша белгiленбеген болса, тараптардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерiнiң сипаттамасы сақтандыру полисiнiң сырт жағына мiндеттi түрде жазылуға тиiс немесе оған қоса берiлуге тиiс.
      Осы тармақтың 15) тармақшасына сәйкес сақтандыру полисіне өзге де мәліметтер енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің  825-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру полисі уәкілетті мемлекеттік органға келісуге ұсынылмайды.
      Міндетті сақтандыру түрлері (кластары) бойынша сақтандыру полисінде осы тармақта көрсетілген мәліметтерге қосымша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптар болуы тиіс.
      Экономикалық қызмет түрі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы  N 329 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3348 тіркелген) бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесінің 26-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000.09.22.  N 352 ,   2001.04.28.  N 127 , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының   2003.11.20.  N 399 , 2005.09.30.  N 357 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз), 2007.05.28. N  155 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз), 2007.11.30.  N 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      4. Сақтандыру полисi бойынша құқықтар мен мiндеттемелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi. 

      5. Сақтандыру полистерінің бланкілерін полиграфиялық өнімді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар дайындай алады.
      Мұндайда міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру полистері бланкілерінің кем дегенде қолдан жасаудан қорғайтын үш қорғау дәрежесі болуы тиіс, оның ішінде микромәтін, ультрафиолет сәулесінің әсерімен анықталатын көрінбейтін элемент және тангерлік сетка міндетті болып табылады.
      Сақтандыру ұйымдары осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейтін сақтандыру полистерін берген жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган сақтандыру ұйымдарына жөнсіздіктерді жою туралы нұсқау жіберуге құқылы. 
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 352   қаулысымен 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127   қаулысымен 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399  қаулысымен .

      6. Сақтандыру полисi бланкiнiң мәтiнi екi тiлде: мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылуы тиіс.
       Ескерту: 6-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127   қаулысымен

      7. Сақтандыру полисiнің бланкi баспа тәсiлiмен не сиямен (шариктi қаламмен) қолмен толтырылады. сақтандыру сыйлық-ақысының және сақтандыру төлемiнiң (жарнаның) мөлшерi санмен және жазумен көрсетiледi.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127   қаулысымен .  

      8. Сақтандыру полисiнің мәтiнi оның сөз тiркесiнiң нақты мағынасына сәйкес түсiндiрілуi тиiс. Мәтiнде арнайы сақтандыру терминологиясы пайдаланылған жағдайда, оның толық және бiр мағыналы ұғымын беру қажет. 

      9. Сақтандыру полисiне келiсушi тараптар қол қояды және сақтандырушының мөрi басылады. Сақтандыру полисiнiң толтырылған бланкiне мөр басар алдында сақтандырушы немесе сақтандыру агент сақтанушының сақтандыру ережелерiмен келiсетiнiн растайтын қолы барына көз жеткiзуi тиiс.
       Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127   қаулысымен .

      10. Сақтандыру полисiнің бланкi қатаң есептегi бланк болып табылады. Сақтандыру полисiнің бланктерi отқа төзiмдi шкафтарда сақталуы тиiс.

      11. Сақтандыру ұйымдары сақтандыру полистері тiркеу журналын 
жүргiзуi тиiс, сол арқылы сақтандыру полисiнің барлық жасалған, берiлген, бүлiнген және жойылған бланктерiнiң есебiн жүргiзiп отырады. Бұл журнал номерленуі, жіп өткізiлiп тiгілуi және сақтандыру ұйымында кемінде 5 жыл сақталуы тиiс.

      12. Сақтандыру полисiн толтырғанда түзетулер және дақтар болмауы тиiс. Сақтандыру полистерiн есепке алу, сақтау, пайдалану және жою тәртiбi заңдарда айқындалады.
       Ескерту: 12-тармақ өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127   қаулысымен 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399  қаулысымен .

      13. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша сақтандырушы түпнұсқамен бiрдей заң күшi бар төлқұжат жазып бередi. Сақтандыру полисiнің бланкiнде оның бұрын шығарылған сақтандыру полисiнің төлқұжаты екенi туралы жоғалған сақтандыру полисiнің номерi көрсетiлген белгi болуы тиiс.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады