Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының оқушыларын медициналық-санитарлық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Денсаулық сақтау ісі жөніндегі 11.09.2000 ж. N 892 агенттігі төрағасының 23.08.2000 ж. N 533 Бірлескен бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 22.08.2000 жылы тіркелді. Тіркеу N 1257. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі N 505 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі N 389 Бірлескен бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.12 N 505 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010.07.19 N 389 Бірлескен бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Z970111_ Қазақстан Республикасы Заңының 15, 44-баптарын және "Бiлiм туралы" Z990389_ Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса берiлiп отырған кәсiптiк мектептiң, лицейдiң және колледждiң фельдшерлiк денсаулық пунктi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау және бiлiм беру басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары:
      1) осы бұйрық денсаулық сақтау мен бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру орындары қызметкерлерiнiң назарына жеткiзiлсiн және оқу жылының басында кәсiптiк мектептердiң, лицейлердiң және колледждердiң оқушыларына медициналық көмектi ұйымдастыруды жақсарту және олардың әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлуi мен бiлiм алуының бiрiншi кезектегi мәселелерi бойынша бiрлескен семинарлар өткiзiлсiн;
      2) 2000-2001 жылдардың iшiнде, кейiн нәтижелерiн бiрлескен алқада талқылай отырып, оқу процесiнiң, өндiрiстiк практиканың, тұрмысы мен демалысының, тамақтану ұйымдастыру мен кәсiптiк мектептердiң, лицейлердiң және колледждердiң оқушыларының арасында емдеу-сауықтыру iс-шараларын ұйымдастырудың жағдайларын бiрлескен тексеру өткiзiлсiн;
      3) 2000-2001 жылдардың iшiнде қолданылып жүрген штаттық нормативтерге сәйкес 300-600 оқушысы бар қалалық және оқушыларының саны 300-ден төмен селолық жерлердегi кәсiптiк мектептерде, лицейлерде және колледждерде денсаулық пункттерiн ашу аяқталсын;
      4) кәсiптiк мектептер, лицейлер және колледждер оқушыларының арасында салауатты өмiр салтын, ЖҚТБ-ның және зиянды әдеттердiң алдын алу мен оларға қарсы күрес жүргiзуге баса назар аудара отырып, санитарлық-гигиеналық тәрбие жөнiндегi бiрлескен жұмыстар жандандырылсын;
      5) кәсiптiк мектептердiң, лицейлердiң және колледждердiң оқушылары салауатты өмiр салтын қалыптастыру қызметi өткiзетiн республикалық және аймақтық iс-шаралар мен акцияларды өткiзуге тартылсын.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары:
      1) кәсiптiк мектептер, лицейлер және колледждер аумақ бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымдарға бекiтiлсiн, бұл жағдайда денсаулық сақтаудың бұл ұйымдары басшыларының оқушылардың денсаулығын қорғау мен олардың жұмысының сапасын бағалауға қағидатты түрде келуге жауапкершілігi арттырылсын;
      2) зерттеудiң зертханалық, аспаптық және аппараттық әдiстерiн пайдалана отырып, жүргiзiлетiн алдын алу медициналық тексерулердiң қамту ауқымдылығы мен сапасын арттыруға баса назар аудара отырып, оқушыларды жыл сайынғы диспансерлеудiң, оның ішінде кәсіптік мектептерге, лицейлерге және колледждерге түсу кезiнде диспансерлеудiң уақытылы және сапалы жүргiзiлуi қамтамасыз етiлсiн. Оқушылардың 100 пайыздық санациясы қамтамасыз етiлсiн;
      3) жүрек-қан тамыры және неврологиялық аурулардың, тiрек-қимыл аппаратының, асқазан-iшек жолының, көру өткiрлiгiнiң төмендеуi мен гиподинамия ауруларының алдын алу үшiн дене шынықтыру және спортпен белсендi түрде шұғылдану ұтымды және ем-дәмдiк тамақтану ұсынылсын;
      4) әсiресе құқық бұзушылыққа бейiм адамдар үшiн медициналық көмектiң мамандандырылған түрлерiн (психоневрологиялық және наркологиялық) көрсету жақсартылсын.
      4. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы кәсiптiк мектептер, лицейлер және коледждер оқушыларының арасында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға ақпараттық және әдiстемелiк көмек көрсетiлсiн.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлерi:
      1) кәсiптiк мектептердiң, лицейлердiң және колледждердiң жобалануларына, құрылысы мен қайта жаңғыртылуына санитарлық қадағалау күшейтiлсiн, аяқталмаған құрылыс объектiлерiн пайдалануға беруге жол берiлмесiн;
      2) оқу, өндiрiстiк практика, тұрмыс, демалыс және тамақтану жағдайларына ағымдағы санитарлық қадағалау сапасы арттырылсын;
      3) кәсiптiк мектептердiң, лицейлердiң және колледждердiң директорларына қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелердiң (N 02.01.003-95) (бұдан әрi - СанЕжН N 02.01.003-95) орындалуы жөнiндегi талапшылдық арттырылсын.
      6. Кәсiптiк мектептердiң, лицейлердiң және колледждердiң директорлары:
      1) санитарлық гигиеналар мен нормаларға жауап беретiн үй-жай бөлiнсiн, қажеттi жөндеудi, жиыстыру мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеудi қамтамасыз етсiн;
      2) қолданыстағы жабдықтар табелiне сәйкес денсаулық пункттерiн қажеттi медициналық жабдықтармен, жұмсақ және қатты мүкәммалмен жарақтандыруға көмек көрсетiлсiн;
      3) кәсiптiк мектептердiң, лицейлердiң және колледждердiң оқушылары жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету, оқушыларды тағам өнiмдерiнiң ет, сүт, балық, май, iрiмшiк, көкөнiстер мен жемiстер сияқты қажеттi ассортиментi бар ыстық тамақпен, ал созылмалы сырқаттары бойынша диспансерлiк есепте тұратын оқушыларды - ем-дәмдiк және қосымша тамақпен және санаторийлiк-курорттық емделуге жолдамамен қамту мәселелерi шешiлсiн;
      4) ыдыс-аяқтың, жуу және дезинфекциялау заттарының жеткiлiктi санымен қамтамасыз етiлсiн;
      5) жастарды кәсiптiк мектептерге, лицейлерге және колледждерге қабылдау оларды таңдаған мамандығы бойынша оқуға кәсiптiк жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы (086/у нысаны) болған жағдайда жүргiзiлсiн;
      6) санитарлық-гигиеналық және эстетикалық талаптарды қатаң басшылыққа ала отырып, жаңа оқу жылының басына дейiн оқу корпустарын, шеберханаларды, жатақханалар мен асханаларды жөндеу уақытылы қамтамасыз етiлсiн;
      7) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi жыл сайын 20 қыркүйектiң қарсаңында осы бұйрықтың орындалу барысы туралы хабардар етiлсiн.
      7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi емдеу-алдын алу мекемелерiнiң қызметiн үйлестiру, ғылым және бiлiм департаментi мен Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру департаментiне жүктелсiн.
     8. Бұйрықты қажеттi данада көбейтуге және денсаулық сақтау мен бiлiм беру ұйымдарына жеткiзуге рұқсат етiледi.
     9. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеу қамтамасыз етiлсiн.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі        Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
                                       агенттігінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрлігі     Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
      11.09.2000 ж. N 892              агенттігі
      бұйрығымен бекітілген            23.08.2000 ж. N 533 бұйрығымен
                                       бекітілген

Кәсіптік мектептің, лицейдің және колледждің фельдшерлік денсаулық пункті туралы
ереже

       1. Фельдшерлiк денсаулық пунктi қалада да, селолық жерлерде де қолданыстағы штаттық нормативтерге сәйкес 300 және одан да көп оқушысы бар кәсiптiк мектептiң, лицейдiң және колледждiң жанынан ұйымдастырылады және амбулаториялық-емханалық ұйымның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
      Селолық жерлерде орналасқан оқушыларының саны 300-ден аз кәсiптiк мектептерде, лицейлерде және колледждерде қажет болған жағдайда денсаулық сақтау пункттерi ұйымдастырылуы мүмкiн, ал олардағы медициналық қызметшiлердiң штаттары саны 300-600 адам болатын кәсiптiк мектептерге, лицейлерге және колледждерге қызмет көрсететiн денсаулық пункттерiндей болып көзделедi.
      2. Денсаулық пунктiнiң уақыты ол жанынан ұйымдастырылған кәсiптiк мектептiң, лицейдiң және колледждiң жұмыс режимiне қарай белгiленген тәртiппен анықталады.
      3. Фельдшерлiк денсаулық пунктiн фельдшер басқарады және жасөспiрiмдер дәрiгерiнiң, ал ол жоқ болған кезде - амбулаториялық-емханалық ұйымның учаскелiк дәрiгерiнiң басшылығымен жұмыс iстейдi.
      4. Фельдшерлiк денсаулық пунктiнiң негiзгi мiндеттерi:
      1) кенеттен ауырған, жарақат алған, уланған жағдайларда, алғашқы дәрiгерге дейiнгi көмек көрсету науқастар мен зардап шеккендердi амбулаториялық-емханалық немесе стационарлық ұйымдарға жiберу, ал қажет болған жағдайда оларды көлiкпен жеткiзудi ұйымдастыру;
      2) оқушыларды медициналық көрсеткiштерi бойынша оқу күнiнiң аяғына дейiн кейiн амбулаториялық-емханалық ұйымдарда N 095/у нысанына ауыстырылатын денсаулық жағдайы туралы анықтама бере отырып, сабақтан және практикадан босату;
      3) сырқаттануды және жарақат алуды азайту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге қатысу болып табылады.
      5. Негiзгi мiндеттерiне сәйкес фельдшерлiк денсаулық пунктi:
      1) ұзақ және жиi ауыратын құрамды анықтауды және есепке алуды;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қолданылып жүрген бұйрықтарына сәйкес алдын алу медициналық тексерулерi мен диспансерлеудi ұйымдастыру жөнiндегi дайындық iс-шараларын;
      3) диспансерлiк қадағалаудағы адамдарды рецидивке қарсы емдеу, оның iшiнде физиотерапевтiк және процедуралардың басқа да түрлерiн босатуды;
      4) кәсiподақ ұйымымен бiрлесiп, кәсiптiк-техникалық мектептердiң әкiмшiлiгiнiң оқушылардың денсаулығын сақтауға, олардың оқу-еңбек қызметi мен демалыс режимi мен жағдайын жақсартуға бағытталған iс-шараларды орындауын бақылауды;
      5) оқушылардың арасында, оларды денсаулық топтары бойынша бөле отырып, дене шынықтыру сабақтарының жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыруды;
      6) санитарлық-ағарту жұмысын;
      7) осы кәсiптiк мектеп, лицей және колледж бекiтiлген емдеу-алдын алу ұйымдарындағы кеңестерде, сондай-ақ педагогикалық кеңестерде оқушылардың арасындағы емдеу-сауықтыру жұмысының нәтижелерiн талқылауды жүргiзедi.
      6. Жасөспiрiмдер терапевт дәрiгерiнiң (учаскелiк амбулаториялық-емханалық ұйым, ОАА терапевт дәрiгерiнiң) және санитарлық-эпидемиологиялық станция дәрiгерiнiң басшылығымен фельдшерлiк денсаулық пунктi эпидемияға қарсы iс-шараларды (алдын алу егулерi, инфекциялық науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау және қадағалау) жүргiзедi және оқу үй-жайларының, тамақтану объектiлерiнiң санитарлық жағдайына осы объектiлер қызметкерлерiне медициналық тексерулердiң жүйелi жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады.
      7. Фельдшерлiк денсаулық пунктi оқушыларды өзiне өзi және өзара көрсетуге оқытуды, сондай-ақ санитарлық постыларды дайындауды ұйымдастырады және жүргiзедi.
      8. Фельдшерлiк денсаулық пунктiнде СанЕжН N 02.01.003-95-ге сәйкес үй-жайлар жиынтығы болуы тиiс, ал медициналық жабдықтармен және қатты мүкәммалмен жарақтандырылуы кәсiптiк мектептердiң, лицейлердің және колледждердiң есебiнен қолданылып жүрген жабдықтардың табелiне сәйкес жүргiзiледi.
      9. Кәсiптiк мектептiң, лицейдiң және колледждiң әкiмшiлiгi қолданылып жүрген ережелерге сәйкес фельдшерлiк денсаулық пунктi үшiн санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретiн қажеттi үй-жай бөледi, оны жөндеудi, жинауды және коммуналдық қызметтер үшiн ақы төлеудi ұйымдастырады.
     10. Фельдшерлiк денсаулық пунктiнiң жұмысы емдеу-алдын алу ұйымының бас дәрiгерi бекiткен жоспар бойынша жүзеге асырылады.
     11. Фельдшерлiк денсаулық пунктi белгiленген тәртiппен есеп беру-есептiлiк құжаттамасын жүргiзедi, өз қызметтерi туралы есеп жасайды.
     12. Фельдшерлiк денсаулық пунктiнiң өзiнiң атауы және ол құрамына кiретiн емдеу-алдын алу ұйымының атауы көрсетiлген бұрыштама мөртаңбасы болады.

      Мамандар:
      Омарбекова А.Т.
      Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады