Байланыс формасы

Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 қазан N 1260 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының айналысын реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Төлем карточкаларын шығару қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптар (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін және Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 35-тармағын қоспағанда, олар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апталық мерзім өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қағидаларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап екі апталық мерзімде осы қаулыны және Қағидаларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2016  № 33(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны және Қағидаларды екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 24 тамыздағы 
N 331 қаулысымен бекітілген

Төлем карточкаларын шығару қағидалары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін
операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын
талаптар

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       1. Осы Төлем карточкаларын шығару қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптар (бұдан әрі - Қағидалар) төлемдерді төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асыру кезінде төлем карточкаларын шығару тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қағидалар заңды тұлғаның қызметкерлеріне ғана қызмет көрсетуге арналған осы заңды тұлғаның төлем карточкалары жүйелеріне қолданылмайды.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Қағидаларда «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Төлем туралы заң) 3-бабында, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) авторизация - эмитенттің төлемді төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асыруға рұқсат беруі. Авторизацияны алу рәсімі төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес белгіленеді;
      2) алдын ала төленген төлем карточкасы - ұстаушысына бастапқы ұстаушысы алдын ала енгізген және эмитенттің шоғырландырылған шотында есептелетін ақша сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыру және/немесе қолма-қол ақшаны алу мүмкіндігін беретін төлем карточкасы. Алдын ала төленген төлем карточкаларына микропроцессорлық карточка немесе осындай карточканың немесе арнайы электрондық құралдың ұстаушысына төлемдерді және өзге операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолжетімді ақша сомасы туралы ақпарат сақталатын өзге арнайы электрондық құрал жатпайды. Алдын ала төленген төлем карточкасында оның ұстаушысын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелер болмайды;
      3) алдын ала төленген төлем карточкасын толықтыру - эмитентке төлемдерді жүзеге асыру және/немесе қолма-қол ақшаны алу үшін бұрын шығарылған (қолданыстағы) алдын ала төленген төлем карточкасын пайдалану көзделетін шекте ақша сомасын алдын ала төленген төлем карточкасын шығарумен байланысты емес қосымша енгізу;
      4) байланыссыз төлем карточкасы - ұстаушысына төлемдерді операция жүргізу сәтінде төлем карточкасының және электрондық терминалдардың немесе өзге қондырғылардың нақты тиюін талап етпейтін, сымсыз байланыс технологиясын пайдалану негізінде байланыссыз тәсілмен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем карточкасы;
      5) банкомат - төлем карточкаларын ұстаушыларға қолма-қол ақшаны алуға және төлем карточкаларын пайдалана отырып эмитенттің басқа да қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін электронды-механикалық құрылғы;
      6) дебеттік карточка - ұстаушысына клиенттің банк шотындағы ақша сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік беретін төлем карточкасы. Дебеттік карточкасын ұстаушыға эмитент берген банктік қарыз сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыруына мүмкіндік беруге болады;
      7) дербес сәйкестендіру нөмірі - төлем карточкасын ұстаушыға берілетін және төлем карточкасын ұстаушыны сәйкестендіруге арналған құпия код;
      8) кәсіпкер - өзі жеткізетін тауарлардың және/немесе қызметтерді төлеу бойынша қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру үшін төлем карточкаларын қабылдайтын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
      9) клиент - эмитентпен төлем карточкасын беру туралы шарт жасасқан және банк шотының иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      10) корпоративтік төлем карточкасы - заңды тұлғаның уәкілетті өкіліне эмитент пен заңды тұлға-банк шоты иесінің арасында жасалған төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде берілетін төлем карточкасы. Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау заңды тұлғаның банк шотындағы ақша сомасы және/немесе осы заңды тұлғаға берілген банктік қарыз сомасы шегінде жүзеге асырылады. Корпоративтік төлем карточкасын ұстаушы заңды тұлғаның-банк-шоты иесінің уәкілетті өкілі болып табылады;
      11) кредиттік карточка - ұстаушыға эмитент пен клиент арасында жасалған банктік қарыз шартының талаптарымен эмитент берген банктік қарыз сомасы шегінде төлемді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем карточкасы;
      12) процессинг - төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және басқа да операцияларды жүзеге асырған кезде қалыптасатын ақпаратты жинауға, өңдеуге және беруге байланысты қызмет;
      13) процессинг ұйымы - процессингті, сондай-ақ төлем карточкалары жүйесіне қатысушылармен жасалған шарттарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын төлем карточкалары жүйесіне қатысушы;
      14) сауда чегі - төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыру фактісін растайтын құжат;
      15) слип - кәсіпкердің немесе эквайердің төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыру кезінде қағаз тасымалдағышта жасалатын төлем құжаты;
      16) төлемдік емес қосымшалар - төлемдерді жүзеге асырумен, қолма-қол ақша берумен және төлем карточкасында орналастырылатын/іске асырылатын банктік қызмет көрсетулердің өзге түрлерін көрсетумен байланысты емес қосалқы қосымшалар/функциялар;
      17) төлем карточкалары жүйесіне қатысушы - жасалған шарттарға сәйкес белгілі бір төлем карточкалары жүйесінің төлем карточкасын пайдалана отырып ақы төлеу кезінде жасалған төлем құжатын беру, өңдеу және/немесе орындау бойынша міндеттемелер туындайтын жеке немесе заңды тұлға;
      18) төлем карточкаларын беру - төлем карточкасын ұстаушыға эмитенттің төлем карточкаларын және олардың дербес сәйкестендіру нөмірлерін беру процесі немесе төлем карточкасын ұстаушыға эмитенттің оның деректемелері туралы ақпаратты беруі;
      19) төлем карточкаларын шығару - ұстаушыларына төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде не алдын ала төленген төлем карточкаларын беру кезінде мұндай шарт жасамай-ақ төлем карточкаларын беруді көздейтін операция;
      20) төлем карточкаларының жүйесі - төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттаманың және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
      21) төлем карточкасы - электрондық терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы, онда төлем карточкасын ұстаушыға төлемді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюталарды айырбастауға және төлем карточкасының эмитенті белгілеген әрі соның талаптарымен басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат болады. Төлем карточкасы дебеттік карточка және кредиттік карточка болып бөлінеді;
      22) төлем карточкасын беру туралы шарт - төлем карточкасы беруге негіз болатын эмитент пен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалатын шарт;
      23) төлем карточкасын бұғаттау - төлем карточкасын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға толық немесе уақытша тыйым салу;
      24) төлем карточкасын пайдалану - төлем карточкасын ұстаушысының ол не оның деректемелері арқылы төлемдер жасаумен, қолма-қол ақшаны алумен, валюталарды айырбастаумен байланысты операцияларды және төлем карточкасының эмитенті айқындаған және оның талаптарымен басқа операцияларды жүзеге асыруы;
      25) төлем карточкасын ұстаушы - төлем карточкасын беру туралы шартқа сәйкес төлем карточкасын пайдалануға құқығы бар немесе егер төлем карточкасы алдын-ала төленген болса, оған тікелей иелік етуші жеке тұлға;
      26) төлем карточкасының деректемелері - төлем карточкасының оның ұстаушысына және/немесе эмитентіне және төлем карточкаларының жүйесіне тиесілігін белгілеуге мүмкіндік беретін төлем карточкасындағы және/немесе эмитенттің ақпараттық жүйесінде сақталатын төлем карточкаларының нөмірін, қолданылу мерзімін, жүйесінің атауын қамтитын ақпарат;
      27) эквайер - төлемді төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырған кезде кәсіпкермен жасалған шарт талаптарына және/немесе кәсіпкерде жасалған төлем құжатының талаптарына сәйкес кәсіпкердің пайдасына келіп түскен ақшаны қабылдауға және/немесе кәсіпкермен жасалған шартта көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға тиісті банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - банк). Қолма-қол ақшаны беруді және/немесе осы банктің клиенттері болып табылмайтын төлем карточкаларын ұстаушыларға төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру жөніндегі өзге қызметтерді жүзеге асыратын банк те эквайер болып табылады;
      28) эмитент - төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыратын банк, бас банк немесе еншілес банк, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асырған банктің активтері мен міндеттемелері оған берілген жағдайда иеленуші банк;
      29) эмитенттің шоғырландырылған шоты - эмитент ашқан және алдын ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операцияларды есепке алуға арналған ішкі шот.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Төлем карточкаларын шығару

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 370 қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын тек қана Қазақстан Республикасының резиденттерi шығарады.
      6-1. Эмитент шығарған төлем карточкасында олардың арасындағы жасалған шарттарға сәйкес басқа тұлғалар іске асыратын қызмет көрсетулердің белгілі бір түрлерін ұсыну немесе есепке алу үшін пайдаланылатын төлемдік емес қосымшалар болуы мүмкін.
      Ескерту. 2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58 Қаулысымен.
      6-2. Эмитенттер алдын ала төленген төлем карточкаларын шығаруды, таратуды және қызмет көрсетуді Қағидаларға сәйкес өздері әзірлеген және бекіткен ішкі құжаттарының негізінде жүзеге асырады. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкаларын ұстаушылардың ақшасын есепке алу үшін эмитенттің шоғырландырылған шотын ашады.
      Ескерту. 2-тарау 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      6-3. Эмитент шығарған алдын ала төленген төлем карточкасының ең көп сомасы 200 000 (екі жүз мың) теңгеден немесе алдын ала төленген төлем карточкасын шығару күніндегі оның шетел валютасындағы баламасынан аспауға тиіс. Алдын ала төленген төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар осы тармақта белгіленген сома шегінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тарау 6-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58, жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      6-4. Эмитент белгіленген сомаға алдын ала төленген төлем карточкасын Қағидалардың 6-3-тармағында айқындалған мөлшер шегінде шығарады, оны алдын ала төленген төлем карточкасында көрсетуге болады. Белгіленген номиналы бар алдын ала төленген төлем карточкасы толықтырылуға жатпайды.
      Ескерту. Нұсқаулық 6-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      6-5. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6-6. Электрондық түрде шығарылатын және карточканың деректемелерінен тұратын алдын ала төленген төлем карточкасын қосымша толықтыруға және қолма-қол ақша алу үшін пайдалануға болмайды. Мұндай алдын ала төленген төлем карточкасын төлемдерді жүзеге асыру үшін пайдалануға клиенттің алдын ала төленген төлем карточкасын шығару кезінде банкке алдын ала енгізген ақша сомасы шегінде ғана жол беріледі.
      Ескерту. 2-тарау 6-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6-7. Бір төлемді оны бөлу/бөлшектеу арқылы ішінара не екі және одан астам төлем карточкасын пайдалана отырып толық жүзеге асыруға болмайды.
      Ескерту. 6-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Төлем карточкасын беру туралы шартта мына талаптар:
      1) төлем карточкасын беру талаптары, оның ішінде эмитенттің төлем карточкасын ұстаушыға немесе оның уәкілетті адамына төлем карточкасын және дербес сәйкестендіру нөмірін беру талаптары болады. Дербес сәйкестендіру нөмірін беру жөніндегі талап шығарылуы эмитенттің төлем карточкасын ұстаушыға оның деректемелері туралы ақпаратты ұсынуы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылатын төлем карточкасына қолданылмайды;
      2) төлем карточкасын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру талаптары;
      3) төлемдерді банк шотының валютасынан ерекшеленетін валютадағы төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырған кезде қолданылатын шетел валюталарын айырбастау бағамын белгілеу тәртібі;
      4) төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылған төлемдер және өзге де операциялар туралы үзінді-көшірмені ұсыну тәртібі;
      5) қосымша төлем карточкалары берілетін адамдардың тізімі немесе адамдар тізіміне сілтеме (төлем карточкасын беру туралы шарттың негізінде түрлі ұстаушыларға бірнеше төлем карточкасын берген кезде);
      6) төлем карточкасын алудың, бұғаттаудың және қайта шығарудың тәртібі мен талаптары;
      7) төлем карточкасының және/немесе төлем карточкасын беру туралы шарттың қолданылу мерзімі;
      8) клиенттің өтінішін қарау және клиентке төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған рұқсат етілмеген төлем бойынша зиянды өтінішті қарау және зиянды өтеу мерзімдерін көрсете отырып өтеу тәртібі;
      9) өтініштерді қарау және ықтимал зиянды өтеу мерзімдерін көрсете отырып, клиенттердің өтініштерін қарау тәртібі;
      10) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      11) тараптардың жауапкершілігі;
      12) клиенттерге төлем карточкасын беру туралы шартқа енгізілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы хабарлау тәсілі және қызмет көрсету комиссиясының мөлшері болады.
      Эмитент төлем карточкасын беру туралы шартты оның мазмұнын тікелей оқуды және оны төлем карточкаларын ұстаушылар үшін эмитенттің қолжетімді орнында және/немесе эмитенттің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ететін нысанда баяндауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың талабы бойынша қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады.
      Эмитент клиентке төлем карточкасын беру туралы шартта белгіленген тәсілмен, оның ішінде ақпаратты эмитенттің ресми интернет-ресурсында орналастыру және/немесе клиент көрсеткен электрондық поштаның мекенжайына, ұялы байланыс құрылғысына қысқа мәтіндік және/немесе мультимедиялық хабарлар жіберу арқылы хабарлайды, төлем карточкасын беру туралы шартқа енгізілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар және қызмет көрсету комиссиясының мөлшері туралы төлем карточкасын беру туралы шартқа сәйкес олар күшіне енгізілген күнге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын кешіктірмей хабарлайды.
      Эмитент хабарламада клиенттің төлем карточкасын беру туралы шартқа енгізілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар қолданылатын күнге дейін төлем карточкасын беру туралы шартқа сәйкес шартты бұзғаны үшін қосымша комиссияны төлеусіз оны бұзу мүмкіндігі туралы көрсетеді. Эмитент клиенттің өтініштерін, оның ішінде төлем карточкасын пайдаланумен байланысты даулы жағдайлар туындаған кезде төлем карточкасын беру туралы шартқа сәйкес белгіленген мерзімдерде, бірақ осындай өтініштерді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қарайды.
      Операцияны төлем карточкасын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің желісінде жасаған жағдайда, клиенттің өтінішін қарау мерзімдерінің эмитент осындай өтініштерді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асуына, бірақ күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге аспауына рұқсат беріледі, бұл туралы клиенттің өтінішін қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде клиентке жазбаша нысанда хабарланады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7-1. Төлем карточкасын беру және банк шотын ашу кезінде аралас шарт жасауға рұқсат беріледі, онда төлем карточкасын беру туралы шарттың, банк шоты шартының және (немесе) банк заемы шартының элементтері бар.
      Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85 Қаулысымен.
      7-2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін заем беру эмитент және клиент арасында жасалған банк заемы шартында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. Ереже 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85 Қаулысымен.
      8. Эмитент төлем карточкасын берген кезде төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын пайдаланудың ішкі құжаттарымен таныстырады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Жеке тұлға төлем карточкасын алған күннен бастап төлем карточкасының ұстаушысы болып табылады. Ұстаушының төлем карточкасын алуын оны алғанын куәландыратын құжаттағы төлем карточкасын ұстаушының қолы немесе ұстаушының төлем карточкасын алу фактiсiн растайтын өзге де айғақтама растайды.
      10. Төлем карточкасын беру туралы эмитент пен клиент арасында жасалған шарт негiзiнде жеке тұлғаларға бiрнеше қосымша төлем карточкаларын беруге рұқсат етiледі.
      11. Әр түрлі жеке тұлғаларға қосымша төлем карточкаларын берген кезде қосымша төлем карточкасын ұстаушы мен клиент арасындағы өзара қарым-қатынастар егер өзгедей төлем карточкасын беру туралы шартта белгіленбесе, аталмыш клиенттің талаптарына сәйкес белгіленеді.
      12. Эмитент айналыстағы төлем карточкаларының нөмірлері және өзге де деректемелері бар өзі берген төлем карточкаларының тізілімін жүргізеді. Эмитент берілген карточкалардың тізілімінде қосымша ақпараттың болуын және осы тізілімді жүргізу нысанын дербес айқындайды.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12-1. Эмитент клиентке оның төлем карточкасының қолданылу мерзімінің аяқталғаны жөнінде ол аяқталған күнге дейін күнтізбелік он күн бұрын төлем карточкасын беру туралы шартта белгіленген тәсілмен хабарлайды.
      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Карт-есепшот және эмитенттің шоғырландырылған шоты

      Ескерту. 3-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85 Қаулысымен.

4. Төлем құжаттарын жасауға қойылатын талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Кәсіпкердің төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асырған кезде төлем құжаты сатылған тауарлар немесе көрсетiлген қызмет үшiн ақша төлеу туралы кәсiпкердiң эквайерге берген нұсқауы болып табылады. Қолма-қол ақшаны алған кезде төлем құжаты ұстаушыға төлем карточкасы бойынша берiлген қолма-қол ақша сомасын өтеу туралы эквайердiң эмитентке немесе делдал банкке берген нұсқауын бiлдiредi.
      Эмитентке тиесілі банкоматтар арқылы төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыру кезінде жасалатын төлем құжаты төлем карточкасын ұстаушының эмитентке бенефициардың пайдасына ақша аудару туралы нұсқауын білдіреді.
      Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58 Қаулысымен.

      24. Төлем құжаты төлем карточкалары жүйесінің қатысушылары арасында электрондық түрде және/немесе қағаз тасымалдағышта жасалады және беріледі. Қағаз тасымалдағыштағы төлем құжатының негізінде жасалған электрондық төлем құжатында қағаз тасымалдағышта жасалған құжаттар үшін ғана міндетті болып табылатын деректемелерді қоспағанда, қағаз тасымалдағышта жасалған төлем құжатында көрсетілген барлық деректемелер болады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Төлем құжаттарын электрондық түрде жасауға және ұсынуға төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгiленген санкцияланбаған төлемдерден қорғау iс-әрекеттерi тәртiбiн сақтаған жағдайда ғана, Төлемдер туралы заңның талаптарына сәйкес рұқсат берiледi.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      26. Төлем құжаттары мемлекеттік тілде және/немесе орыс тiлiнде жасалады. Төлем құжаттарын жасау кезiнде өзге тiлдердi пайдалану мүмкiндiгi төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгiленедi.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      27. Төлем құжатында мына деректемелер:
      1) төлем құжатының нөмірі, оны жазу күні, айы және жылы;
      2) кәсіпкердің және/немесе эквайердің толық атауы (коды);
      3) төлем карточкасының деректемелері;
      4) төлем сомасы;
      5) төлем валютасы;
      6) төлем карточкасын ұстаушының қолы (қағаз тасымалдағышта жасалған төлем құжаттары үшін);
      7) кәсіпкердің немесе эквайердің уәкілетті адамының қолы (кағаз тасымалдағышта жасалған төлем құжаттары үшін);
      8) төлем мақсатының коды болады.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      28. Кәсіпкердің пайдасына төлемді жүзеге асыру үшін төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасалғанын растайтын төлем құжаттары эквайер және кәсіпкер арасындағы шартта белгіленген тәртіпте эквайерге беріледі.
      Төлем құжатында төлем карточкалары жүйесіне катысушылар арасында жасалған шарттарда белгіленген қосымша деректемелер болуына жол беріледі.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      29. Қағазда шығарылатын төлем құжаты кемiнде үш данада жасалады. Төлем құжатының бiр данасы кәсiпкерде қалады, екiншi данасы төлем карточкасын ұстаушыға берiледi, үшiншiсi эквайерге берiледi. Қолма-қол ақшаны берген кезде эквайерде төлем құжатының екi данасы қалады.
      30. Слиптi үш данада жасаған кезде, оның екi данасы көшiрме қағаз арқылы жасалады, слиптiң бiрiншi данасына оның қалған екi данасында көрiнетiн қол қоюға рұқсат етiледi. Сонымен бiрге слиптiң барлық үш данасында жеке қол қою талап етiлмейдi. Эквайерге ақша аудару үшiн слиптiң бiрiншi данасы қойылған қолдардың түпнұсқасымен берiледi.
      31. Егер ол төлем карточкасын ұстаушының тiкелей қатысуынсыз жасалған болса, кәсiпкердiң төлем карточкасын ұстаушының қолы қойылмаған слип жасауына жол берiледi. Төлем карточкасын ұстаушының қолы қойылмаған слип төлем карточкасын ұстаушының жеке басын анықтауға мүмкiндiк беретiн электронды құжаттың негiзiнде жасалады.
      32. Төлем карточкасын ұстаушының қолы қойылмаған слип жасауға телекоммуникация желiлерi бойынша, телефон бойынша немесе мұндай слип жасау мүмкiндiгiн көздейтiн, кәсiпкер мен клиент арасында жасалған шартқа сәйкес өзге тәсілмен берiлген хабар негiзiнде жол берiледi. Бұл ретте егер жоғарыда көрсетілген хабарды кiмнiң бергендiгiн дәйекті анықтау мүмкiн болмаса, мұндай жолмен жасалған төлем үшiн жауапкершілік кәсiпкердiң авторизация алған-алмағандығына қарамастан, кәсiпкерге жүктеледi.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      33. Қағазға шығарылған төлем құжатына кез келген түзету енгізуге жол берілмейді.

5. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға қойылатын талаптар

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       34. Ұстаушы төлем карточкасын тауарды, қызметтi сатып алу, сондай-ақ қолма-қол ақша алу, валюта айырбастау және оның эмитентi белгiлеген Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн талаптарда басқа да операциялар кезiнде төлем жасау мақсатында қолданады.
      Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасау тауар және қызметтi сатып алу кезiнде төлем карточкасын немесе оның деректемелерiн пайдалана отырып төлем құжатын жасау арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту: 34-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 қыркүйектегі N 328 қаулысымен.
      34-1. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын барлық төлемдер, алдын ала төленген төлем карточкаларын қоспағанда (клиенттің банк шотындағы ақша сомасы шегінде, сондай-ақ эмитент ұсынған заем сомасы шегінде) клиенттердің банк шоттарында көрсетіледі. Алдын ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемдер эмитенттің шоғырландырылған шотында көрсетіледі.
      Эмитент және клиент арасында жасалған төлем карточкасын беру туралы шарттың негізінде берілген төлем карточкаларының бір немесе түрлі жүйелерінде бірнеше төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған төлемдерді бір банк шотында көрсетуге рұқсат беріледі.
      Банк шотының валютасынан ерекшеленетін валютада төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асырған кезде эмитент төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыру кезінде жасалған эмитентке төлем құжаты келіп түскен күні мен уақытында эмитенттің қолданыстағы шетел валютасын айырбастау бағамын қолдана отырып клиенттің банк шоты бойынша көрсетуді жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      34-2. Байланыссыз төлем карточкасы пайдаланылатын 5000 (бес мың) теңгеден аспайтын операцияны дербес сәйкестендіру нөмірін енгізбей-ақ жүзеге асыруға жол беріледі.
      Ескерту. Ереже 34-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      35. Төлем карточкасын пайдалана отырып валюталық операциялар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген төлемдер «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      35-1. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 361 қаулысымен.
      35-2. Қазақстан Республикасының аумағында резидент банктiң төлем карточкаларын пайдалана отырып оның қызмет ету желiсiнде жүзеге асырылған төлемдер бойынша процессингтi осы банк және/немесе процессинг ұйымы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының аумағында резидент банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып басқа резидент банктерге қызмет ету желiсiнде жүзеге асырылған төлемдер бойынша процессингтi  процессинг ұйымы жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 35-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 371 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 91 қаулысымен.
      35-3. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 91 қаулысымен.
      35-4. Процессинг ұйымына эквайермен және кәсіпкерлермен жасалған шарттардың талаптарына сәйкес төлем карточкаларына қызмет көрсетудің меншікті желілерін құруына жол беріледі.
      Ескерту. Ереже 35-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      36. Төлем құжатын орындау үшін оны беру және ұсыну тәртібі 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім), Төлем туралы заңның талаптарына және төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес белгіленеді. Қағидалардың 36-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, эквайерден басқа, алушы банктің төлем құжатын орындауы оны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      36-1. Төлем карточкасын пайдалана отырып салықты немесе бюджетке басқа да міндетті төлемдерді банкоматтар арқылы жүзеге асыру кезінде жасалған төлем құжатын орындау эмитент оны алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      Ескерту. Ереже 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58 Қаулысымен.
      37. Егер төлем бiр валютамен жасалып, ал банк шоты басқа валютада жүргiзiлетiн болса, банк шотынан ақша алу төлем валютасы шот валютасына айырбасталғаннан кейiн жүзеге асырылады. Төлем валютасын шот валютасына айырбастау төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      38. Егер бұл талап эмитент пен клиент арасында жасалған төлем карточкасын беру туралы шартта көзделсе, эмитент авторизация сомасына банк шотындағы ақшаны бұғаттайды. Бұл жағдайда төлем карточкасын беру туралы шартта банк шотында ақшаны бұғаттау талаптары мен мерзімдері болады.
      Төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес эмитентке төлем құжаттары келіп түскен кезде эмитент шығарған төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операция бойынша эквайерге ақшаны өтеу үшін авторизация нәтижелері бойынша эмитенттің ақша сомасын төлеу бойынша міндеттемесі туындайды. Авторизация төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылмайды.
      Эмитентке клиенттің банк шотынан төлемдерді және ақша аударымдарын төлем карточкасын пайдаланубай жүзеге асыруға нұсқаулар келіп түскен кезде клиенттің банк шотынан клиенттің нұсқауларын орындау авторизация жүргізілген және банк шотында ақша бұғатталған операциялардың сомаларын шегере отырып, банк шотындағы ақша қалдығы шегінде жүзеге асырылады.
      Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар клиенттің банк шотындағы ақшаға тыйым салған немесе өндіріп алуды қолданған, сондай-ақ клиенттің банк шотындағы ақшаға тыйым салуға немесе өндіріп алуға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті шешімдері, сондай-ақ банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдері негізінде банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрған кезде, эмитентке уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың ақшаға тыйым салу немесе өндіріп алу туралы шешімдері келіп түскен күнге және уақытына дейін авторизация жүргізілген төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған төлем, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың ақшаға тыйым салу немесе өндіріп алу туралы шешімдері, сондай-ақ банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдері келіп түскен күнге және уақытына дейін жасалған, авторизацияны жүргізбей төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған төлемдер клиенттің банк шоты бойынша көрсетілуге жатады.
      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      39. Амортизация берiлгеннен кейiн эмитенттiң төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған жағдайда жазылған төлем құжатына ақы төлеу бойынша мiндеттеме пайда болады.
      40. Клиент өзінің банк шотында төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асырған кезінде жасалған төлем құжатын орындау үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз етеді. Қажетті ақша сомасын қамтамасыз ету, егер бұл олардың арасында жасалған шартта көзделса, эмитенттің клиентке берген банктік қарызы есебінен де жүзеге асырылады.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      41. Төлем карточкасын ұстаушыны дербес бірегейлендіру нөмірінің көмегімен бірегейлендіргеннен кейін ол төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған жағдайда сатып алынған тауар, көрсетілген қызмет немесе қолма-қол ақша алғаны үшін жұмсалған ақшаның орнын толтыру бойынша міндеттеме пайда болады.
      42. Төлем карточкасын пайдалана отырып шетел валютасын алу шетел валютасын өткізетін банктің бағамы бойынша алынатын шетел валютасы сомасына теңгемен төлем жасау арқылы жүргізіледі.
      Ескерту: 42-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 қыркүйектегі N 328 қаулысымен.
      43. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      44. Төлем карточкасын ұстаушыға төлемді төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырғаннан кейiн сауда чегi немесе төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жүзеге асырылған кезде жасалған төлем құжатының (слиптiң) данасы берiледі.
      Мұндай талап төлемді сауда чегі төлем карточкасын ұстаушының талап етуі бойынша берілетін байланыссыз төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асыруға қолданылмайды.
      Сауда чегі төлем карточкасын ұстаушыға қағаз тасымалдағышта не, сауда чегін қағаз тасымалдағышта беру мүмкіндігі болмаған кезде, оны қысқа мәтіндік және/немесе мультимедиялық хабарламалар арқылы карточканы ұстаушы көрсеткен электрондық почта мекенжайына және/немесе ұялы байланыс қондырғысына жіберу жолымен электрондық тәсілмен берілуі тиіс.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      45. Сауда чегінде мынадай міндетті деректемелер:
      1) құжат нөмірі, оны жазған күні, айы, жылы;
      2) кәсіпкердің немесе эквайердің атауы (коды);
      3) төлем сомасы;
      4) төлем валютасы;
      5) төлемді төлем карточкалары жүйесінде сәйкестендіретін авторизация коды немесе басқа код;
      6) төлем жүргізу уақыты;
      7) төлем карточкасының деректемелері қамтылады.
      Сауда чегіне қосымша деректемелерді енгізуге жол беріледі.
      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      45-1. Салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді банкоматтар не өзге де электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде төлем карточкасының ұстаушысына берілетін сауда чегінде Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген деректемелерден басқа мынадай қосымша деректемелер қамтылады:
      1) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі;
      2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
      3) бюджеттік жіктеулер кодының сандық мәнін көрсете отырып, салықтың немесе бюджетке төленетін басқа да төлемнің атауы;
      4) мемлекеттік кіріс органының коды;
      5) төлем мақсатының коды;
      6) комиссиялық сыйақының мөлшері (комиссия алынған жағдайда);
      7) көлік құралына салық төлеген жағдайда көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.
      Ескерту. Ереже 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28 N 58, 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз);  жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      45-2. Егер төлем карточкасын ұстаушы аталған төлемді Төлем туралы заңның талаптарына сәйкес, оның ішінде дербес сәйкестендіру нөмірінің көмегімен санкциялаған кезде немесе егер өзгеше эквайермен жасалған шартта белгіленбеген жағдайда, кәсіпкер төлем карточкасын ұстаушының сауда чегіне қол қоюын талап етпейді.
      Кәсіпкер клиент төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған кезде егер осы талап кәсіпкер мен эквайер арасында жасалған шартта көзделсе, оның жеке басын куәландыратын құжатты одан талап етеді.
      Кәсіпкер мен эквайер арасындағы шартта кәсіпкер өзінің қызметін жүзеге асыратын орындарда клиент төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған кезде оның жеке басын куәландыратын құжатты кәсіпкерге беру талаптары туралы клиентке арналған ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін талап қамтылады.
      Ескерту. 45-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      46. Төлем карточкасын пайдалана отырып жасалатын валюталық операциялар банк шоттары бойынша валюталық операцияларды жүргізуге «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      47. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 370 қаулысымен.
      47-1. Эквайер нақты уақыт режімінде өзіне тиесілі банкоматтар желісінің жұмысына мониторинг жүргізеді және оларды жұмыс жағдайында және іске қосылған күйінде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
      Нақты уақыт режимінде банкоматтар желісінің жұмысына мониторинг жүргізу мына іс-шараларды қамтиды:
      1) арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, банкоматтардың жұмысын бақылау;
      2) банкоматтардың жұмысындағы іркілістерді (техникалық ақауларды) және оларды пайдалану процесінде туындайтын өзге де проблемалық ахуалдарды жедел анықтау;
      3) банкоматтардың жұмысындағы іркілістердің (техникалық ақаулардың) және өзге де проблемалық ахуалдардың (техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етудің қосылмауы, байланыс арнасының бұзылуы, қолма-қол ақшаның, шығыс материалдарының (журналдық және чек таспасының) болмауы) себептеріне талдау жасау;
      4) банкоматтардың жұмысындағы іркілістердің (техникалық ақаулардың) және өзге сипаттағы проблемалардың уақтылы жойылуына мониторинг;
      5) банкоматтардағы қолма-қол ақшаның болуына және ақша қалдығына және олардың қолма-қол ақшамен уақтылы толтырылуына мониторинг;
      6) банкоматтардың жұмысындағы іркілістерді (техникалық ақауларды) анықтаған жағдайда эквайер банкоматтардың жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру және банкоматтардың жұмысындағы техникалық ақауларды немесе өзге сипаттағы проблеманы тудырған себептерді жою бойынша шұғыл шаралар қабылдайды.
      Эквайер банкоматтардың жұмысында орын алған іркілістердің (техникалық ақаулардың) барлық фактілерінің жэне оларды анықтау және жою күні мен уақытын көрсете отырып, оларды жою әдістерінің (тәсілдерінің) есебін жүргізеді.
      Эквайерге тиесілі банкоматтарға мынадай талаптар қойылады:
      1) банкоматтарда дербес сәйкестендіру нөмірін қауіпсіз (жасырын) теруге арналған жабдық орнатылады;
      2) банкоматтарда клиенттің түрін анық тіркеуге мүмкіндік беретін кемінде бір камера орнатылады. Камера тіркеген бейнелер кемінде күнтізбелік алпыс күн сақталады;
      3) банкоматтың ішкі бағдарламалық қамтамасыз етуі вирусқа қарсы бағдарламамен қорғалады.
      Ескерту. 47-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6. Төлем құжаттарын орындаудан бас тарту және
ақша қайтаруды жүзеге асыру

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      48. Төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асырған жағдайда жасалған төлем құжаты мынадай жағдайларда:
      1) төлем құжаты Қағидаларда белгіленген талаптарды және/немесе төлем құжаттарын жасау және ұсыну тәртібіне арналған шарттардың талаптарын бұза отырып жасалса;
      2) төлем құжатының жалған құжат белгісі болса;
      3) төлем заңсыз болса;
      4) төлем заңды бола тұрып, бірақ төлем құжаты эмитентке төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгіленген талаптар бұзыла отырып берілсе, орындауға қабылданбайды.
      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      49. Эмитент немесе эквайер төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлем құжатын орындаудан бас тартады.
      50. Төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасын пайдалана отырып сатып алынған тауарлардан немесе қызметтерден бас тартқан жағдайда кәсiпкер төлем карточкасын ұстаушыға ақшаны төлем карточкасын ұстаушының пайдасына қолма-қол төлемді жүзеге асыру арқылы қайтарады. Мұндай төлем жасаудың нысаны мен тәсiлдерi төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгіленеді.
      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      51. Егер төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда кәсiпкердiң ақшаны төлем карточкасын ұстаушыға қолма-қол төлем жасамай қайтару мүмкiндiгi көзделмесе, ақшаны қайтару қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жүргізіледі.
      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      52. Банк шотынан ақшаның қате алынғаны немесе банк шотына қате есептелгені анықталған жағдайда немесе санкцияланбаған төлем жасалған жағдайда, сондай-ақ төлем карточкасын жоғалтқан жағдайда клиент бұл туралы эмитентке тез арада хабарлайды.
      Эмитент клиенттің санкцияланбаған төлем жасағаны туралы хабарламасын алғаннан кейін хабарламаны алғаннан кейін жүзеге асырылған операциялардың орындалуын эмитент пен клиент арасындағы шартта көзделген мерзімдерде тоқтата тұрады және клиенттен алынған хабарламаның негізінде төлем карточкасының пайдаланылуын тоқтатады, сондай-ақ эмитент пен клиент арасында жасалған шартта көзделген тәртіпте төлемнің санкциялығын/санкциясыздығын анықтау жөнінде шаралар жүргізеді.
      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      52-1. Эмитент клиент төлем карточкасын пайдалана отырып операцияларды жүзеге асырмаған және эмитентке аталған факт туралы хабарлаған клиенттің банк шотынан/банк шотына ақшаны қате алған немесе есептеген кезде қате анықталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде клиенттің банк шотындағы ақша қалдығын ақша қате алынар немесе есептелер алдындағы жағдайға дейін қалпына келтіреді.
      Ескерту. 52-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      53. Төлем карточкалары жүйесiнiң қатысушылары арасындағы төлем жасауға және төлем құжатын орындауға байланысты шағым талабы Қазақстан Республикасының заңдарында және төлем карточкасы жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жасалады.

7. Ақша аударымы

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      54. Төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған жағдайда жасалған төлем құжатының негізінде аударым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында және олардың арасында жасалған шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      55. Эмитент төлем құжаты бойынша төлем жасауды кешіктірген жағдайда Қазақстан Республикасының заң актілерінде және төлем карточкасы жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарда көзделгендей жауап береді.
      56. Төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған төлемдер бойынша кәсіпкердің пайдасына келіп түскен ақшаны эквайердің есептеу талаптары мен мерзімдері олардың арасында жасалған шартта белгіленеді. Егер осы шартта кәсіпкерге ақша есептеу талаптары мен мерзімдері көзделмесе, эквайер кәсіпкердің пайдасына ақша түскеннен және/немесе кәсіпкердің пайдасына ақша түскені туралы үзінді-көшірмені алғаннан кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей ақшаны кәсіпкердің шотына есептейді.
      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      57. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ақша аударылған кезде төлем құжатын орындауға ұсыну мерзiмi төлем жүзеге асырылған төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгiленедi.
      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      58. Кәсiпкер егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидентi емес эквайердiң қызметiн пайдалануға құқығы жоқ.

8. Санкцияланған және санкцияланбаған төлемдер

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      59. Егер төлем жасау кезiнде төлем карточкасы оқшауланбаса, оның қолданылу мерзiмi өтпесе және төлем карточкасы төлемді жүзеге асыру үшiн төлем жүзеге асырылған төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес пайдаланылса, төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған төлем санкцияланған болып табылады. Төлемнiң санкциялығына қойылатын талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған төлем санкцияланбаған болып табылады. Жалған төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған төлемдер де санкцияланбаған төлемдер болып табылады.
      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      59-1. Төлем байланыссыз төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылған кезде эмитент байланыссыз төлем карточкасының ұстаушысымен жасалған шартта көзделген, санкцияланбаған төлемдерден қорғау іс-қимылдарын сақтауды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. Ереже 59-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      60. Төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкцияланбай пайдаланылғаны туралы хабар күшіне енгеннен кейін санкцияланбаған төлем жасалған жағдайда эмитент клиентке олардың арасында жасалған шартта көзделген тәртіппен санкцияланбаған төлем жасауға байланысты шығындарды өтейді.
      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      61. Төлем карточкалары жүйесінің қатысушыларының санкцияланбаған төлемді жүзеге асырғаны үшін жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заң актілерінде және төлем карточкасы жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгіленеді.
      62. Клиенттiң санкцияланбаған төлем жасағаны үшiн жауапкершiлiгi төлем карточкасын беру туралы шартта белгiленедi және эмитенттiң төлем жасағаны үшiн комиссияны қоса алғанда санкцияланбаған төлем сомасынан аспауы тиiс.
      63. Егер төлем карточкасында оның қолданылу мерзiмiне нұсқау болмаса, мұндай төлем карточкасын пайдалана отырып оның қолданылу мерзiмi басталғанға дейiн немесе ол аяқталғаннан кейiн жасалған төлем үшiн жауапкершiлiк эмитентке жүктеледi, бұл туралы эмитент пен клиент арасында жасалған шартта жазылуы тиiс.
      63-1. Эмитент төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын операциялар бойынша тиісті бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен не эмитенттің ішкі құжаттарында көзделген өзге де тәсілмен төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған санкцияланбаған операцияларды анықтау бойынша мониторинг жүргізеді. Эмитенттің процессинг ұйымына олардың арасында жасалған шарттың негізінде мониторинг жүргізуді тапсыруына жол беріледі.
      Ескерту. 63-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

9. Төлем карточкаларын оқшаулау және алып қою

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      64. Эмитент төлем карточкасын мынадай жағдайларда:
      1) төлем карточкасын ұстаушыдан төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкциясыз пайдаланылғандығы туралы хабарлама алғанда;
      2) төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасын беру туралы шартта көзделген өз мiндеттемелерiн орындамағанда;
      3) төлем карточкасын пайдалану қағидаларын бұзғанда;
      4) эмитент пен төлем карточкасын ұстаушы арасындағы шартта көзделген өзге негіздемелер бойынша оқшаулайды.
      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      65. Эмитентке төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкцияланбай пайдаланылғаны туралы хабарлаудың мерзiмдерi мен әдiстерi, сондай-ақ мұндай хабарламаның күшiне ену мерзiмдерi төлем карточкасын беру туралы шартта белгiленедi.
      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      66. Егер төлем карточкасын беру туралы шартта төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкцияланбай пайдаланылғаны туралы хабарламаның күшіне ену мерзімдері белгіленбесе, онда мұндай хабарлама оны эмитент немесе осындай хабарламаны қабылдауға құқығы бар төлем карточкалары жүйесінің өзге қатысушысы алған сәттен бастап күшіне енеді.
      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 N 205 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      67. Эмитент мынадай жағдайларда:
      1) төлем карточкасының қолданылу мерзімі аяқталғанда;
      2) төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын беру туралы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағанда;
      3) төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасын пайдаланудан бас тартқанда;
      4) төлем карточкасын беру туралы шартты бұзғанда төлем карточкасын ұстаушыдан алып қоюына жол беріледі.
      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

10. Үзінді-көшiрмелер жасау және ұсыну

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      68. Төлемдерді төлем карточкасын пайдалана отырып клиенттің банк шоты бойынша жүзеге асыруды растайтын құжат сауда чегі немесе ұсыну тәртібі төлем карточкасын беру туралы шартта айқындалатын клиенттің банк шоты бойынша үзінді-көшірме болып табылады.
      Эмитент клиенттің талап етуі бойынша клиент көрсеткен уақыт кезеңі үшін төлем карточкасын беру туралы шартқа сәйкес оған берілген төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған төлемдер туралы ақпаратты қамтитын үзінді-көшірмені оған береді. Үзінді-көшірме қағаз тасымалдағышта немесе электрондық тәсілмен ұсынылады және онда мынадай ақпарат:
      1) төлем карточкасының нөмірі қамтылады. Төлем карточкалары жүйелерінің және жасалған шарттардың талаптарына сәйкес төлем карточкасының нөмірін толық көрсетпеуге жол беріледі;
      2) есепті кезеңнің бастапқы және соңғы күні;
      3) әрбір төлемді төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асыру сомасы мен күні;
      4) төлем карточкасын пайдалана отырып төлемдерді жасағаны үшін клиенттен ұсталған комиссиялардың мөлшері қамтылады.
      Үзінді-көшірмеде эмитент пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген қосымша ақпараттың қамтылуына жол беріледі.
      Клиентке үзінді-көшірме төлем карточкасын беру туралы шартқа сәйкес айына бір рет өтеусіз беріледі.
      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      69. Клиентке берілетін үзінді-көшірмелерде эмитентті де айқындайтын деректемелер қамтылады.
      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

11. Қосымша талаптар

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      70. Белгілі бір жүйенің төлем карточкаларын немесе жаңа үлгідегі төлем карточкаларын шығаруды бастау немесе аяқтау күнінен бастап он жұмыс күні ішінде эмитент бұл туралы Ұлттық Банкті жазбаша түрде хабардар етеді. Хабарда мыналар көрсетіледі:
      1) төлем карточкаларын шығарудың басталған немесе аяқталған күні;
      2) төлем карточкалары жүйесінің атауы;
      3) төлем карточкасының түрі (магниттік жолақпен, интегралды микросызбамен, аралас немесе басқа).
      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      71. Банк Ұлттық Банкке өзi шығарған және қызмет көрсеткен төлем карточкалары туралы мәлiметтердi ұсынады. Аталмыш мәліметтерді беру нысанын және мерзімін Ұлттық Банк белгілейді.
      Ескерту: 71-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 қыркүйектегі N 328 қаулысымен.
      72. Ескерту: 72-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28. N 58 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      73. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады