"Қазақстан Республикасы әскери соттарының судьяларына әскери атақтар беру Қағидаларын бекiту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 06.06.2000 ж. N 49, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 31.05.2000 ж. N 149 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1154. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2004 жылғы 7 тамыздағы N 245л, ҚР Қорғаныс министрлігінің 2004 жылғы 16 тамыздағы N 435 бірлескен бұйрығымен.

      ------Бұйрықтан үзінді-----

      Бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасы әскери соттарының судьяларына әскери атақтар беру Қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 6 маусымдағы N 49 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 31 мамырдағы N 149 бірлескен бұйрығының (N 1154 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын....
      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрінің міндетін
      атқарушы
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрінің міндетін
      атқарушы
      __________________________________

      Қазақстан Республикасы әскери соттарының судьяларына әскери атақтарды берудiң бiрыңғай қағидаларын белгiлеу мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" U952694_ Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының 59-бабының 6-тармағына, "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Z939000_ Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 P990223_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы Ереженiң 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасы әскери соттарының судьяларына әскери атақтар берудiң қоса берiлiп отырған Қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Әдiлет Бiрiншi вице-Министрi мен жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң Орынбасары осы бұйрықты Әдiлет министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң барлық құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының назарына жеткiзсiн және оның зерделенуi мен мүлтiксiз орындалуын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әдiлет Бiрiншi вице-Министрiне және жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң Орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап қолдануға енгiзiлсiн.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі


Қазақстан Республикасының


Қорғаныс министрі



Қазақстан Республикасы әскери соттары
судьяларына әскери атақтар беру туралы
ҚАҒИДА
Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығы, "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қорғаныс министрiнiң 1998 жылғы 30 қарашадағы N 210 V980747_ бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi офицер құрамы адамдарының әскери қызмет және запаста қызмет өткеру қағидасы негiзiнде қабылданған және Қазақстан Республикасы әскери соттарының судьяларына әскери атақты беру, төмендету, айыру және қалпына келтiру тәртiбiн реттейдi.

      2. Әскери соттар судьяларына "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы", "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Z934000_ Қазақстан Республикасы Заңдарының, әскери қызметтi атқару тәртiбiн реттеушi басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердiң ережелерi қолданылады.

      3. Әскери лауазымдар (әскери қызметшiлер атқаруға жататын штаттық лауазымдар) мен оларға сәйкес әскери атақтар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтетiн әскери соттар штаттарында көзделедi.

Әскери атақтар беру тәртiбi

      4. Әскери соттар судьяларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде әскери қызметшiлер үшiн белгiленген әскери атақтар берiледi және әскери атақтарға "әдiлет" деген сөз қосылады.

      5. Әскери соттар судьялары үшiн әскери атақтарға:

      әдiлет кiшi лейтенанты атағына - 1 жыл

      әдiлет лейтенанты атағына - 2 жыл

      әдiлет аға лейтенанты атағына - 3 жыл

      әдiлет капитаны атағына - 3 жыл

      әдiлет майоры атағына - 4 жыл

      әдiлет подполковнигi атағына - 5 жыл еңбек сiңiру мерзiмi белгiленедi, әдiлет полковнигi және одан жоғары атақтарға белгiленбейдi.

      6. Әскери сот судьясы әскери атағына еңбек сiңiру мерзiмi тиiстi атақты беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап есептеледi. Әскери сот судьясының төмендетiлген әскери атақта болу уақыты қалпына келтiрiлген әскери атақта еңбек сiңiрген мерзiмге есептелмейдi.

      7. Әскери соттар судьяларына жоғары офицер құрамының әскери атағын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi. "Полковник" және жоғары офицер құрамы әскери атағын беру ұсынымы Қазақстан республикасы Әдiлет министрiнiң алқасында қаралады.

      8. Әскери соттар судьяларының офицер құрамына алғашқы әскери атақты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi бередi.

      Әскери соттар судьяларына кiшi және аға офицер құрамының кезектi әскери атағын әдiлет басқармасының бастығы мен Қазақстан Республикасы Әскерлерi әскери соты төрағасының бiрлескен ұсынымы бойынша, ал Қазақстан Республикасы Әскерлерi әскери сотының судьялары мен әскери алқалары төрағаларына Қазақстан Республикасы Әскерлерi әскери соты төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бередi.

      9. Әскери соттар судьяларына кезектi әскери атақтар беру атқарып отырған лауазымы, бұрынғы әскери атақта еңбек сiңiрген уақыты, жағымды мiнездеме ескерiле отырып, судья қызметтiк борышын адал атқарған ретте жүзеге асырылады.

      10. Әскери борышын және қызметтiк мiндеттерiн үлгiлi орындап жүрген әскери сот судьясына қоса алғанда полковникке дейiн кезектi әскери атақ мерзiмiнен бұрын берiлуi мүмкiн.

      11. Әскери атақ мерзiмiнен бұрын, әдетте, әскери атаққа белгiленген еңбек сiңiру мерзiмiнiң кемiнде жартысы өткеннен кейiн және атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атаққа берiлетiн атақ сай келген ретте берiледi, бiрақ әскери қызмет ету кезеңi iшiнде екi реттен артпайды.

      12. Атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бiр саты жоғары кезектi әскери атақ әскери қызмет ету кезеңi iшiнде әскери атаққа еңбек сiңiрудiң белгiленген кемiнде екi мерзiмi өткеннен кейiн бiр реттен аспай берiлуi мүмкiн.

      13. Атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген кезектi әскери атақты мерзiмiнен бұрын және бір саты жоғары әскери атақ алған әскери соттар судьялары жоғары тұрған лауазымдарға жылжыту үшiн үмiткерлер резервiне енгiзiледi.

      14. Өзiне жүктелген мiндеттердi үстiрт атқарған, судья қызметiнде болумен байланысты лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра сiлтеуге, еңбек тәртiптерiн және қызметтiк әдеп талаптарын кiдiрту мерзiмi мiндеттi түрде бұзуға жол берген әскери сот судьясына кезектi әскери атақты беру бiр жылға дейiнгi мерзiмге кiдiртiлуi мүмкін.

      Кезектi әскери атақты берудi кiдiрту туралы шешiмдi әскери атақ беруге ұсыну құқығы бар лауазымды адам қабылдайды. Мұндай шешiм қабылдау үшiн негiз болған себептер судьяға жазбаша түрде хабарланады. Әскери сот судьясына кезектi әскери атақ беру ұсынымы кiдiрту мерзiмi аяқталған соң ғана жасалады.

      15. Әскери сот судьясына әскери атақтар беру туралы материалдарды осы Ережеге сәйкес әскери атақ беруге ұсыныс жасауға құқығы бар лауазымды адам ресiмдейдi. Әскери соттың ол жөнiнде қылмыстық iстерi қозғалған судьялары кезектi әскери атақ беруге ұсынылмайды.

      16. Әскери сот судьясына кезектi әскери атақ беру туралы материалдар Әдiлет министрiне судьяның бұрынғы әскери атақта болуы аяқталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей табыс етiледi.

      17. Әскери атақ беру туралы ұсынымға:

      1) әскери сот судьясына оның кәсiби қызметiне, iскерлiк және адамгершiлiк қасиеттерiне баға берiлген мiнездеме;

      2) соңғы үш жылдағы, сондай-ақ егер бір жылдан асатын уақыт жұмыс iстейтiн болса, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы мерзiмдегi сот iстерiнiң саны мен сапасы туралы деректер;

      3) тәртiптiк жазалар туралы мәлiметтер және көтермелеу;

      4) алдыңғы әскери атақты беру туралы шешiмнiң көшiрмесi қоса тiркелуi тиiс.

Әскери атақты төмендету, айыру және қалпына
келтiру тәртiбi

      18. Әскери соттың судьясы тәртiп бұзған, өзiнiң қызмет мiндеттерiн атқаруға үстiрт қараған жағдайда әскери атақты берген лауазымды адам оның әскери атағын бiр саты төмендетуi мүмкiн.

      19. Әскери атағы төмендетiлген әскери сот судьясының бұрынғы әскери атағын төмендетiлгеннен кейiн бір жылдан соң әскери атақ берген лауазымды адам қалпына келтiруi мүмкiн.

      20. Әскери атақты қайталап төмендетуге жол берiлмейді, өзге ықпал ету шаралары қолданылады.

      21. Судья абыройы мен жоғары атағына кiр келтiретiн қылықтар жасаған әскери соттар судьяларын:

      1) кiшi және аға офицер құрамындағы адамдарды - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi;

      2) жоғары офицер құрамындағы адамдарды - Қазақстан Республикасының Президентi;

      3) бiрiншi әскери атақтағы офицер құрамындағыларды - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi әскери атақтан айыруы мүмкiн. Әскери сот судьясын әскери атақтан айыру туралы мәселе Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң алқасында қаралады.

      Әскери соттың қылмыс жасаған судьясы соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмi бойынша әскери атақтан айырылуы мүмкiн.

      22. Заңсыз сотталуына байланысты әскери атақтан айырылған әскери сот судьясының бұрынғы әскери атағы қалпына келтiрiледi.

      23. Әскери сот судьясы заңсыз әскери атақтан төмендетiлген немесе әскери атақтан айырылған жағдайда бұрынғы әскери атағын қалпына келтiру туралы шешiмдi тексеру нәтижесi бойынша не сот шешiмiне сәйкес:

      1) кiшi және аға офицер құрамы бойынша - Әдiлет министрi;

      2) жоғары офицер құрамы бойынша - Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.

      24. Әскери сот судьясының әскери атағы заңсыз төмендетiлiп жүрген уақыты не әскери атақтан заңсыз айырылған кезеңi қалпына келтiрiлген әскери атаққа еңбек сiңiру мерзiмiне кiредi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады