Байланыс формасы

Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 14 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1155. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасындағы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне банк құпиясы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларын инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апталық мерзім өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан екi апталық мерзiмде осы қаулыны  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасының 
2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179
қаулысымен         
"БЕКIТIЛГЕН"        

Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды,
инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі
нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-бөлiм. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау тәртібін нақтылайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы Нұсқаулық ақшаны жөнелтуге банк шотын ашпай ақша төлемдерін және аударымдарын жасаумен, қолма-қол ақша өткізу жолымен жүзеге асырылатын төлемдермен, сондай-ақ төлем карточкасының көмегімен аударымдарды жүзеге асырумен байланысты қатынастарға қолданылмайды.
      Осы Нұсқаулық клиент және оған қызмет көрсететiн банк арасындағы шартқа сәйкес жасалатын:
      1) осы банктегi бiр клиенттiң иелiгiндегi банк есепшоттары бойынша;
      2) клиенттiң банк есепшоттары бойынша солардың есебiндегi ақша сомаларының өзгерiстерiн бухгалтерлiк есепте көрсету, оның iшiнде тиесiлi сыйақыны көрсету үшiн банк жүргiзетiн;
      3) клиенттiң банктiк есепшотына қызмет көрсеткенi үшiн банктiң комиссиялық алымдарды алуы бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыруды реттемейдi (төлем құжаттарын қайтарып алу немесе орындауды тоқтата тұру туралы өкiмдердi ресiмдеуден басқа).
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы Нұсқаулықта «Ақша төлемдерi мен аударымдары туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында көрсетiлген негiзгi ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) валюталау күнi - бастамашы өзiнiң төлем тапсырмасында көрсеткен және "валюталау күнi" деп аталған бенефициар ақшаны алуы тиiс күн;
      2) дебеттiк аударымдар - ақша жөнелтушi төлеуi үшiн бенефициардың банкке төлем құжаттарын ұсынуы жолымен жүргiзiлетiн қолма-қол жасалмайтын төлемдер;
      3) кредиттiк аударымдар - бастамашының алушы-банкке төлем тапсырмасын ұсынуы жолымен жүргiзiлетiн қолма-қол жасалмайтын төлемдер;
      4) төлем құжаты - азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң, шарттардың талаптарына, Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына және соттың шешiмдерiне сәйкес ақша мiндеттемесiн орындауға негiз болатын немесе жасауға көмектесетiн құжат;
      5) алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6) инкассалайтын банк - бенефициардың талабын ақша жөнелтушiнiң банкiне немесе ақша жөнелтушiге осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес оны кейiннен төлеуi үшiн өткiзу жөнiндегi мiндеттеменi өзiне алатын банк.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Нұсқауды керi қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы нұсқаулар мен өкiмдердi алушы-банк тек өзi белгiлеген операциялық күн iшiнде қабылдайды.
      5. Егер нұсқауды керi қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы нұсқау немесе өкiм операциялық күн аяқталғаннан кейiн алынса, онда мұндай нұсқауға немесе өкiмдi алушы-банк келесi операциялық күннiң басында алған болып саналады.
      Егер бастамашының нұсқауында белгiленген валюталау күнi жұмыс iстемейтiн күнге келсе, онда келесi жұмыс күнi валюталау күнi болып саналады.
      6. Алушы-банк акцептелген нұсқау бойынша жөнелтушiнiң ақшасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, алуға (оның банк есепшотын дебиттеуге) құқылы.
      7. Құжаттық есеп айырысу - бұл сатып алушы мен сатушы арасындағы жазбаша келiсiмде көзделген және банк iшiнде қолданылатын: коносамент, көлiк тауар құжаттамасы, тасымалдаудың аралас түрлерінің көлiк құжаты, курьерлiк және пошталық түбiршек, сақтандыру полисi, коммерциялық есепшот, сапа сертификаты, варрант, тауардың шығу тегi туралы куәлiк, жүктiң салмағы туралы анықтама және басқа құжаттарды ұсынғанда банк жүзеге асыратын төлем.
      Құжаттың есеп айырысу түрлерi болып құжаттық аккредитив (бұдан әрi - аккредитив) және құжаттық инкассо (бұдан әрi - инкассо) болып табылады.
      8. Аккредитив - бұл клиенттiң нұсқаулығымен және өтiнiшi бойынша немесе өз қалауы бойынша көрсетiлген бенефициарға немесе оның бұйрығымен төлем немесе бенефициар талап еткен аударым вексельдерiне акцепт және төлеу немесе аккредитивте көзделген құжаттарға қарсы белгiленген мерзiмге негоциация жасауға, егер аккредитивтiң барлық талаптары сақталса, банк өзiне алған мiндеттеме.
      Аккредитив сатып алу-сату шартынан немесе басқа шарттан ерекшеленген мәмiле болып табылады.
      9. Инкассо - бұл сатып алушы мен сатушы арасындағы келiсiмде көзделген бастамашы берген төлем және басқа құжаттың есеп айырысуда ұсынылатын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көрсетiлген акцепт және/немесе төлем алу мақсатындағы басқа құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылатын банк операциясы.
      10. Аккредитив және инкассо Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қолданылады.
      11. Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінде ашылған мемлекеттiк мекемелердiң есепшоттарынан ақша төлемi мен аударымын жүргізу тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2007.04.30 N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2-бөлiм. Төлем құжаттары
1. Төлем құжаттарының түрлерi және
оларды ресiмдеу

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Төлем құжаттарының түрлерi:
      1) төлем тапсырмасы;
      2) чек;
      3) вексель;
      4) төлемдiк талап-тапсырма;
      5) инкассалық өкім, мемлекеттік кіріс органдарының инкассалық өкімі;
      6) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген басқа төлем құжаттары.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Төлем құжаттарында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда мынадай деректемелер болуы тиiс:
      1) төлем құжатының атауы;
      2) төлем құжатының номерi, оның жазылған күнi, айы, жылы. Күн - санмен, ай - жазумен, жыл - санмен жазылады. Компьютердi пайдаланып ресiмделген төлем құжаттарында айды санмен белгiлеуге болады;
      3) осы Нұсқаулықта көзделген жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтуші жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не заңды тұлғаның толық немесе қысқартылған атауы, оның жеке сәйкестендіру коды;
      4) ақша жөнелтушi банктiң ұйымдық-құқықтық нысанын қоса толық атауы, оның банктiк бiрдейлестiру коды (атауымен қатар оның фирмалық белгiсi қойылуы мүмкiн);
      5) бенефициар - заңды тұлғаның толық немесе қысқартылған атауы не жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның жеке сәйкестендіру коды;
      6) бенефициардың банкiнiң ұйымдық-құқықтық нысанын қоса, толық атауы не оның банктiк бiрдейлестiру коды (атауымен қатар оның фирмалық белгiсi қойылуы мүмкiн);
      7) төлемнiң мақсаты, сондай-ақ Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген оның код белгiсi;
      8) санмен және жазумен көрсетiлген төлем сомасы;
      9) ақша төлемі және/немесе аударымы бастамашысының уәкілетті адамдарының тегі, аты, әкесінің аты. Бұл ретте тегі толығымен, аты және әкесінің аты бірінші әріптерімен көрсетілуі мүмкін. Қағаз тасымалдауышта жасалған құжаттар үшін сондай-ақ нұсқау жөнелтушінің уәкілетті адамдарының қолдары және мөрінің (егер бар болса) таңбасы;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) қою талап етілмейтін төлем құжаттарын қоспағанда, бенефициардың және ақша жөнелтушінің ЖСН-і немесе БСН-і. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖСН немесе БСН қою талап етілмейтін төлем құжаттарында ақша жөнелтушінің мекенжайы (жеке және заңды тұлғалар үшін) не ақша жөнелтушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі (жеке тұлға үшін) көрсетіледі.
      Бұл ретте ақша жөнелтушінің және бенефициардың атауы, сондай-ақ олардың жеке сәйкестендіру кодтары, бірнеше бенефициар көрсетілуі мүмкін бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем құжатын есептемегенде, төлем құжатында бір рет көрсетіледі.
      Ұйымдастыру-құқықтық нысандарын қоса алғанда, жөнелтушінің, бенефициардың және оларға қызмет көрсететін банктердің атауын банктердің және клиенттердің жұмысына қиындық келтірмейтіндей етіп қысқартуға жол беріледі.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі  Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13; өзгеріс енгізілді 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз), 2011.05.30 № 52 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз), 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз), 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      15. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.05.30 № 52 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      16. Ақша төлемiн және/немесе аударымын жасағанда банк төлем құжаттарында қосымша деректемелердiң қойылуын, егер бұл талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделсе, талап етуге құқылы.

      17. Төлем құжаттары және төлем құжаттарын кері қайтарып алу туралы өкім электрондық түрде де, қағаз жазбасында да ұсынылуы мүмкiн. Электрондық төлем құжаттары және төлем құжаттарын кері қайтарып алу туралы өкім электрондық төлем хабарлары үшiн белгiленген нысандарға сәйкес құралады және банкке электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар бойынша жiберiледi.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85 қаулысымен.

      18. Төлем құжаттарын және төлем құжатын керi қайтарып алу туралы немесе оны орындауды тоқтата тұру туралы өкiмдi магниттi тасымалдаушымен ұсынуға тек санкцияланбаған төлемдерден қорғау тәртiбi сақталған жағдайда ғана жол берiледi. Сонымен бiрге, егер Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде басқаша көзделмесе, магниттi тасымалдаушыдағы ақпаратта банк қабылдаған бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесi болуы тиiс.

      19. Факс арқылы төлем құжатын не оны қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді беру үшін банк санкцияланбаған ақша төлемдерінен және/немесе аударымдарынан қорғау іс-қимылдарының өзі әзірлеген тәртібін, сондай-ақ Төлемдер туралы заңда және осы Нұсқаулықта белгіленген қорғау іс-қимылдарының өзге де элементтерін сақтайды.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20. Төлем құжаттарында не оларды керi қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiм мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жасалуы тиiс. Оларды жасағанда өзге тiлдердi пайдалану мүмкiндiгi банктер және оның клиентi арасында шартпен белгiленедi.
      21. Төлем құжаттарында және оларды қайтарып алу туралы немесе олардың орындалуын тоқтата тұру туралы өкімдерде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Банктер туралы заң) көзделген жағдайларды қоспағанда, қандай да бір түзетулер жасауға жол берілмейді.
      Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, түзетулер, түзеулер енгізілген, сондай-ақ цифрлармен және жазумен көрсетілген сомалардың мәндері сәйкес келмеген жағдайда, банк төлем құжатын орындауға қабылдамайды және алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде қайтару себебін көрсете отырып, бастамашысына қайтарады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.05.2015 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. Алушы банк немесе бенефициар банкі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі), Банктер туралы заңда, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң), Төлемдер туралы заңда көзделген негіздер бойынша төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ мынадай:
      1) осы Нұсқаулықта, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысында (бұдан әрі – № 388 қағидалар), Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығын бекіту туралы» 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысында (бұдан әрі – № 395 нұсқаулық) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1352 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 қарашадағы № 433 қаулысында (бұдан әрі – № 433 ереже) белгіленген нысанға сәйкес келмеген;
      2) ақша жөнелтушінің банкі Банктер туралы заңда көзделген жағдайларда төлем құжаттарында клиенттің жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК) түзетуін қоспағанда, клиенттің деректемелері (ЖСК, ЖСН (БСН)) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген;
      3) ақша жөнелтушінің атауы клиенттің төлем құжатында көрсетілген атауына сәйкес келмеген;
      4) бюджетке төлемдерді төлеу кезінде бюджеттік жіктеу кодының цифрлық белгісі болмаған;
      5) көлік құралына салық төлеу кезінде төлем құжатында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ұсынған деректермен сәйкес келмеген жағдайларда оны акцептеуден бас тартады.
      Егер басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН)) банк клиентін сәйкестендіріп, клиенттің инкассалық өкімде көрсетілген атауы нақты атауына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органдары электрондық тәсілмен ұсынған инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуға жол берілмейді.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.05.2015 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      22-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері) төлем құжаты "төлем мақсаты" бағанында мемлекеттік мекеменің бес миллион теңгеден артық сомадағы, бенефициар ұсынатын хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) болған кезде орындалуы тиіс азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарламаның нөмірін, күні көрсете отырып, банкте бенефициардың жеке ісіне тігіліп, сақталады. Хабарламада қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері және мемлекеттік мекеме басшыларының қолдары, мөрлерінің таңбасы болуы тиіс
      Бенефициардың хабарламада көрсетілген деректемелері (атауы, ЖСН (БСН), ЖСК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келуі тиіс.
      Төлем құжатының "төлем мақсаты" бағанында хабарламаның нөмірі мен күнінен басқа төлемнің "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесі көрсетілуі тиіс. Банкте сақталған хабарламаның нөмірі және күні "төлем мақсаты" бағанында көрсетілген хабарламаның нөмірімен және күнімен сәйкес келуі тиіс.
      Осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші абзацтарында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, банк заң актілерінде акцепт үшін көзделген мерзім ішінде осындай төлем құжатын орындамастан оның жөнелтушісіне қайтарады.
      Банк "ағымдағы" төлем мәртебесі бар төлем құжатын орындаған кезде хабарламаның сыртқы жағына негізінде төлем жүзеге асырылған төлем тапсырмасының деректемелері, орындалған төлемнің сомасы және хабарлама бойынша төленуі тиіс қалған сома көрсетіледі. Банк "түпкілікті" төлем мәртебесі бар төлемді жүзеге асырған кезде хабарламаның сыртқы жағына бұл туралы тиісті белгі қояды.
      Бенефициар ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық, Орталық депозитарий көрсетілген мемлекеттік борышты, зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік арнайы және мемлекеттік әлеуметтік және өзге әлеуметтік жәрдемақыларды өтеуге және қызмет көрсетуге байланысты төлем құжаттарына, сондай-ақ бенефициар ретінде алушы банк көрсетілген төлем құжаттарына хабарлама ұсыну талап етілмейді.
      Ескерту. 22-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004.01.24 N 13; өзгерістер енгізілді - 2005.08.27 N 95; 2007.04.30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз); 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз) қаулыларымен.

      22-2. Егер есептелетін ақша сомасы мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақылармен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдермен байланысты болмаған жағдайда, бенефициардың банкі көрсетілген жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді аудару үшін жеке тұлға-клиенттің талап етуі бойынша ашылған ағымдағы шотқа ақша аударуды көздейтін төлем құжатын акцептеуден бас тартады.
      Ескерту. 1-тарау 22-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.03.25 N 24 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      22-3. Банк (алушы-банк, бенефициар банкі, делдал-банк) КЖТҚҚІ туралы заңға сәйкес ақша жөнелтушіні және/немесе бенефициарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді, сондай-ақ КЖТҚҚІ туралы заңға сәйкес клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды жүргізу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтуші жүргізген ақша төлемi және/немесе аударымы туралы мәліметтерді клиенттің банк шоты жабылғаннан кейін бес жыл ішінде сақтайды.
      Ескерту. 1-тарау 22-3-тармақпен толықтырылды -  ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      23. Ақша жөнелтушiнiң ақшасын оның банк есепшотынан алу ақша жөнелтушi акцептеген төлем құжаты не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның акцептелуiн талап етпейтiн төлем құжаты негiзiнде жүргiзiледi.

      24. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, қағаз жазбада орындалған ұсынылатын төлем құжаттары және төлем құжатын керi қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдерi даналарының санын әр банк өзi белгiлейдi және оның ережесiнде операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы айтылады.

      25. Банк ақша төлемiн және/немесе аударымын жүзеге асыру бойынша ақша жөнелтушi және/немесе нұсқау жөнелтушi алдындағы оның мiндеттемелерiне байланысты емес шағымдарды қарауға мiндеттi емес.
      Ақша жөнелтушi мен бенефициар арасындағы шағымдар алушы-банктiң акцепт нұсқауы заңды болғанда ғана алушы-банктiң қатысуынсыз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, төлем құжаттарында оларды iшiнара орындау туралы талап қоюға болмайды.

2. Төлем тапсырмасы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      27. Төлем тапсырмасы тапсырмада көрсетiлген сомадағы бенефициардың пайдасына оның ақшасын аудару туралы ақша жөнелтушiнiң қызмет көрсететiн алушы-банкке тапсырмасын бiлдiредi.
      27-1. Қағаз тасымалдауышта орындалған төлем тапсырмасында ақша жөнелтушінің уәкілетті адамдарының қолдары және егер бар болса - қолдар және мөр таңбасының үлгілеріне/қолдардың үлгілеріне сәйкес оның мөрінің таңбасы болуы тиіс. Егер қолдардың үлгілері және мөр таңбасы бар құжатта/қол үлгісі және мөр таңбасы бар құжатта банк шотын пайдалануға уәкілетті адамдар ретінде бірінші және екінші қол қою құқығына ие адамдар көрсетілсе, төлем тапсырмасында бұл адамдардың қолдарының болуы міндетті.
      Ескерту. 2-тарау 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.05.30 № 52 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      27-2. Алушы-банк немесе бенефициар банкі осы Нұсқаулықтың 22-тармағында көзделген негіздемелер бойынша, сондай-ақ төлем тапсырмасында көрсетілген төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмеген жағдайларда төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартады. Бенефициардың банкі төлем сомасын төлем жасалған күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып конвертациялауды жүзеге асыру арқылы банк шотының валютасында аудару туралы жазбаша растауы болған жағдайда бенефициар банкінің қалауы бойынша төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмейтін төлем тапсырмасын орындауына жол беріледі. Конвертацияның жүзеге асырылғаны үшін комиссиялардың мөлшері және алу тәртібі клиент пен қызмет көрсететін банк арасында жасалған шартта айқындалады.
      Ескерту. 2-тарау 27-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.05.30 № 52 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      28. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы-банкке төлем тапсырмасын осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады.
      Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы-банкке осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасын ұсынады. Ақша жөнелтушінің осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасын ұсынуына жол беріледі.
      «Төлемнің мақсаты» бағанында ақша жөнелтуші ақша аударымын жүзеге асыруға негіз болатын құжаттың (құжаттардың) атауын, нөмірі мен күнін және № 395 нұсқаулықта, № 433 ережеде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысында көзделген өзге де деректемелерді, сондай-ақ «төлем мақсатының коды» бағанында төлемнің кодтық белгіленуін көрсетеді.
      Заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін бюджетке төлемдерді, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде «төлем мақсаты» бағанында ең алдымен төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі БСН, одан кейін оның атауы көрсетіледі.
      Көлік құралына салық төлеу кезінде (оның ішінде электрондық құрылғылар арқылы) «төлем мақсаты» бағанында көлік құралының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл деректеме төлем құжатының «төлем мақсаты» бағанында мынадай ретпен көрсетіледі: «VIN» сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» символдары.
      Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі көрсетіледі. Төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін жөнелтуші қамтамасыз етеді.
      Зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік аударымдарды төлеуге ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде жөнелтуші төлем тапсырмасымен бірге бір мезгілде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 және «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулыларының талаптарына сәйкес ресімделген зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар төленетін тұлғалардың тізімін (бұдан әрі – тізім) алушы-банкке ұсынады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын тізім алушы-банкке тізімнің электрондық тасымалдауыштардағы көшірмесі қоса беріле отырып ұсынылады. Алушы-банк қажет болған жағдайда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген болса, 50 және одан аз позициядан (аты-жөннен) тұратын тізімнің электрондық көшірмесін ұсынуды талап етеді.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      29. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ұлттық валютамен, сол сияқты шетел валютасымен төлем жасау және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен төлем жасағанда және/немесе ақша аударымын жүзеге асырған кезде ақша жiберушiнiң қызмет көрсетушi алушы банкке ақша аудару туралы төлем тапсырмасы болып табылатын, белгiленген нысандағы (N 2 қосымша) бланкiлерге толтырылған ақша аударуға өтiнiшi пайдаланылады.
      Банк ақша аударуға берілетін өтініште осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында көрсетілген деректемелерден басқа осы өтінішті өңдеу үшін оған қажет болатын ақша жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді енгізеді. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда, банк ақша жөнелтуші туралы басқа да мәліметтерді толтыруды талап етеді. Қазақстан Республикасынан тыс резидент еместің пайдасына ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде ақша аудару үшін берілген өтініште бенефициардың ЖСН (БСН) көрсету талап етілмейді.
      Ескерту. 29-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000.12.29 N 488; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002.01.18 N 20, 2003.01.31 N 20; 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз), 2012.03.26 № 108, 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      30. Ақша аударуға жазылған күнi көрсетiлген төлем тапсырмасы-өтiнiшiн алушы-банк он күнтiзбелiк күн iшiнде қабылдайды.
      Ақша аударуға төлем тапсырмасынан немесе өтiнiшiнен басқа ақша жөнелтушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алушы-банктiң талабы бойынша төлемнiң дәлелдiлiгiн растайтын құжаттар ұсынуға мiндеттi.

      31. Қызмет көрсететiн алушы-банкпен келiсiм бойынша ақша жөнелтушi ақша аударуға төлем тапсырма-өтiнiшiнде валюталау күнiн көрсетуiне болады.

3. Төлемдiк талап-тапсырма

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32. Төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiге жеткiзiлген тауарларға, орындалған жұмысқа, көрсетiлген қызметке ақы төлеу туралы көрсетiлген талапты растайтын құжаттар негiзiнде ұсынылатын бенефициардың талабын бiлдiредi.
      33. Бенефициар төлемдiк талап-тапсырманы белгiленген нысандағы бланкiде (N 3 қосымша) бенефициардың банкiне немесе тiкелей ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынуға құқылы.
      Бенефициар бенефициардың банкiне бiрнеше төлемдiк талап-тапсырмаларды ұсынған жағдайда, оларға төлемдiк талап-тапсырмалардың тiзiлiмi белгiленген нысандағы бланкiде (N 4 қосымша) қоса берiледi.
      Төлемдiк талап-тапсырманың "төлемнiң мақсаты" бағанында бенефициар төлемдiк талап-тапсырманы ұсынуға негiз болатын құжаттар деректемелерiн және өзге де деректемелерiн, егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделсе көрсетуге мiндеттi.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000.12.29 N 488, өзгеріс енгізілді -  ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003.01.31 N 20 қаулыларымен.
      34. Төлемдiк талап-тапсырма тiзiлiммен бiрге бенефициардың банкiне ұсынылады, ол бенефициардың барлық деректемелерi толтырылуының толықтығын тексерiп, төлемдiк талап-тапсырманы осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен ақша жөнелтушiнiң банкiне жiбередi.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      35. Бенефициарға және ақша жөнелтушiге бiр алушы-банк қызмет көрсеткен, сондай-ақ төлемдiк талап-тапсырманы бенефициардың банкiсiз ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынған жағдайда тiзiлiмдi қоса беру қажет емес.
     Ақша жөнелтушінің банкіне бір мезгілде бенефициар әрі бенефициар банкі болып табылатын тұлға бірнеше төлемдік талап-тапсырмаларды ұсынған кезде тізілімнің қоса берілуі талап етілмейді.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.05.30 № 52 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      36. Жазылған күнi көрсетiлген төлемдiк талап-тапсырма мен қоса берiлген тiзiлiмдi бенефициар отыз күнтiзбелiк күн iшiнде бенефициардың банкiне ұсынуы мүмкiн немесе төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынылуы мүмкiн.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулыларымен.
      37. Ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырмаларды қоспағанда, ақша жөнелтушi банк тек ақша жөнелтушiнiң акцептi болған жағдайда ғана төлемдiк талап-тапсырманы орындауға тиiс.
      Ақша жөнелтушiнiң акцепт туралы белгi қою үшiн төлемдiк талап-тапсырма бланкiсiнiң бет жағында орын жетiспеген жағдайда, осы жазба бланктiң сырт жағына жасалады.
      38. Егер жөнелтушi ақша жөнелтушiнiң банкiне төлемдiк талап-тапсырманы оған ақша жөнелтушiнiң өзiнiң банк есепшотынан ақшаны акцепсiз алуға келiсiмi бар құжаттарды қосып ұсынса, ондай төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейдi.
      38-1. Банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы алу қажет болған кезде шоттың (шоттардың) иесі қарыз алушысы, кепілгері, кепiлдік берушiсі, лизинг алушысы немесе кепiл берушiсі болып табылатын банк кредиттің алынғанын растайтын мынадай құжаттарды:
      1) егер шоттың иесі қарыз алушы болып табылса - банктің «Көшірмесі дұрыс» деген белгісі бар ақша жөнелтушінің өзінің банк шотынан ақшаны акцептсіз алуға келісімі бар банк қарызы шартының немесе кредиттік желі ашу туралы келісімнің көшірмесін. Егер шоттың иесі қарыз алушы болып табылмай, кепілгер, кепiлдік берушi, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылса - банктің «Көшірмесі дұрыс» деген белгісі бар ақша жөнелтушінің өзінің банк шотынан ақшаны акцептсіз алуға келісімі бар, банк қарызы шартының немесе кредиттік желі ашу туралы келісімнің немесе кепілдіктің, кепілдік берудің, лизинг алудың немесе кепіл берудің фактісін растайтын өзге құжаттардың көшірмесін;
      2) төлем (касса) құжатының немесе клиенттің банк шоты бойынша үзінді-көшірменің немесе банк қарызының берілгенін растайтын өзге құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, банк басқармасы төрағасының немесе оның орынбасарларының қолы қойылған жазбаша сұратуларды банктерге жібереді.
      «Көшірмесі дұрыс» деген жазу тырнақшасыз көрсетіледі, құжаттардың көшірмелерін растау бойынша тиісті өкілеттіктер берілген банктің уәкілетті адамының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), растаған күні көрсетіле отырып, оның қолымен расталады және банк мөрінің бедерімен бекітіледі (ол болған кезде).
      Ескерту. 3-тарау 38-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      38-2. Банк осы Нұсқаулықтың 38-1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салған банкке клиенттің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы немесе олардың жоқ екендігі туралы мәліметтерді жібереді. Клиенттің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтама еркін нысанда жасалады және онда анықтаманың берілу күні, банктің атауы мен банктік сәйкестендіру коды, клиенттің атауы, оның жеке сәйкестендіру коды, сәйкестендіру нөмірі, банк шотының валютасы, банктің уәкілетті тұлғаның аты-жөні және мөртабан қамтылады. Егер клиентке банк шоты мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін ашылған болса, онда осы факті туралы ақпарат клиенттің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтамада көрсетіледі.
      Ескерту. 3-тарау 38-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

4. Инкассалық өкiм

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      39. Заң актілерінде көзделген жағдайларда ақша жөнелтушiнiң банк есепшоттарынан ақша жөнелтушiнiң келісімiнсiз ақша алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты белгіленген нысандағы бланкте (№ 5 қосымша) ұсынылған инкассалық өкім, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарының (№ 6 қосымша) инкассалық өкімі болып табылады.
      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      40. Ақшаны өндіріп алушы ақша жөнелтушінің банкіне ақшаны өндіріп алу туралы сот шешімдері, үкімдері, ұйғарымдары және қаулылары бойынша берілетін атқару құжаттарының немесе бұйрықтардың немесе сот бұйрығының түпнұсқаларын не жеке сот орындаушысының не атқару құжаттарын орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімінің мөрімен расталған олардың көшірмелерін қоса инкассалық өкімді ұсынады.
      Ақша жөнелтушiнiң банк шотынан оның келiсiмiнсiз ақша алудың негізділігін растайтын атқару құжаты, егер атқару құжатының мәтiнiнде өзгеше белгiленбесе, банкке тек бiр инкассалық өкiмді ұсыну үшiн негiздеме болып табылады.
      Мемлекеттік кіріс органдарының инкассалық өкiмдерi осы өндiрiп алудың негізділігін растайтын атқару құжаттарынсыз ұсынылады.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      41. Инкассалық өкiмде ақша жөнелтушiнiң банк есепшотынан оның келiсiмiнсiз ақша (оның күнi және номерi) алу (өндiрiп алу) құқығы көзделетiн заң актiлерiне сiлтемемен төлемнiң мақсаты көрсетiледi.
      Орындалатын құжатта көрсетiлген ақша төлемiнiң/аударымының сомасы инкассалық өкiмде көрсетiлген сомамен сәйкес келуi тиiс.

      42. Мемлекеттік кіріс органдарының инкассалық өкімінде бюджеттік жіктеу коды, операция түрі қосымша көрсетiледi.
      Операциялар түрі жолында тиiсiнше кодтар көрсетiледi:
      03 - салық органының бюджетке берешегі бар салық төлеушiнiң банктік шотына қойылған инкассалық өкімі;
      04 - салық органының дебитордың банктік шотына қойылған инкассалық өкімі;
      05 - кеден органының бюджетке берешегі бар салық төлеушiнiң банктiк шотына қойылған инкассалық өкімі;
      07 - міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агенттің банктік шотына салық органы берген инкассалық өкім;
      09 - әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеушінің банктік шотына ұсынылған салық органының инкассалық өкімі.
      Мемлекеттік кіріс органының міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкімдерінде «бенефициар» және «бенефициардың банкі» бағандарында Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы көрсетіледі.
      Мемлекеттік кіріс органдары зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкіммен бір мезгілде алушы-банкке тізімдерді ұсынады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндері) бар тізімді алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы тізімнің көшірмесін қоса бере отырып ұсынады.
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43. Өндiрiп алудың, сондай-ақ ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз қаражатты есептен шығару үшiн негiздемеге сiлтеме жасау дұрыстығына өндiрiп алушы жауап бередi. Банктер ақша жөнелтушiлердiң олардың келiсiмiнсiз банк есепшоттардан қаражатты есептен шығаруға қарсылықтарын қарамайды.

5. Төлем құжаттарын электрондық түрде ұсыну

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      44. Төлем құжатында хабарланатын оның бейнесiн немесе ақпаратты беру жолымен төлем құжаттарын алмастырудың электрондық жүйелерiн пайдалану және бағдарламалық-криптографиялық қорғау мен электрондық сандық қол қою туралы шарт (келiсiм) негiзiнде, бенефициар мен оның банкi арасында не ақша жөнелтушi мен оның банкi арасында бұндай ұсыну көзделген болса, егер өзгеше Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделмесе, электрондық тәсiлмен жасалуы мүмкiн.
      Төлем құжаттарын алмастырудың электрондық жүйелерiн пайдалану туралы шартта (келiсiмде) төлем құжатын төлеу, акцепт, акцептен бас тарту, керi қайтарып алу және банк төлем құжаттарын өңдеуге байланысты басқа да мәселелер туралы ережелер болуы мүмкiн.

6. Санкцияланған нұсқау және қорғау
iс-қимылдарының тәртiбi

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      45. Санкцияланбаған нұсқау деп алушы-банк пен жөнелтушi арасындағы шартта көзделген санкцияланбаған төлемдерден келiсiлген қорғау iс-қимылдары тәртiбiне сәйкес, сондай-ақ егер жүргiзiлетiн төлем оны жасауға өкiлеттiгi бар адамның нұсқауымен жасалса және ол Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, алушы-банк алған жөнелтушiнiң нұсқауы саналады.
      Егер алушы-банк нұсқаудың санкцияланғандығына жоғарыда айтылған талаптарды бұза отырып, оны орындауға қабылдаса, нұсқау санкцияланбаған болып саналады.
      Ескерту. 45-тармаққа толықтыру, өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 372, 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулыларымен.

      46. Санкцияланбаған төлемдерден қорғау iс-қимылдарының тәртiбi мынадай жағдайларда келiсiлген болып табылады:
      1) алушы-банк ұсынған қорғау iс-қимылдарының тәртiбiне жөнелтушi жазбаша келiсiм бергеннен кейiн. Мұндай келiсiм қорғау iс-қимылдарының тәртiбi көзделген алушы-банк пен жөнелтушiнiң шартта қол қоюы болып табылады;
      2) алушы-банк ұсынған, ал жөнелтушi қабыл алмаған және алушы-банк үшiн қолайлы басқа қорғау iс-қимылдарының тәртiбiн ұсынғаннан кейiн. Мұндайда, жөнелтушi өз атынан жөнелтiлген және қорғау iс-қимылдарының белгiленген тәртiбiне сәйкес алушы-банк орындауға қабылдаған нұсқаудың санкцияланғандығы үшiн өзiне жауапкершiлiк және мiндеттеме алады.

      47. Осы тараудың ережесi төлем құжатын керi қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру өкiмiне де қолданылады.

7. Санкцияланбаған нұсқауды орындаудың салдары

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      48. Жөнелтушi нұсқаудың дұрыс орындалуын анықтайды және ол санкцияламаған нұсқау орындалған жағдайда, алушы-банкке ол туралы санкцияланбаған нұсқау анықталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде, бірақ санкцияланбаған нұсқау орындалған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей хабарлайды.
      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      49. Егер алушы-банк санкцияланбаған нұсқау туралы жөнелтушiден уақтылы хабар алып, санкцияланбаған нұсқауды орындаған жағдайда, ол жөнелтушiге олардың арасында жасалған шартта көзделген тәртiппен осы нұсқауды орындауға байланысты нақты шығындардың орнын толтырады.
      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.

8. Нұсқауды қайтарып алу және нұсқаудың
орындалуын тоқтата тұру

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      50. Акцептелмеген өкiм акцепт жасау мерзiмi өткенге дейiн қайтарып алынуы мүмкiн.
     Өкiмнiң орындалуын тоқтата тұру немесе нұсқауды кері қайтару оны банк-алушы орындағанға дейiн ғана болады.

      51. Нұсқауды жөнелтушi алушы-банкке нұсқауды керi қайтару өкiмiн белгiленген нысандағы бланкiде (N 7 қосымша) жiберу жолымен қайтарып алуы мүмкiн. Осындай өкiмнiң орындалу мерзiмi жөнелтушi және алушы-банк арасында жасалған шартта белгiленедi.
      Жөнелтушi және алушы-банк арасында жасалған шартта нұсқауды керi қайтару туралы өкiмдi электрондық тәсiлмен беру көзделуi мүмкiн.
      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.

      52. Нұсқауды керi қайтарып алу туралы нұсқауда алушы-банк белгiлеген төлем құжатының күнi, оның номерi, сомасы және төлем құжатының басқа да деректемелерi көрсетiлуi тиiс. Электрондық тәсiлмен берiлген төлем құжатын керi қайтарып алу туралы өкiм, жөнелтушi мен алушы банк арасындағы шартта белгiленген санкцияланбаған төлемдерден қорғау iс-қимылдарының тәртiбiн сақтаған жағдайда ғана жөнелтiлдi деп саналады.
      Төлем құжатын керi қайтарып алу туралы оның орындалуын тоқтата тұру жөніндегі өкiмдi қағаз жазбада ресiмдегенде төлем құжатын жөнелтушiнiң мөрі (ол болған кезде) және төлем құжатына қол қоюға құқығы бар уәкiлеттi адамдарының қолы болуы тиіс.
      Ескерту. 52-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53. Алушы-банк Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына және жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн нұсқауды керi қайтарып алу туралы өкiмдi орындауға қабылдамауы тиiс.

      54. Жөнелтушiнiң орындалмаған нұсқауды керi қайтару туралы өкiмiн уақтылы алған кезде алушы-банк осы нұсқау бойынша ақша аударуға құқығы болмайды және ол бiр мезгiлде жөнелтушiге алынған өкiмнiң орындалуы туралы хабарды жiбере отырып, осы өкiмдi алған күннен кейiн келетiн жұмыс күнiнен кешiктiрмей нұсқауды қайтаруы тиiс.
      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі  Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.
      55. Жөнелтушi нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдi алушы-банкке жiберу жолымен нұсқауды тоқтата тұруы мүмкiн (N 8 қосымша).
      56. Нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру, Төлемдер туралы заңмен, КЖТҚҚІ туралы заңмен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысымен көзделген тәртіпке сәйкес, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      57. Акцептелген нұсқаудың орындалуы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мiндеттi түрде тоқтатылуы тиiс.

3-бөлiм. Кредиттiк аударымдар
1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      58. Осы бөлiмнiң нормалары Қазақстан Республикасының резидент емес-банктердiң қатысуымен ақша төлемдерi мен аударымдарына байланысты қатынастарға қолданылмайды.
      Мұндай қатынастар тиiстi шарттармен және банк iс-тәжiрибесiнде қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерiмен реттеледi.

2. Төлем тапсырмасының акцептi

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      59. Алушы-банктiң төлем тапсырмасын акцептеуi жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындау оның мiндетi екенiн және акцептелген төлем тапсырмасының мөлшерiнде жөнелтушiнiң банк есепшотынан ақша сомасын және оны орындауға байланысты шығасын алуға алушы-банктiң құқығы туғандығын бiлдiредi.

      60. Алушы-банк тапсырманы акцептегенге дейiн оны жөнелтушi алушы-банк тапсырманы акцептегеннен кейiн оны орындауға қажеттi ақша сомасын өзiнiң банк есепшотында қамтамасыз етуге мiндеттi. Қажеттi ақша сомасын қамтамасыз ету жөнелтушiге берiлген алушы-банктiң займы есебiнен, не жөнелтушiнiң банк есепшоты бойынша күндiзгi займынан, егер бұл арадағы шартта көзделген болса, жасалуы мүмкiн.

      61. Мына талаптардың бiреуi болғанда алушы-банк төлем тапсырмасын акцептеген болып табылады:
      1) алушы-банк жөнелтушiге акцептеу туралы хабарлама немесе төлем құжатының ақысы ретiнде қолма-қол ақшаны қабылдау туралы хабарлама жiбердi;
      2) алушы-банк жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы негiзiнде оның ақшасын алды (банк есепшотын дебеттедi);
      3) алушы-банк төлем тапсырмасын алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жөнелтушi акцептеу туралы немесе акцептеуден бас тарту туралы алушы-банктiң хабарламасын алған жоқ (хабарламай-ақ қабылдады);
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе алушы-банк пен жөнелтушi арасындағы шартта көзделген басқа жағдайларда.

      62. Мына талаптардың бiреуi болғанда бенефициар банкi төлем тапсырмасын акцептеген болып табылады:
      1) бенефициар банкi жөнелтушіге акцептеу туралы хабарлама жiбередi;
      2) бенефициар банкi, егер ол бiр уақытта алушы-банк болып табылса, оның төлем тапсырмасының негiзiнде жөнелтушiнiң ақшасын алды (банк есепшотын дебеттедi);
      3) бенефициар банкi бенефициардың банк есепшотын кредиттеу жолымен бенефициарға ақша аударымын жүзеге асырды;
      4) жөнелтушi бенефициар банктен акцепт туралы немесе акцептен бас тартқаны туралы банк бенефициардың төлем тапсырмасын алған күннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде алмағанда (үндемегенi туралы);
      5) Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда қарастырылған немесе бенефициар банк арасындағы кейбiр жағдайларда.

      63. Жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шартта акцептiн төлем тапсырмасы қабылданған кезде болу мүмкiндiгi де қарастырылады.

3. Төлем тапсырмасының акцептінен бас тарту

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      64. Алушы-банк акцептiң төлем тапсырмасынан бас тартуы мынадай жағдайда жүргiзiледi:
      1) жөнелтушi ақша аударымын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақша сомасымен қамтамасыз етпегенде;
      2) егер төлем тапсырмасының қолдан жасалғандық белгiлерi болса, соның iшiнде, егер төлем тапсырмасы жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шартта көрсетiлген санкцияланбаған төлемдерден қорғау тәртiбi бұзылып берiлгенде;
      3) осы Нұсқаулықта, Төлемдер туралы заңда, № 388 Қағидаларда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1148 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 146 қаулысында, сондай-ақ жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы шарт талаптарында белгіленген жөнелтуші төлем тапсырмасын құрастыру және төлем тапсырмасын көрсету тәртібіне қойылатын талаптарын сақтамаған кезде;
      4) Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдардың басқа да талаптарын және (немесе) шарт жағдайларын сақтамағанда.
      Акцептеудiң төлем тапсырмасынан бас тартқан алушы-банк төлем тапсырмасын алған күнi, үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша немесе электронды хабарлама жiбередi.
      Бас тарту туралы хабарламаны жiберу тәртiбi алушы-банк пен жөнелтушi арасындағы шартта көрсетiлуi қажет. Акцептен бас тарту күнi деп хабарламаның жiберiлген күнi саналады.
      Ескерту. 64-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      65. Акцептiң төлем тапсырмасын орындау мүмкiн емес жағдайлар:
      1) алынып тасталынды.
      2) егер бенефициар банк алған төлем тапсырмасында көрсетiлген бенефициар деректемелерi осы бенефициарға бiрдейлестiрiлмегенде.
      Ескерту. 65-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.

      66. Егер алушы-банк бенефициар банк болып саналмаса, төлем тапсырмасын орындамайды, мұндайда жөнелтушiнiң банк есепшотында алушы-банктiң төлем жасауға жеткiлiктi ақша сомасы болып және алушы-банк акцептен бас тарту туралы мерзiмiнде уақтылы хабарламаса, алушы-банк жөнелтушiге өзара шартта көрсетiлген мөлшерде, егер Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмесе, аударым ақша сомасынан айыппұл төлеуге мiндеттi.
      Егер алушы-банк негiзсiз акцептiң төлем тапсырысынан бас тартса, онда ол жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шартта көрсетiлгендей, немесе Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдармен жауап бередi.

4. Акцептелген төлем тапсырысы бойынша төлем

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      67. Жөнелтушi алушы-банктiң акцептелген төлем тапсырмасы сомасына төлем жүргiзуге мiндеттi және, оны орындауға немесе өзара шартқа сәйкес, санкцияланған өтем тапсырысынан бас тартуына байланысты қаражатын өтейдi. Мұндай жағдайда төлем жүргiзу мiндетi алушы-банктiң жөнелтушi төлем тапсырмасын орындау кезiнен басталады.

      68. Алушы-банкi жөнелтушiнiң банк есепшотын дебеттеген жағдайда, жөнелтушiнiң алушы-банкке төлемi жүргiзiледi.

      69. Егер жөнелтушi банк болса, онда төлем мынадай жолдармен
жүргiзiледi:
      1) жөнелтушiнiң корреспонденттiк есепшоты алушы-банкте кредиттелсе және оған көшiрмесi жiберiлсе;
      2) жөнелтушiнiң корреспонденттiк есепшоты алушы-банкте дебеттелсе;
      3) жөнелтушiнiң корреспонденттiк есепшоты және Ұлттық Банктегi алушы-банкi арқылы төлемдi жүзеге асырса;
      4) төлем жүйесі арқылы төлемді жүзеге асыру;
      5) жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы екi жақты келiсiмге сәйкес, өзара есепке алынып төлем жүргiзгенде.
      Ескерту. 69-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).   

5. Алушы-банктiң төлем тапсырмаларын орындау кезіндегі
іс-қимылы

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      70. Жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын акцептеген Алушы-банк оны Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына және төлем тапсырмасының өзiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес орындайды.
      Ескерту. 70-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.
      71. Егер жөнелтушiнiң төлем тапсырмасында басқадай көрсетiлмесе, онда алушы-банк оның төлем тапсырмасын делдал банктiң онан әрi орындауына жiберуге құқылы.
      72. Төлем тапсырмасын орындау мүмкін болмаған жағдайда, делдал банк ақша жіберушінің банкіне бұл жөнінде осындай нұсқау алған күннен кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей олардың арасындағы шартта белгіленген тәсілмен хабарлайды және оған төлем тапсырмасы негізінде ақшаны қайтарады.
      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      73. Егер алушы-банк жөнелтушiден тиiстi өкiлеттiк алмаса, онда оның құқығы жоқ:
      1) жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындауға байланысты келтiрген қызметi мен шығындарына берiлетiн комиссиялық соманы осы төлем тапсырмасы сомасынан ұстау арқылы төлеттiруге;
      2) келесi алушы-банкке төлем тапсырмасы сомасы есебiнен комиссиялық төлеттiру құқын беруге.
      74. Алушы-банк, жөнелтушi төлем тапсырмасын анықтаған, делдал-банктi анықтаған, аударымды жүзеге асыру мүмкiн еместiгiн, дәлелдеген осы Нұсқаулықта көзделген, егер осы төлем тапсырмасының мерзiмi өткенше, ол жөнелтушiден алдағы iс-әрекеттерiн сұрап, оған төлем тапсырмасын орындауға не iстейтiнiн көрсеткен төлем тапсырмасын орындауға не iстейтiнiн көрсеткен өз мiндеттерiн орындаған болып есептеледi.
      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      75. Егер алушы-банк төлемдi орындауда осы Нұсқаулықтың талабын бұзғандықтан бенефициардың ақша аударымы кешiгуiне әкеп соқса, онда банк, көрсетiлген кешiктiруге тiкелей кiнәлi ретiнде, араларындағы шартта немесе 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде (Жалпы бөлім) көзделген тұрақсыздық айыбын қатысушыға (қатысушыларға) төлейдi
      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      76. Егер тапсырманы орындау кезiне дейiн алушы-банк Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заң актiлерi талаптарына сәйкес, тәртiп бойынша бiрiншi кезектегілердi орындауға мiндеттi, сонан кейiн жөнелтушiнiң банк есепшотында тапсырманы орындауға қажеттi ақша сомасы жоқ болса, алушы-банктiң төлем тапсырмасын орындамауға және оның акцептiнен бас тартуға құқылы.
      Мұндайда бұл банк жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындамады деген жауапкершiлiктен босатылады.

6. Валюталау күніндегі төлем тапсырмалары

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      77. Акцептiк төлем тапсырмасындағы шарттардың бiрi валюталау күнi белгiленгенде алушы-банк жөнелтушiнiң банктiк есепшотынан олардың акцептелген төлем тапсырмасы көлемiнде ақша сомасын алуға құқы бар.
      Мұндай жағдайда алушы-банк осындай операцияларды бөлек немесе бөлек жеке есепшоттарда (субпозицияларда) жүргiзедi.

      78. Валюталау күнiнде мерзiмдi төлем тапсырмасын орындау мақсатында алушы-банк тапсырмасын, жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы жағдайына сәйкес, сол мерзiмде, келесi делдал-банк немесе бенефициар банкке осы Нұсқаулықпен жүктелген міндеттердің мұндай тапсырмасын орындауға жеткiлiктi уақыт бөлiп жiбередi.
      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7. Жөнелтушінің және алушы-банктің қате нұсқауды орындау
кезіндегі іс-қимылдары

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 6-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      79. Жөнелтушінің нұсқауын орындау мақсатында алушы-банк жіберген нұсқау, егер ол нұсқау:
      1) жөнелтуші нұсқауының деректемелеріне сәйкес келмейтін деректемелерден тұрса;
      2) қайта жіберілсе, қате болып саналады.
      80. Жөнелтушiнiң нұсқауын орындау мақсатында берiлген нұсқауды жiберген кезде алушы-банк жөнелтушiге оның нұсқауының шартта көзделген тәртiпте орындалғаны туралы хабарлайды.
      80-1. Бенефициардың банкі жөнелтушінің нұсқауын орындау қателігін анықтаған кезде бенефициардың банкі нұсқаудың қате орындалғанын анықтаған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей ақшаны қайтарады.
      81. Жөнелтушi нұсқаудың дұрыс орындалуын анықтайды және ол қате орындалған жағдайда қате нұсқаудың орындалуын анықтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде, бірақ қате нұсқау орындалған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей анықталған қате туралы алушы-банкке хабарлайды.
      Қате нұсқау туралы хабарламада жөнелтушi өз нұсқауының деректемелерiн және анықталған қате деректемелердi көрсетеді.
      82. Алушы-банк жөнелтушiден нұсқаудың қате орындалғаны туралы хабарлама алғаннан кейiн үш операциялық күннен кешіктірмей:
      1) жөнелтушi нұсқауының деректемелеріне сәйкес келмейтін деректемелерi бар қате нұсқау бойынша тиісті бенефициардың пайдасына нұсқау жiбередi немесе жөнелтушiге төлемнiң бүкіл сомасын қайтарады;
      2) қайта жіберілген қате нұсқау бойынша қате алынған соманы жөнелтушіге қайтарады.
      Бенефициардың банкі ақша сомасын алушы-банк хатының негізінде тапсырма жасау жолымен қайтарады, оның «төлем мақсатында» бенефициардың банкі ақшаны қайтару себептерін көрсетеді.
      83. Егер нұсқаудағы қатені жөнелтуші жасаса, алушы-банк осындай орындалған нұсқау бойынша жауапкершілік атқармайды.
      83-1. Қате нұсқау бойынша ақшаны бенефициардың банкі бенефициардың ақша қате аударылған банк шотынан акцептсіз ақша алу жолымен қайтарады.
      83-2. Қате нұсқау бойынша ақшаны бенефициардың банкі бенефициардың банк шотындағы ақшаның есебінен, оның ішінде, егер банк шоты бойынша банк шотындағы ақшаға тыйым салу және/немесе банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның шешімдері және/немесе белгісіз мерзімде орындалуы тиіс орындалмаған нұсқаулар болған жағдайда, қайтарады.
      83-3. Бенефициардың банк шотында ақша жеткіліксіз не болмаған жағдайда қате нұсқау бойынша ақшаны осындай нұсқауға жол берген жөнелтуші өз ақшасы есебінен бенефициардың банкінен бенефициардың банк шотында ақшаның жоқ екендігі не жеткіліксіздігі туралы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

8. Делдал банктi немесе бенефициар банктi сәйкестендіру

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      84. Жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындағанда алушы-банк делдал банктi немесе бенефициар банктi бiрдейлестiргенде оларды тек төлем тапсырмасында көрсетiлген бiрдейлестiру коды арқылы ғана айырады. Төлем тапсырмасында көрсетiлген банктiң нақты атауына сәйкес оның банктiк бiрдейлестiру кодын анықтау алушы-банк мiндетiне жатпайды.

      85. Егер алушы-банк төлем тапсырмасын орындағанға дейiн жөнелтушiден банк атауының банктiк бiрдейлестiру кодына сәйкес еместiгi туралы хабарланса, онда алушы-банк төлем тапсырманы жөнелтушiге орындамай қайтарады.   

9. Бенефициар банктің төлем тапсырмасының
акцептi кезіндегі iс-қимылы

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      86. Төлем тапсырмасының акцептi кезiндегi бенефициар банк төлем тапсырмасында көрсетiлген ақша сомасын бенефициардың пайдасына қабылдайды. Банк бенефициар валюталау күнiне төлем жасағанда, олардың акцептелген төлем тапсырмада көрсетiлген немесе, егерде акцепт тапсырмасы күнiне басқаша көрсетiлмесе ғана төлем жасайды.

      87. Айрықша негізде акцептен бас тартуға немесе банк бенефициардың төлемді орындауын кiдiртуге, бенефициар пайдасына шешілген ақшаның дұрыс еместiгi туралы банкке негіздеме болған фактілер қызмет етеді, сәйкес келмеген жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінің осы Нұсқаулықтың 22-1-тармағында көзделген төлем құжаттары бойынша:
      бенефициардың хабарламада көрсетілген деректемелері (атауы, ЖСН (БСН), ЖСК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге, оның ішінде «төлем мақсаты» бағанында көрсетілген хабарлама нөміріне сәйкес келмеуі;
      төлемнің "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесінің болмауы;
      банкте сақталатын хабарламаның келесі бетінде банктің "түпкілікті" мәртебесімен төлемді жүзеге асырғандығы жөнінде белгісі болғанда;
      егер бір хабарлама бойынша келіп түскен барлық төлем құжаттарының жалпы сомасы хабарламада көрсетілген сомадан асатын болса.
      Ондай фактiлер бенефициар банкте дәлелденбесе, өзара шартта көрсетiлген немесе Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген мөлшерде осы банк бенефициарға ақша аударуды кешiктiргенi үшiн тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      Жоғарыда көрсетiлген фактiлер дәлелденген жағдайда (санкцияланбаған төлем тапсырмасы табылғанда) бенефициар банкi аударымнан түскен ақшадан бенефициар пайдасына ақша бөлуге мiндеттi емес.
      Ескерту. 87-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 372, 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13, 2007.04.30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз), 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз); 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      87-1. Қазақстан Республикасының заң актілерімен рұқсат етілген көздерден кәсіби одақтарды қаржыландыруды қоспағанда, резидент еместерден, шет мемлекеттерден, діни бірлестіктерден және қайырымдылық ұйымдарынан саяси партиялар мен кәсіподақтардың пайдасына тауарлар жеткізу (жұмыс, қызмет көрсету) жөніндегі шарттарды (келісім-шарттарды) орындауға байланысты емес операциялар бойынша ақша, оның ішінде шетел валютасы түскен жағдайда, бенефициардың банкі төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартады.
      Ескерту. 9-тарау 87-1-тармақпен толықтырылды, өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004 жылғы 13 қарашадағы N 150, 2005.08.27 N 95; 2009.08.24 N 85 қаулыларымен.

      88. Төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартқанда бенефициар банк жөнелтушi банкке бас тартудың себебi туралы тапсырма алған күннен бастап, үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiбередi.

10. Төлемді бенефициардың пайдасына орындау

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      89. Акцептелген толем тапсырмасына сәйкес бенефициар пайдасына ақша қабылдаған кезде бенефициар банкі төлем күнінен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей оған ақшаның қабылданғаны туралы хабарлайды. Бұл талапты банк орындамағаны үшін жауапкершілік банк пен бенефициар арасындағы шартта белгіленуі мүмкін. Бенефициар банкі бенефициарға банк шотының көшірме-үзінділерін және қағаз тасымалдауышта орындалған не шарт талаптарына сәйкес электрондық түрдегі төлем тапсырмасын ұсыну арқылы бенефициарға хабарлауы мүмкін.
      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.05.30 № 52 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      90. Бенефициар банктiң бенефициар алдындағы ақша аудару бойынша мiндетi, ақша аударылып бiткен кезде саналады.

4-бөлiм. Дебеттiк аударымдар
1. Дебеттік аударымдарды жүзеге асыру

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      91. Қазақстан Республикасында дебеттiк аударымдар мынадай дебеттiк құжаттарды пайдалану арқылы жүргiзiледi:
      1) чек;
      2) төлемдiк талап-тапсырма;
      3) инкассалық өкім (соның iшiнде мемлекеттік кіріс органдарының инкассалық өкiмдерi);
      4) вексель.
      Ақша төлемi мен аударымы дебеттiк аударымдарда бенефициардың төлемге көрсеткен төлемдiк құжат негiзiнде жүргiзiледi.
      Ескерту. 91-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      92. Қазақстан Республикасы аумағында векселдер мен чектердi ақша төлемi әдiсiнде жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы заң актiлерiне сәйкес, және Ұлттық Банктiң вексель айналымы мен чектердi пайдалану туралы нормалық құқықтық актілерiмен реттеледі.

2. Төлем құжаттарын ақы төлеуге ұсыну

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      93. Төлемдiк талап-тапсырма немесе инкассалық өкiм негізiнде бастамашы ақша төлемiн алу үшiн оларды бенефициар банкке немесе ақшаны жөнелтуші банкке көрсетуге құқы бар.
      94. Бастамашы, оның ішінде бенефициар, төлемек талап-тапсырма немесе инкассалық өкімдi бенефициар банкке жiбергенде, осы банкке ақша төлемi құжаттары бойынша және соған байланысты барлық операцияны жүргізуге өзара шартқа сәйкес өкiлдік бередi.
      Бенефициар банк төлемдiк талап-тапсырма немесе инкассалық өкімді қабылдай отырып, инкассалық банк міндетiн де атқарады.

3. Инкассалайтын банктің іс-қимылы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      95. Инкассалайтын банктің міндеттері инкассаға қабылдаған төлемдік талап-тапсырма немесе инкассалық өкім тек шарт негізiнде, бенефициармен жасалған немесе қолданылып жүрген заң нормаларына сәйкес туындауы мүмкін. Мұндайда инкассалық банк өзiне мынадай мiндеттемелер алады:
      1) төлемдік талап-тапсырма немесе инкассалық өкiмдi төлемге немесе акцептке әрi қарай көрсетуге;
      2) бастамашыға, оның iшiнде бенефициарға, акцептен немесе төлемнен бас тартуды беруге, төлемдік талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi оны жөнелтушіге қайтаруға;
      3) бастамашыны, оның ішінде бенефициарды төлемдiк талап-тапсырманың немесе инкассалық өкiмнiң күшін жоғалғаны туралы хабарлауға.
      96. Осы Нұсқаулықтың 95-тармағына сәйкес, міндеттеме қабылдай отырып, инкассалық банк төлемдік талап-тапсырманы немесе инкассалық өкімді бастамашыдан алған соң келесі операциялық күннен кешіктірмей қажетті операцияларды орындайды.
      Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      97. Инкассалайтын банк бастамашыдан инкассаға төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi қабылдауды инкассалық банк операциялық күн бойына жүргiзедi.
      Инкассалайтын банк инкассоға жоғарыда көрсетiлген төлем құжаттарын қабылдаған жағдайда тiзiлiмдi барлық даналарына олардың түскен күндерi мен уақыты қойылып белгiленедi.
      Ақша жөнелтушi банк төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi алған күні мен уақытын тiкелей осы құжаттарға қояды.

4. Акцепт және төлемдiк талап-тапсырманы төлеу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      98. Ақша жөнелтушiнiң төлемдiк талап-тапсырманы акцептеуi, ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы қоспағанда, оның төлем талап-тапсырмасын осы нұсқаудың талаптарына сәйкес төлеуге келiсiмiн бiлдiредi.
      Ақша жөнелтушiнiң төлемдiк талап-тапсырманы акцептеуi немесе акцептеуден бас тартуы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес төлемдiк талап-тапсырма алғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалуы тиiс.

      99. Ақша жөнелтушi төлемдiк талап-тапсырманы акцептеп және банкiге төлемдiк талап-тапсырманы акцепт туралы белгiмен жiбередi.

      100. Акцептеуді талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы банк жасалған банк қарызы шартына, кредиттік желі ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге құжатқа сәйкес қарыз алушының қарыз бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда, қарыз алушыдан, кепілгерден берешекті өндіріп алу үшін ұсынады және көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларымен не нотариат куәландырған көшірмелерімен қоса ақша жөнелтушінің банк шотынан акцептсіз ақша алуға оның келісімі бар құжаттарды қоса бере отырып, ақша жөнелтушінің банкіне ұсынылады.
      Ақша жөнелтушінің акцептің талап етпейтін төлемдік талап-тапсырма:
      1) атқару органы мүшесінің не заңды тұлғаның уәкілетті лауазымды адамдарының қолымен осы адамдардың төлем құжаттарына қол қоюға өкілеттіктерін растайтын құжаттың көшірмесімен қоса;
      2) заңды тұлға филиалы және өкілдігі басшысының қолымен оның төлем құжатына қол қоюға өкілеттіктерін растайтын сенімхаттың көшірмесімен қоса ұсынылады.
      Ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның банк шотынан ақша алу бойынша өндіріп алушының құқығы бар бір құжат негізінде төлемдік талап-тапсырмаларды алғаш ұсынған сәттен бастап бір жыл ішінде олардың бірнешеуі ұсынылған жағдайда, банкке төлемдік талап-тапсырманың әрбір кейінгісін көрсетілген құжаттың түпнұсқадан не бастапқы ұсынылған нотариат куәландырған құжаттан алынған көшірмесінен алынған көшірмесімен қоса және осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттың көшірмесін қоса бермей ұсынуға болады.
      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      101. Ақша жөнелтушi төлемдiк талап-тапсырмасын акцептеуден Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген және ол және бенефициар арасында жасалған шарт негiзiнде бас тартуға құқығы бар.
      Мұндайда ақша жөнелтушi ақша жiберушiнiң банкiне бас тарту туралы өтiнiш жiбередi, онда мiндеттi түрде шарттың акцептен ақша жөнелтушiнiң бас тарту құқығы қарастырылған тармағына сiлтеме жасап, бас тарту себебiн көрсетiп немесе басқа да заңға негiзделген мiндеттi түрде сiлтеме жасалуы тиiс.
      Банктер акцептен бас тартудың талас негiздемелерiне қарамайды.
      Ескерту. 101-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

      102. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.

      103. Ақша жөнелтушiнiң банк төлемдiк талап-тапсырманы, ақша жөнелтушiнiң акцептiң талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы қоспағанда, тек ақша жөнелтушiнiң акцептi негiзiнде ақша жөнелтушiнiң есепшотын дебеттеу жолымен ғана акцептейдi.

      104. Ақша жөнелтушi банк оларға акцептелген төлемдiк талап-тапсырмасын бенефициар есепшотын немесе банк бенефициардың корреспонденттiк есепшотын кредиттеу жолымен, әрi қарай бенефициар пайдасына ақша аударымын орындайды.

5. Ақша жөнелтуші банктің іс-қимылы

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      105. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған кезде осы төлемдiк талап-тапсырманың әр данасында алған күнi туралы белгi қояды. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырмаларды тiркеу журналында келiп түскен төлемдiк талап-тапсырмалардың есебiн жүргiзедi. Журналдың нысанын, оны жүргiзу әдiсiн және журналда көрсетiлетiн төлемдiк талап-тапсырманың деректемелерiн банк өз бетiнше белгiлейдi.
      Төлемдiк талап-тапсырмаларды осы Нұсқаулықтың 33-тармағына сәйкес тiзiлiм бойынша ұсынған жағдайда, алған күнi туралы белгiнi осы тiзiлiмде қойылады.
      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      106. Жұмыс күнiнен кешiктiрмей, келесi күнi төлемдiк талап-тапсырманы алғанда, ақша жөнелтушi банк төлемдiк талап-тапсырманың данасын ақша жөнелтушiге қағаз (жазбада) тасушыда немесе электронды нысанда, ақша жөнелтушi мен оның банкпен акцептi және төлемi туралы электронды қызметке келiсiмiне сәйкес бередi.
      Төлемдiк талап-тапсырманы беру тәсiлiн ақша жiберушi мен ақша жiберушiнiң банкi арасындағы шартпен белгiлеуге болады.
      Ескерту. 106-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

      107. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн ақша жiберушiден төлемдiк талап-тапсырма акцептiнен не акцептелген төлемдiк талап-тапсырмадан бас тартуды алмаған жағдайда ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы қайтару себебi көрсетiлген хабарламамен бiрге төлемдiк талап-тапсырманы жiберушiге қайтаруға құқылы.
      Ескерту. 107-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен, жаңа редакцияда - 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

      108. Ақша жөнелтушi банк акцептелген төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушiге өзара шартқа сәйкес төлейдi. Ақша жөнелтушiнiң акцепттiң талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы төлеген жағдайда, ақша жөнелтушi банк акцептсiз тәртiппен оның есепшотынан ақшаны есептен шығаруға құқылы.
      108-1. Ақша жіберушінің банк шоттарында теңгемен/шетел валютасымен қаражат болмаған жағдайда осы Нұсқаулықтың 100-тармағында көзделген негіздемелер бойынша және жағдайларда берешекті өндіріп алу төлем жасау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, тиісінше, банктердің акцептеуді талап етпейтін, теңгемен/шетел валютасымен ұсынылған төлемдік талап-тапсырмалары негізінде, ақша жіберушінің банк шоттарындағы теңгемен/шетел валютасымен ақша есебінен жүргізіледі.
      Ескерту, 5-тарау 108-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      109. Ақша жөнелтушi банкте төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi орындауға қажеттi ақша болмай қалғанда, немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, ақша жөнелтушi банк акцептелген құжаттарды есепке алуға және оларды оның корреспонденттiк есепшотына кезектi төлемге немесе ақша аударымы түскенше сақтауға мiндеттi.
      Мұндайда ақша жөнелтушi банк ақша жөнелтушiге егерде Қазақстан Республикасы заң актiлерiнде басқаша көрсетiлмесе айыппұл немесе өзара шартта белгiленген мөлшерде өсiм төлеуге мiндеттi.    

6. Төлемдiк талап-тапсырма бойынша ақша жөнелтушi банктiң
iс-қимылы

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      110. Ақша жөнелтушi банк мыналарға байланысты:
      1) Ақша жөнелтушiге акцептке төлемдiк талап-тапсырманы және төлемдi кешiктiргенi үшiн;
      2) ақша жөнелтушi төлемдiк акцептелген талап-тапсырманы, оның iшiнде ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы төлемдiк талап-тапсырма бойынша төлем жасау үшiн ақша жөнелтушiнiң банкте жеткiлiктi ақша сомасы бола тұрып төлеудi кешiктiргенде немесе төлемегенде Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетiлгендей немесе олардың арасындағы шарттағыдай мөлшерде ақша жөнелтушi алдында жауап бередi.

7. Инкассалық өкiм негiзiнде ақша жөнелтушiнiң
банк шотынан ақша алу

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      111. Банкке үш данадан кем емес ал банк бенефициарға төрт данадан кем емес инкассалық өкiм көрсетiледi.

      112. Ақша жөнелтушi банк Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген мерзiмдегiдей, ақша жөнелтушiнiң банктегi есепшотын дебеттеу жолымен инкассалық өкiмдi акцептейдi. Бұл жағдайда банк ақшаны бенефициар пайдасына аударады және оның банкiне төленгенi туралы белгiмен инкассалық өкiмдi жiбередi.

      113. Ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз банк есепшотынан ақша алуды орындау құжаттары ақша жөнелтушi банкiне белгiленген мерзiмде көрсетiледi. Мерзiмi өтiп кеткен орындауға көрсетiлетiн және басқа да құжаттар, банктiң акцептен инкассалық өкiмнен бас тартуына негiз болады.

      114. Банк мiндеттерi туралы инкассалық өкiм бастамашы Ұлттық Банкке немесе Ұлттық Банктiң нысанды құқықтық актiлерiне сәйкес, корреспондент банкке, ал клиенттердiң мiндеттемелерi бойынша, ақша жөнелтушiге қызмет ететiн банкке немесе оның филиалына бiлдiрiледi.

      115. Ақшаны алуды тоқтату немесе қысқарту тек мынадай жағдайда жүргiзiледi: 
      1) ақшаны алу мемлекеттiк орган өкiлiнiң шешiмi немесе лауазымды адамдардың шығарған шешiмi (өкiмi) бойынша алынады;
      2) сот шешiмдерiне сәйкес негiзде;
      3) алынып тасталды;
      4) бенефициардың жазбаша өкiмi негiзiнде;
      5) Қазақстан Республикасы заң актiлерiнде белгiленген басқа да жағдайларда.
      Көрсетілген қаулылар, өкімдер, анықтамалар немесе өтiнiштер банкке орындауға тек күндері, нөмiрлерi, мөрінің бедерімен (бар болса) болғанда ғана және лауазымды адамдардың қолы қойылып алынады.
      Банк нұсқауларды орындауды тоқтатуға (ақшаны алуды тоқтатуға) Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілетті тұлғалардың шешімдерін алған жағдайда, нұсқаулар шешімде көрсетілген мерзімде не уәкілетті тұлға осы шешімнің күшін жойғанға дейін алушы-банкте сақталуға жатады. Орындалуы тоқтатылған нұсқаулар банкте сақталады және баланстан тыс есепке есептеледі. Нұсқауды баланстан тыс есепке алған кезде банк келесі жұмыс күнінен кешіктірмей нұсқауды жөнелтушіге (бастамашыға) тиісті хабарлама жібереді.
      Банк ақшаны алуды тоқтатуға (нұсқауды орындауға тыйым салуға) Қазақстан Республикасының заң актілерімен уәкілетті тұлғалардың шешімдерін алған кезде нұсқауларды шешімді алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шешіммен қоса жөнелтушіге қайтарады.
      Ескерту. 115-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.08.27 N 95, 2009.08.24 N 85; 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

8. Белгiсiз мерзiмдерде орындалуға жататын
нұсқаулар (картотека)

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      116. Инкассалық өкімді алған және ақша жөнелтушінің банк шотында ақша сомасы болмаған кезде, егер Банктер туралы заңда, Төлемдер туралы заңда, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында және осы Нұсқаулықта өзгеше көзделмесе, алушы-банк алынған инкассалық өкімдерді қабылдауға және ақша жөнелтушінің банк шотына ақша сомасы түскенге дейін картотекада сақтауға міндетті.
      Төлемдік талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша сомасы жөнелтушіде болмаса не ақша сомасы жеткіліксіз болса, алушы-банк ақша жөнелтушінің акцептің талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы және ақша жөнелтуші акцептеген төлемдік талап-тапсырманы алған күннен бастап бір жыл ішінде сақтайды. Төлемдік талап-тапсырмаларды және тізілімді алушы-банктің сақтау мерзімі осы құжаттардың қолдану мерзімін тоқтатады.
      Алушы-банк ақша жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы сақталуының міндеттілігі осы Нұсқаулықта тікелей көзделмеген банк шоты шартында алушы-банктің өзге төлем құжаттарын қабылдауға және сақтауға келіскен жағдайда, олардың сақталу мерзімдері егер 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодексі), Банктер туралы заңда, Төлемдер туралы заңда және осы Нұсқаулықта өзгеше көзделмесе, төлемдік талап-тапсырмалардың сақталу мерзімдеріне ұқсас.
      Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      117. Инкассалық өкiмдердi және өзге де төлем құжаттарын осы Нұсқаулықтың 116-тармағына сәйкес қабылдағанда, ақша алушы - банк бiр уақытта бенефициар банк болып табылған жағдайды қоспағанда, алушы-банк келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бенефициар банкке не бенефициарға осы төлем құжаттарын картотекаға қою туралы хабарлама жiбередi.
      Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      117-1. Осы Нұсқаулықтың 116-тармағында көрсетілген төлем құжаттарын картотекаға қою кезінде банк картотекадағы төлем құжаттары бойынша міндеттемелерді толық өтегенге дейін банктік шот бойынша клиенттің шығыс операцияларын тоқтатады.
      Ескерту. 8-тарау 117-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      118. Мемлекеттік кіріс органдарының инкассалық өкімдерін, сот орындаушыларының теңгемен ұсынылған инкассалық өкімдерін орындау үшін ақша жіберушінің банк шоттарында теңгемен қаражат болмаған жағдайда, ақша жіберушінің банкі көрсетілген төлем құжаттарын орындауды салық төлеушінің (борышкердің) банк шоттарынан шетел валютасындағы қаражаттан төлем жасау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып жүргізеді.
      Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      119. Осы Нұсқаулықтың 116-тармағында көзделген нұсқауларды алушы-банк Азаматтық кодексінде көзделген тәртiпте орындайды.
      Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      120. Ақша жөнелтушіде салық берешегін өндіріп алуға мемлекеттік кіріс органдарының және атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының инкассалық өкімдерін орындау үшін қажетті ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде алушы банк ақша жөнелтушінің пайдасына алушы банктің ақшаны қабылдауына қарай осы инкассалық өкімнің ішінара орындалуын жүргізеді.
      Банк мемлекеттік кіріс органдарының салық төлеушiнiң бiр банк шотынан салық берешегін өндiрiп алу туралы инкассалық өкімін орындаған кезде, мемлекеттік кіріс органдарының көрсетілген банкте ашылған салық төлеушiнiң басқа банк шотына берген инкассалық өкімдерін, егер мұндай инкассалық өкiмдер сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол есепті кезең үшiн берілген болса банк мемлекеттік кіріс органдарының инкассалық өкімді орындау фактiсiн растайтын төлем құжатын қосып бере отырып салық органына орындамай қайтарады.
      Банк мемлекеттік кіріс органдарының салық берешегін, кедендік төлемдерді өндіріп алу туралы инкассалық өкімін төлеушінің салық төлеушісінің (салық агентінің), кедендік төлемдер төлеушінің бірнеше банк шоттарынан ақшаны инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға есептен шығару арқылы толық орындаған кезде, мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің салық төлеушісінің (салық агентінің) көрсетілген банкте ашқан басқа банк шоттарына инкассалық өкімдерді, егер мұндай инкассалық өкімдер сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша берілген болса, банк оларды қайтару себебін көрсете отырып орындаусыз мемлекеттік кіріс органдарына қайтарады.
      Ескерту. 120-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      121. Салық берешегін өндіріп алуға мемлекеттік кіріс органдарының және атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының ішінара орындалатын инкассалық өкімдерінің акцепті оның бірінші бетіне «Ішінара ақы төлеу» мөртабанын қою арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік кіріс органының инкассалық өкімінің барлық даналарында ішінара төлемнің күні және сомасы және осы инкассалық өкімнің қалдық сомасы туралы жазба жазылады. Жазба банктің уәкілетті тұлғаларының қолдарымен расталады.
      Алушы банк ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімнің электрондық жүйесінде қалыптастыру арқылы акцептелген инкассалық өкімді орындайды. Ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімнің «төлемнің мақсаты» бағанында алушы банк акцептелген инкассалық өкімнің деректемелерін көрсетеді.
      Салық берешегін өндіріп алуға мемлекеттік кіріс органының ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімде «операция түрі» бағанында осы Нұсқаулықтың 42-тармағында белгіленген код көрсетіледі.
      Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      122. Инкассалық өкiм бөлiп төленгенде алушы-банк ақша жөнелтушiнiң алушы-банктiң операциялық күн бойында банк есепшотына түскен ақша сомасымен төлем жүргiзедi. Бөлiп орындалған инкассалық өкiм толық төленгенше картотекада тұрады.
      123. Осы Нұсқаулықтың 116-тармағында көзделген нұсқауларды алушы-банктің сақтауы Салық кодексіне, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiлетін азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша ақы төлеу немесе мiндеттi төлемдер талаптарына сәйкес төлем бойынша міндеттемелерді орындау болып табылмайды.
      Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      123-1. Алушы банкке ішінара орындалған салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді қайтарып алу туралы мемлекеттік кіріс органдарының өкімі келіп түскен кезде, алушы банк ішінара орындалған инкассалық өкімді қайтарады.
      Ескерту. 8-тарау 123-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      124. Банк шотына тыйым салу құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдері негізінде ақша жіберушінің банк шотындағы ақшасына тыйым салу, сондай-ақ банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдері негізінде банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 124-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.08.24 N 85 қаулысымен.

      124-1. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.08.24 N 85 қаулысымен.

      124-2. Клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға негіз болған талап-арызды қамтамасыз ету туралы айқындамада клиенттің банктік шоттарының (оның ішінде теңгедегі және шетел валютасындағы) бірнеше нөмірі және бір банктік шотта ақшаның жеткіліксіздігі көрсетілген жағдайда, осы айқындамада банктік шоттарды көрсетудің кезектілік тәртібімен банктік шоттардағы ақшаға тыйым салынады.
      Теңгедегі банктік шоттарда ақша жеткіліксіз болғанда ақшаның қалған сомасына тыйым салу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынған күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша айқындамада көрсетілген шетел валютасындағы банктік шоттардан бастап жүргізіледі.
      Ескерту. 8-тарау 124-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      124-3. Клиенттің банктік шотында тұрған ақшаға уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тиісті шешімдері негізінде тыйым салынған және кейіннен атқару құжаттарымен қоса инкассалық өкімді ұсынған жағдайда, ақша жіберуші банк:
      1) уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімдерінде көрсетілген ақша жөнелтуші деректемелерінің (атауы және ЖСН (БСН)) инкассалық өкім ұсынуға негіз болған атқару құжаттарында көрсетілген деректемелермен сәйкес келуі;
      2) алынып тасталды
      3) атқару құжатын және уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімін бір атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ұсыну шартымен тыйым салынған ақшаны пайдалана отырып, осындай инкассалық өкімді орындайды.
      Ескерту. 8-тарау 124-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2007.04.30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз), 2011.05.30 № 52 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2012.03.26 № 108 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) қаулыларымен.

5-бөлім. Салық төлемеген дебитордың банктік
шоттарынан салық берешегін өндіріп алу тәртібі

      Ескерту. 5-бөлімнің атауы жаңа редакцияда жызылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      125. Салық төлемеген дебитордың шоттарына түсуі тиіс ақша есебінен салық берешегін өндіріп алуға мемлекеттік кіріс органдарының инкассалық өкімі олардың өз дебиторларына талаптары бойынша салық төлемеген дебиторға қызмет көрсететін банкке төрт данада жіберіледі.
      Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      126. Мемлекеттік кіріс органдарының инкассалық өкімі салық төлемеген дебиторларға шағым-талаптарды бөлек тіркеу журналында тiркеледi.
      Бұл журналда инкассалық өкімнің түскен күні, инкассалық өкімді қандай орган бергені, оның нөмiрi, күні және сомасы, салық төлемеген дебитор атауы көрсетiледi.
      Ескерту. 126-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      127. Салық төлемеген дебитор инкассалық өкiмдi толық өтегеннен кейін инкассалық өкімнің екiншi данасында банк қызметкері қол қойып: «Түскен теңге сомасы ________________________________________________
_______ жылғы «__»___________ мемлекеттік кіріс органдарының ________ жылғы «__»___________ № ___өкімімен бюджетке аударылды» деп жазылады.
      Инкассалық өкім даналары төленгеннен кейін былайша бөлiнедi:
      1) бiрiншi данасы күндік құжаттарға салынады;
      2) екіншi данасы салық төлемеген дебиторға оның банк шотының үзінді-көшiрмесiмен жіберiледi.
      3) үшiншi данасы мемлекеттік кіріс органына жiберiледi;
      4) төртіншi данасы салық төлемеген адамға жiберiледi.
      Ескерту. 127-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Төраға

Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану
және орындау жөніндегі    
нұсқаулыққа 1-қосымша     

Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Алушы банкке түсті

№_________ТӨЛЕМ ТАПСЫРМАСЫ
____ жылғы «____»__________________
(жазылған күні)

Ақша жөнелтуші
________________________________________________
                 (атауы)
ЖСН (БСН)_______________________________________
Алушы банк______________________________________
________________________________________________
Бенефициар______________________________________
                    (атауы)
ЖСН (БСН)_______________________________________
Бенефициардың банкі_____________________________
________________________________________________
Делдал банк
________________________________________________
________________________________________________
Сомасы жазумен
________________________________________________
Тауарды алған (қызметтер көрсетілген күн)
____жылғы «__»________________
Төлем мақсаты
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
(тауардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауы, тауар құжаттарының нөмірі және күні, шарттың нөмірі мен күні және басқа да деректемелері көрсетіледі)

Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________
       (жауапты орындаушылардың қолы)

Мөрдің орны (бар болса)
Қолы ___________________________________________
Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_________________________________________
Қолы __________________________________________

мөртаңбаның орны

ЖСК

АЖК

Сома



БСК


ЖСК

БеК



БСК


БСК



Төлем мақсатының коды


Бюджеттік жіктеу коды


Валюталау күні


Алушы банк
____ жылғы «__»____ өткізді
_________________

Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану
және орындау жөніндегі    
нұсқаулыққа 1-1-қосымша    

Нысан

      Ескерту: 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.05.30 № 52 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Алушы банкке түсті

Бюджетке төлемдер төлеуге арналған
№ _____________ төлем тапсырмасы
_______ жылғы «____»____________________
(жазылған күні)

Ақша жөнелтуші Сома (барлығы)

________________________________________________
                    (атауы)
ЖСН(БСН)________________________________________
Алушы банк______________________________________
________________________________________________

ЖСК

АЖК



БСК

      Бенефициардың ЖСК KZ24070105KSN0000000
      ________________________________БеК 11
      Бенефициардың банкі «Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі
      БСК KKMFKZ2A
      Барлығы (сомасы жазумен):____________________________________

Бенефициардың (салық органының) атауы

Салық органының СТН

Төлемнің мақсаты

БЖК

ТМК

Сомасы





































      Алушы банк
      ____ жылғы «___»___________ өткізді
      ____________________________________
         (жауапты орындаушылардың қолы)

мөртаңбаның орны

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
      ____________________________________________
      қолы________________________________________
      Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
      ____________________________________________________
      қолы _______________________________________________

Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану
және орындау жөніндегі    
нұсқаулыққа 2-қосымша     

Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ақша аударуға арналған өтініш

Күні


Ақша жөнелтуші


Шотты дебеттеу

ЖСК



I

II

АЖК

ЖСН (БСН)










      І - (1) Резидент; (2)Резидент емес
      II - Экономика секторы (0-9)

Алушы банк


Валюталау күні


БСК




Валюта

Сома

Сомасы жазумен






Бенефициар


Шотты кредиттеу

ЖСК

Ел




III

IV

АЖК

ЖСН (БСН)
(бар болса)












      III - (1) Резидент; (2) Резидент емес
      IV - Экономика секторы (0-9)

Бенефициардың банкі


Делдал банк

Ел


БСК


БСК


Алушы банктің комиссиялық ақылары
Ақша жөнелтушінің есебінен
Бенефициардың есебінен


Делдал банктің комиссиялық ақылары
Ақша жөнелтушінің есебінен
Бенефициардың есебінен

Келісімшарттың нөмірі, күні


Төлемнің мақсаты


ТМК











Ерекше жағдайлар

Ақша жөнелтушінің қолы


Алушы банк
____ жылғы «___»________ өткізді
______________________________ (жауапты орындаушылардың қолы)

Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________

Мөр орны (бар болса) қолы_____________________________

Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________

қолы_____________________________

Мөр орны (бар болса)

Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану
және орындау жөніндегі    
нұсқаулыққа 3-қосымша     

Нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

____ жылғы «____» ______ ақша жөнелтушінің банкі алды
Қабылдау уақыты _______________________

№ ________төлемдік талап-тапсырма
_____ жылғы «_____» ____________________
(жазылған күні)

                                                 Сома

Ақша жөнелтуші
____________________________________________
                 (атауы)
ЖСН (БСН) __________________________________
Ақша жөнелтушінің банкі ____________________
____________________________________________
Бенефициар _________________________________
                       (атауы)
ЖСН (БСН) __________________________________
Бенефициардың банкі
____________________________________________
____________________________________________
Делдал банк ________________________________
____________________________________________

ЖСК

АЖК___

Сома



БСК


ЖСК

БеК___

БСК


БСК


Төлем мақсатының коды


Сомасы жазумен ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тауарды алған (қызметтер көрсетілген) күні
____ жылғы «__»____________
Төлем мақсаты
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (тауардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауы,
      тауар құжаттарының нөмірі және күні, шарттың нөмірі мен күні
               және басқа да деректемелері көрсетіледі)

      Ақша жөнелтушінің банкі
      ____ жылғы «___»________________өткізді
     (жауапты орындаушылардың қолы)
      Мөрі (бар болса)
      _________________________________________________________
      Бенефициар басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
      қолы
      ______________________________________________________________
      Бенефициардың бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар
      болса) қолы
      «Акцепттің орны»
      М.О. _________________________________________________________
      Ақша жөнелтуші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
      қолы
      ______________________________________________________________
      Ақша жөнелтуші бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар
      болса) қолы                            

Мөртаңбаның орны

Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану
және орындау жөніндегі    
нұсқаулыққа 4-қосымша     

Нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Төлемдік талап-тапсырмалардың
№ ______ тізілімі

___________________________________________________________________
(бенефициардың атауы, АЖК, ЖСН (БСН)

____ жылғы______________       Жалпы сома ___________________________
(Үзінді-көшірменің күні)       Төлемдік
                               талап-тапсырмалардың
                               саны
Бенефициар банкі __________________  ________________________________
БИК _______________________________  ______________________ қаласында
Бенефициар ЖСК________________

р/с №

Талап-тапсырманың №

Талап-тапсырманың күні

Сомасы

1.




2.




3.




4.




5.




      Бенефициар банкі
      20__ жылғы «___»_____________ қабылдады.
      Мөрі (бар болса)
      Басшының
      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________
      Қабылдау уақыты ____________ қолы _____________________________
      _______________________________________
         (Жауапты орындаушылардың қолдары)

      Бухгалтердің
      тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болса)_______________________________ қолы _______________

мөртабанның орны

Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану
және орындау жөніндегі    
нұсқаулыққа 5-қосымша     

Нысан

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

_____жылғы «__»______ ақша жөнелтушінің банкіне келіп түсті
Қабылданған уақыты _______________________________________

______ жылғы «____» _________________
(үзінді-көшірменің күні)
№ ______ ИНКАССАЛЫҚ ӨКІМ

Ақша жөнелтуші
______________________________________
             (атауы)
ЖСН (БСН) ____________________________

Ақша жөнелтушінің банкі ______________
______________________________________

Бенефициар ___________________________
                  (атауы)

ЖСН (БСН) ______________________________________
Бенефициар банкі
______________________________________
______________________________________
Делдал банк __________________________
______________________________________

ЖСК |АЖК __________


БСК


ЖСК |БеК__________

БСК


БСК


Төлем мақсатының коды


Сомасы жазумен ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төлемнің мақсаты ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (ақша алуына негіздеме болған заңнамалық актіге міндетті
                түрде сілтеме жасай отырып)

      Ақша жөнелтушінің банкі
      ___ жылғы «__»_____________ өткізді
      мөр орны
      Уәкілетті тұлғаның (сот орындаушысының)
      тегі, аты, әкесінің аты _____________________________
      олы_______________

      Сыртқы жағы

Инкассалық өкімді ішінара төлеу туралы мәліметтер

Ішінара төлеу сомасына инкассалық өкімнің деректемелері

Ішінара төлем күні

Ішінара төлем сомасы

Инкассалық өкім сомасының қалдығы

Уәкілетті тұлғалардың қолдары






Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану
және орындау жөніндегі    
нұсқаулыққа 6-қосымша     

Нысан

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

___ жылғы «__»______ ақша жөнелтушінің банкіне келіп түсті.
Қабылданған уақыты ___________________________________

_____ жылғы «___» ______________
(үзінді-көшірменің күні)
мемлекеттік кіріс органының
№ ___ инкассалық өкімі

Ақша жөнелтуші ________________________
_______________________________________
               (атауы)
ЖСН (БСН) _____________________________

Ақша жөнелтушінің банкі________________
_______________________________________
Бенефициар_____________________________
                   (атауы)
ЖСН (БСН) _____________________________

Бенефициар банкі_______________________
_______________________________________

Делдал банк ___________________________
_______________________________________

СОМАСЫ

ЖСК |АЖК ______


БСК


ЖСК |БеК ______


БСК


БСК


Төлем мақсатының коды

Сомасы жазумен ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төлемнің мақсаты ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (ақша алуына негіздеме болған заңнамалық актіге міндетті
                     түрде сілтеме жасай отырып)
_____________________________________________________________________

Салықтың (төлемнің) түрі және мерзімі

Бюджеттік жіктеу коды

Сомасы

Операция түрі









ЖИЫНТЫҒЫ:

      Ақша жөнелтушінің банкi
      ____ жылғы «__» __________ өткіздi
      __________________________________
        (жауапты орындаушылардың қолы)

Мөр орны

Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________

      қолы ______________________________

Бөлім бастығы ______________________________
қолы ______________________________________

Мөртаңбаның орны

Инкассалық өкімді ішінара төлеу туралы мәліметтер
(мемлекеттік кіріс органдарының инкассалық өкімдері үшін ғана)

Ішінара төлеу сомасына инкассалық өкімнің деректемелері

Ішінара төлем жасалған күн

Ішінара төлем сомасы

Инкассалық өкім сомасының қалдығы

Уәкілетті тұлғалардың қолдары






Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану
және орындау жөніндегі    
нұсқаулыққа 7-қосымша     

Нысан

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Төлем құжатын қайтарып алу туралы
_____ жылғы «___»___________
(үзінді-көшірменің күні)
Өкім №_____

_____________________________________________________ банкке ұсынылды
                      (атауы)
№______ «___»_____________ жылғы____________________________ сомадағы
    (үзінді-көшірменің күні)
_____________________________________________________________________
                   (санмен және жазбамен)
_____________________________________________________________________
                   (төлем құжаттың атауы)
«Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан
Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес орындамай қайтаруыңызды
сұраймыз.
Жөнелтушінің ЖСК ____________________________________________________
Бенефициардың ЖСК ___________________________________________________
АЖК _________________________________________________________________
БеК _________________________________________________________________
Төлемнің мақсаты ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (төлем құжатында көрсетілген)
Басқа мәліметтер ____________________________________________________
_____________________________________________________________________

Басшының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) ____________________________ _____________
                                                          қолы

Мөр (бар болса)

Бас бухгалтердің тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________ _____________
                                                          қолы

Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану
және орындау жөніндегі    
нұсқаулыққа 8-қосымша     

Нысан

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Төлем құжатының орындалуын тоқтата тұру туралы
______ жылғы «___»______________
(үзінді-көшірменің күні)
Өкім № _____

____________________________________________________ банкке ұсынылды
                      (атауы)

№______ «____»______________ жылғы _________________________ сомадағы
_____________________________________________________________________
                     (санмен және жазбамен)
_____________________________________________________________________
                     (төлем құжаттың атауы)
«Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан
Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес тоқтатылуын сұраймыз.
Жөнелтуші ЖСК _______________________________________________________
Бенефициар ЖСК ______________________________________________________
АЖК _________________________________________________________________
БеК _________________________________________________________________
Төлемнің мақсаты ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (төлем құжаттарында көрсетілген)
Басқа мәліметтер ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты ______________________ _____________
Мөр (бар болса)                                             қолы

Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты ______________ _____________
                                                            қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады