Байланыс формасы

Ембi-5 елдi мекенiн Жем деп өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық мәслихаттың үшiншi сессиясы мен облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 23 ақпандағы N 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 25 сәуірде N 482 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11 бабының 4) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат және облыс әкiмi Шешім етеді:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мұғалжар аудандық мәслихаты мен әкiмiнiң, облыстық ономастикалық комиссиясының ұсыныстары қабылдансын және Мұғалжар ауданындағы "Ембi-5" елдi мекенi "Жем" деп өзгертiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы мемлекеттiк ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылсын.

      Облыстық Мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыс әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады