Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен әділет органдарының өзара іс-әрекеттерінің тәртібі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2000 ж. 22 қаңтардағы N 7-17-5-2001, Әділет министрінің 2001 ж. 29 желтоқсандағы N 108 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 6 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1419. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 70, Әділет министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 183 бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен әділет органдарының өзара іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейтін заңнаманы сақтау жөніндегі тексерулерді жүргізу тетігін жетілдіру және қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес оларға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейтін заңнаманы сақтауы жөніндегі Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен әділет органдарының бірлескен тексерулерін жүргізу ережелері, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейтін заңдардың сақталуы жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында тексерулер өткізу жөніндегі 2001 жылғы бірлескен іс-шаралар кестесі бекітілсін.
      2. Бас прокуратураның Мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі департаменті, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары мен Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаменті, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әділет басқармаларының бастықтары (бұдан әрі - Департаменттер) "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  мен "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі және оларды мемлекеттік тіркеуді ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы  талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Бірлескен қызметті ұйымдастыру мен үйлестіру мәселелерін шешу, сондай-ақ осы мәселе жөніндегі жұмыстың жағдайын жылына екі рет қорытындылау Департаменттерге жүктелсін.
      4. Бас прокуратураның Мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі департаменті, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары:
      1) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейінгі мерзімде прокуратура органдары өткен тоқсанда наразылық білдірілген, күші жойылған және тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық кесімдер туралы ақпаратты Әділет министрлігіне және оның аумақтық органдарына жіберсін;
      2) мемлекеттік органдардың тіркелмеген нормативтік құқықтық актілерді қолдану фактілері анықталған жағдайда ол заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелгенге және жарияланғанға дейін мұндай нормативтік құқықтық актінің қолданылуын міндетті тоқтата тұрумен заңды бұзуды жою туралы тиісті ықпал ету актісін енгізсін, бұл туралы Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарына хабарласын.
      5. Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаменті, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әділет басқармаларының бастықтары:
      1) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейінгі мерзімде Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарында тіркелген нормативтік құқықтық кесімдер туралы, күші жойылған кесімдер және әділет органдары мемлекеттік тіркеуден бас тартқан кесімдер туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және оның аумақтық органдарына жіберсін;
      2) тіркелмеген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы, өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық кесімдері және жергілікті өкілді және атқарушы органдарының кесімдері анықталған кезде бұл туралы тиісті шаралар қабылдау үшін прокуратура органдарына дереу хабарласын.
      6. Есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейінгі мерзімде ай сайын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әділет басқармаларының бастықтары тіркелген, тіркелмеген, сондай-ақ наразылық білдірілген, күші жойылған, тоқтатыла тұрған және күшін жойған нормативтік құқықтық кесімдердің саны туралы облыстық прокуратура органдарымен бірлесе отырып, өзара салғастырулар жүргізсін.
      7. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарды олардың нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тәртібін реттейтін заңнаманы сақтауы жөніндегі ай сайынғы тексерулер жүргізу қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың прокурорларына тапсырылсын.
      Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде, аумақтық әділет органдарымен өзара салыстырып тексерулерді жүргізу үшін 6-тармақта көрсетілген ақпаратты облыстық прокуратура органдарына жіберсін.
      8. Аумақтық прокуратура және әділет органдары:
      - нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тәртібін реттейтін заңнаманың сақталуына бірлескен тексерулер жүргізсін;
      - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейінгі мерзімге осы бұйрықтың орындалуы туралы облыстық прокуратура органдары - Бас прокуратураға және аумақтық әділет органдары - Әділет министрлігіне хабарласын.
      9. Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 95 және Әділет министрінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 90 бірлескен бұйрығының  және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 21 тамыздағы N 61 бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      10. Жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының Орынбасары мен Әділет вице-министрі осы бұйрықты Бас Прокуратура мен Әділет министрлігінің барлық құрылымдық бөлімшелері басшыларының назарына жеткізсін және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
      11. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Даулбаевқа және Әділет вице-министрі А.Н. Котловқа жүктелсін.
      12. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының                Қазақстан Республикасының
  Бас прокуроры                            Әділет министрі

Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасының
2001 жылғы 22 қаңтардағы
N 7-17-5 бұйрығымен
және Әділет министрлігінің
2001 жылғы 29 желтоқсандағы
N 108 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу
тәртібін реттейтін заңнаманы орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың сақтауы жөнінде Қазақстан Республикасының прокуратура және әділет органдарының бірлескен тексерулер жүргізуінің қағидасы

      Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейтін заңнаманы орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың сақтауы жөнінде Қазақстан Республикасының прокуратура және әділет органдарының бірлескен тексерулер жүргізуінің осы қағидасы (бұдан әрі - қағида) "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы "  Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223  қаулысына  сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Қағида орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейтін заңнаманы сақтауы бөлігінде прокуратура және әділет органдарының бірлескен тексерулер жүргізуінің тәртібін белгілейді.
      2. Тексеру жүргізу кезінде прокуратура және әділет органдары Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы қағиданы басшылыққа алады.

2. Тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу

      3. Бірлесіп қызмет атқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіру Бас прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментіне және Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаментіне (бұдан әрі - Департаменттер) жүктеледі.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін және кірмейтін де орталық мемлекеттік органдарды тексеру бекітілген бірлескен іс-шаралар кестесіне сәйкес Департаменттермен бірлесіп, кейбір жағдайларда Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша жүргізіледі.
      5. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарды тексеру осы қағидамен белгіленген тәртіпте әзірленген бірлескен іс-шаралар кестесіне сәйкес әділет органдарымен бірлесіп аумақтық прокуратура органдарымен, сондай-ақ Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша - прокуратураның аумақтық органдарымен және Әділет министрлігінің тапсырмасы бойынша - аумақтық әділет органдарымен жүргізіледі.
      6. Орталық мемлекеттік органдарды тексеру жұмысына басшы немесе оның орынбасары, не Департаменттердің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары басшылық жасайды.
      Жергілікті өкілді және атқарушы органдарға тексеру жүргізу кезінде тексеруді прокуратура мен аумақтық әділет органдары басшыларының орынбасарлары немесе аумақтық органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары басқарады.
      7. Тексерушілер тобы (комиссиясы) тексерілетін мәселелердің мән-мағынасын ажыратуға және қарастырылып жатқан мемлекеттік тіркеу мәселесі бойынша консультациялық-әдістемелік, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жоюға көмек көрсетуге анағұрлым қабілетті тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жинақталады.
      8. Әрбір сапар прокуратура органдары мен әділет органдарының бірінші басшыларының қадағалайтын орынбасарларымен бекітілген алдын ала әзірленген тексеру (танысу) жоспары бойынша жүргізіледі.
      Тексеру жоспарлары Департаменттер басшыларының нұсқауы бойынша әзірленеді, олардың қолы қойылып, сапарға шыққанға дейін 10 күннен кешіктірмей прокуратура органдары мен әділет органдарының қадағалайтын орынбасарларына бекітуге ұсынылады.
      9. Әрбір тексеру прокуратура органдарымен тексеру жүргізу туралы қаулы шығарылғаннан кейін немесе әділет органдарымен тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылғаннан кейін жүргізіледі.
      Қаулының немесе бұйрықтың өзінде нөмірі және шығарылған күні, тексеруші органның атауы болады, тексеру тобының басшылары мен қатысушылары, тексеру мәні және тексеру кезеңі белгіленеді. Ол уәкілетті адамның қолы қойылып, елтаңбалы мөрмен куәландырылуы тиіс.
      10. Тексеру тексеру жүргізу туралы тиісті қаулыға не бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап, бір айлық мерзім ішінде жүргізіледі. Қажет кезде тексеруді тағайындаған прокурор жоғарыда тұрған прокурордың келісімімен және әділет органдары басшыларының келісімі бойынша оны жүргізуді ұзарта алады.
      11. Тексеру жүргізудің уақыты мен тәртібі туралы тексерілетін
органның басшылары мен комиссияның келуіне қарай тексерілетін мәселелер бойынша материалдарды дайындайтын заң қызметінің басшылары алдын ала хабарландырылады.
      12. Тексеру басталар алдында тексеруші топтың басшысы тексерілетін органның басшысына тексеру тағайындалғаны туралы (қаулы, бұйрық) кесімді көрсетеді.
      13. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейтін заңнаманың сақталуына тексеру жүргізу кезінде тексеру жүргізу туралы қаулыда көрсетілген кезеңде шығарылған:
      - жалпы міндеттілік мәні бар;
      - ведомствоаралық сипаты бар;
      - азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты;
      - олардың қолданылуы мерзіміне қарамастан (тұрақты немесе уақытша);
      - соның ішінде мемлекеттік құпияны сақтайтын мәліметтері немесе құпиялық сипаттағы мәліметтері бар актілер;
      - наразылық білдірілген, өзгертілген, тоқтатыла тұрған және күші жойылған актілер тексеруге жатады.
      14. Тексеру жүргізу барысында тексерілетін органның басшылары
тексерушілердің талаптары бойынша барлық ведомстволық актілерді
(бұйрықтар, қаулылар және т.б.) ұсынуды қамтамасыз етуге, қажет
жағдайларда талап етілген құжаттардың көшірмелерін әкеп беруге,
сондай-ақ мұрағатта жатқан құжаттарға қол жеткізілуін қамтамасыз етуге міндетті.
      15. Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтері бар актілерді тексеру қолданылып жүрген заңнамамен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

3. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі

      16. Тексеру нәтижелері бойынша ол аяқталғаннан кейін 10 күннен кешіктірілмей анықталған кемшіліктерді жою және жұмысты жақсарту жөнінде нақты ұсыныстармен бірге істің жай-күйі туралы анықтама үш данада дайындалады, оның біреуі тексерілуші органда қалдырылады, екіншісі прокуратура органдарына жіберіледі, үшіншісі әділет органдарында қалады.
      17. Анықтамада негізделуге және құжатты түрде расталуға тиісті (құжаттың күні және нөмірі, нормативтік құқықтық кесімнің атауы, оның мазмұны және басқа да мәліметтер) анықталған тәртіп бұзушылық фактілері дәйектілікпен, объективті түрде, анық және толық жазылады.
      Анықтамада сонымен бірге мемлекеттік органға анықталған кемшіліктерді жоюға қажет мерзім іші көрсетіледі.
      Анықтаманың мәтіні түрлі кестелермен және анықтамалық деректермен толтырылмауы тиіс, бұл мәліметтер жеке қосымшаларда ресімделеді.
      Анықтамаға анықтама алған күннен бастап 3 күн ішінде тексерушілер және тексерілетін органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қояды.
      18. Тексерілуші орган басшыларының тарапынан анықтама бойынша қарсылық немесе ескерту болған жағдайда олар өз қолдарының алдында түсініктемелері түсіріледі және жазбаша уәждемелі түсініктемелері мен ескертулері қоса беріледі.
      19. Тексерілетін органның басшысы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан кезде тексеруші топпен бұл туралы топ жетекшісі қол қоятын кесім жасалады. Мұндай кесімге қол қоюшы адамдардың арасында міндетті түрде прокуратура органының өкілі болуы тиіс.
      20. Тексеру нәтижелері Бас прокуратура және Әділет министрлігі басшыларының келісімі бойынша Бас прокуратура мен Әділет министрлігі алқаларының бірлескен отырыстарында талқылануы мүмкін.
      21. Анықталған тәртіп бұзушылықтар мен кемшіліктер жойылмаған жағдайларда әділет органдары қолданылып жүрген заңнамада белгіленген шараларды қолданады, не жеті күндік мерзімде прокуратура органдарына тиісті шаралар қабылдау үшін ұсыныс енгізеді.
      22. Прокуратура органдары жеті күндік мерзімде кесім қабылдаған (шығарған) органға мұндай нормативтік құқықтық кесімді заңмен белгіленген тәртіппен оның мемлекеттік тіркелуіне және жариялануына дейін күшін міндетті түрде тоқтата тұрып, заңды бұзушылықтың жойылғаны туралы тиісті ықпал ету актілерін енгізеді.
      "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының 23-бабына сәйкес прокурордың заңға сай емес нормативтік құқықтық кесімге немесе заңсыз кесім шығарған лауазымды тұлғаға, не жоғары тұрған органға немесе лауазымды тұлғаға наразылығы қабылданбаған жағдайда прокурор наразылық білдірілген кесімді заңсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.

Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасының
2001 жылғы 22 қаңтардағы
N 7-17-5 бұйрығымен
және Әділет министрлігінің
2001 жылғы 29 желтоқсандағы
N 108 бірлескен бұйрығымен
бекітілді

Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тәртібін
реттейтін заңнаманы сақтауы жөнінде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарында 2001 жылы тексеру жүргізу жөніндегі
бірлескен іс-шаралар кестесі

____________________________________________________________________
N № Қазақстан Республикасының орталық       Тексеру жүргізу мерзімі
     атқарушы және өзге де орталық
         мемлекеттік органдары
____________________________________________________________________
1.  Ұлттық қауіпсіздік комитеті                             I тоқсан
2.  Қазақстан Республикасының Статистика                   ІІ тоқсан
    жөніндегі агенттігі 
3.  Қазақстан Республикасының Көші-қон                     ІІ тоқсан
    және демография жөніндегі агенттігі
4.  Экономика және сауда министрлігі                       ІІ тоқсан
5.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау                   ІІ тоқсан
    министрлігі
6.  Білім және ғылым министрлігі                          ІІІ тоқсан
7.  Энергетика және минералды ресурстар министрлігі       IІІ тоқсан
8.  Мемлекеттік кіріс министрлігі                         IІІ тоқсан
9.  Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды       IІІ тоқсан
    реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын
    бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет          IV тоқсан
    істері жөніндегі агенттігі
11. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау      IV тоқсан
    және реформалау жөніндегі агенттігі
12. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын             IV тоқсан
    басқару жөніндегі агенттігі 
13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды      IV тоқсан
    қорғау жөніндегі агенттігі
____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады