Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N№38 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 25 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 1 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1412

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы"  Z980339_  , 1999 жылғы 7 маусымдағы " Білім туралы ", 2000 жылғы 15 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы аударымдық және жай вексельдерге қатысты елтаңбалық алым туралы"  Z000122_  Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N№531  U000531_  "Қазақстанның Даму банкі туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1810  P001810_  "Қару айналымы саласында рұқсаттар беру үшін біржолғы алымдардың мөлшерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы №N 715  V991058_  "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне: 
      бюджет кірістерінің жіктемесіне: 
      "105410 Жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін алынатын алым" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
      "105411 Аударымдық және жай вексельдерге қатысты елтаңбалық алым"; 
      "202109 Түзету жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұсталатын түсімдер" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
      "202110 Қару айналымы саласында рұқсаттар беру үшін біржолғы алымдар"; 
      бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне: 
      "1.2.259.31 Коммуналдық меншікті сатып алу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
      "1.2.259.32 Заңды тұлғалардың акцияларын сатып алу"; 
      "4.2.263.61 Жергілікті деңгейде балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру бағдарламасын іске асыру" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 
      "4.2.263.61.30 Жергілікті деңгейде балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру бағдарламасын спорт мектептерінде іске асыру 
      4.2.263.61.31 Жергілікті деңгейде балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру бағдарламасын мектептен тыс ұйымдарда іске асыру 
      4.2.263.62 Жергілікті деңгейде мектеп олимпиадаларын өткізу"; 
      "6.9.258.35 Жәрдемақы есептеу, төлеу және беру бойынша қызмет көрсетуге ақы төлеу" деген жолдағы "жәрдемақы" деген сөз "жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "7.3.114.30 Атырау қаласының сумен жабдықтау және санитария жобасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "7.3.114.30.83 Жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен жергілікті деңгейде жобаны іске асыру";
     "13.9.105.40 Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     "13.9.105.42 Қазақстанның Даму банкінің жарғылық капиталына қатысу"; 
     бюджет шығыстарының экономикалық жіктемесіне:
     "2.4.460.462 Қаржы мекемелеріне күрделі трансферттер" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
     "2.4.460.463 Акционерлік қоғамдарға күрделі трансферттер".
     2. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап шығыстар жүргізілмейді деп белгіленсін:
     бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесінде мынадай бағдарлама бойынша:
     "1.2.259.80 Заңды тұлғалардың акцияларын сатып алу";
     бюджет шығыстарының экономикалық жіктемесінде мынадай ерекшеліктер бойынша:
     "441 Мемлекеттік қорларды құру үшін тауарлар сатып алу";
     "541 Мемлекеттік қорларды құру үшін тауарлар сатып алу";
     "542 Мемлекеттік қорларды құру үшін тауарлар сатып алу".
     3. Заң қызметі департаменті (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет департаменті (Е. Бахмутова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

     Министр  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады